Көксерек - табиғаттың тағы перзенті тақырыбына шағын шығарма жазу
Сабақтың тақырыбы
М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі
Сабақ түрі
Жинақ сабақ
Сабақ типі
Қайталау сабағы
Әдіс-тәсіл
Кубизм әдісі, сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаты
Білімділік
«Көксерек» әңгімесінің мазмұнын қорытындылау; шығарманың тақырыбы, идеясы және мазмұнына талдау жасауға бағыттау.
Дамытушылық
Шығарманы талдау арқылы өз ойын дәлелдеп қорғау, нақты әрі жүйелі сөйлеу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік
Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру; табиғатты, қоршаған ортаны аялауға және табиғат заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Жазушының портреті
- Слайд материалдары
- Бейнефильм («Көксерек»)
- Үлестірме карточкалар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сынып тазалығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы: М. Әуезовтің өмір жолын зерттеу (слайд арқылы қысқаша таныстыру).
Оқушылар назарын тақтадағы бейнефильмге аударамыз: «Көксерек» фильмі.
Мұғалім сөзі
Бүгінгі сабағымыз — М. Әуезовтің шығармашылығын талдауға арналған сабақтарымыздың жалғасы. Әуезов әңгімелерінің ішінде тілі көркем, ойы терең туындылардың бірі — «Көксерек». Бүгін біз шығарманы қорытындылап, негізгі идеясы мен көркемдік өзегіне қайта ораламыз.
Алдымен, мәтінді қаншалықты меңгергендеріңді байқау үшін кубизм әдісі бойынша дайындалған сұрақтарға жауап бересіңдер: оқушы кубикті лақтырып, түскен тапсырманы орындайды.
Кубизм әдісі: 7 қырынан талдау
1) Суреттеп бер
Көксеректің портреті қандай?
2) Салыстыр
Дала қасқыры мен Көксеректі салыстыр.
3) Зертте
Қасқыр туралы не білесің?
4) Қолдан
Көксерек туралы адамдар не айтады?
5) Елестет
Құрмаштың ең соңғы ойы қандай болды?
6) Талда және қолдан
Көксеректің қатыгездігін қай тұстардан байқадың?
«Мені түсін» ойыны
Ойын шарты: Тақтаға 4 оқушы шығып, ортадағы үстелге отырады. Әр үстелге бір көрініс беріледі, оқушылар сол эпизодты түсіндіріп, негізгі ойды анықтайды.
A үстелі
Көзі ашылмаған күшіктің Құрмаштың қойнынан табылуы.
Ә үстелі
Ауыл адамдарының жеті күшікке жасаған зәбірі.
Б үстелі
Зіңгіттей көк шолақ қасқыр болған шағында қара ала төбетпен айқасы.
В үстелі
Қой бағып жүрген Құрмашқа қасқырдың шабуы.
«Әже зары» және семантикалық карта
Семантикалық карта арқылы «Қай кейіпкердің сөзі?» тапсырмасы орындалады. Оқушылар кейіпкер сөзін мәтіндегі жағдаймен байланыстырып, дәлел келтіреді.
Мақал-мәтелдерді талдау
- «Қасқырды қанша бақсаң да, тауға қарап ұлиды».
- «Қасқырды қасқыр қылатын да — адам».
- «Қасқыр қасқырлығын істемей қоймайды».
- «Қанша өсірсең де, ит болмайды».
Тапсырма: мақал-мәтелдердің мағынасын шығарма оқиғаларымен байланыстырып түсіндір.
Жазылым тапсырмасы
Эссе тақырыбы: «Құрмаштың қайғылы тағдыры»
Нұсқау: оқиға желісіне сүйеніп, Құрмаш бейнесі арқылы авторлық идеяны ашып жаз.
Бекіту: үлестірме парақтарымен жұмыс
1) Салыстыр
Көксеректің ауылдағы мінез-құлқы мен даладағы еркіндіктегі мінез-құлқын салыстыр.
2) Елестет
Егер адамдар қасқыр апанын бұзып, бөлтіріктерін өлтіріп, Көксеректі алып кетпегенде, оқиға қалай өрбуі мүмкін еді?
3) Суретте
Ауыл адамдарының Көксеректен көрген зардаптарын суреттеп жаз.
Қорытынды: ой толғау
Талқылау
Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме?
Шығармашылық
«Көксерек» әңгімесін сен қалай аяқтар едің?
Түйін
«Көксерек» бізді неге үйретті?
Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың қазасы — табиғаттың адамға берген жауабы секілді. Біз, екі аяқты пенделер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ. Адам мен табиғат арасындағы үйлесім сақталуы тиіс. Табиғат — Ана.
Табиғаттың сырын танып білейік,
Табиғаттың тілін ұғып көрейік.
Тыныштығын сақтап өмір-өзеннің,
Ізгіліктің шамын жағып жүрелік!
— Ш. Айтматов
Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады.
Бағалау
Оқушылардың жауап беру белсенділігі, дәлел келтіруі, мәтінмен жұмыс жасау дағдысы және жазылым тапсырмасындағы ой жүйелілігі бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
Тақырып: «Көксерек — табиғаттың тағы перзенті»
Шағын шығарма жазу: табиғат пен адам қатынасы, жауапкершілік, заңдылық және үйлесім тақырыптарын негізге ал.