Балаларды достық қарым - қатынасын тәрбиелеу, достыққа тәрбиелеу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Орал қаласы, №35 «Шұғыла» бөбекжайы. Ағылшын тілі мұғалімі — Джармагамбетова Гульбану Темирхановна. Ересек топтарға арналған жоспар.

Білім беру салалары

  • Қатынас
  • Таным
  • Әлеуметтік орта

Бөлімі

Ағылшын тілі

Тақырыбы

We are happy

Мақсаты

Балалардың ұлттық дүниетанымдық ұғымын кеңейту, сөздік қорын молайту және тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді үш тілде айтуға үйрету. Тілді үйренуге қызығушылығын арттыру.

Өткен тақырыптарды қайталау арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру; жаңа сөздермен таныстырып, білімін жетілдіру және тіл байлығын арттыру.

Міндеттері

Білім берушілік міндеті

Балаларға өткен тақырыптарды еске түсіру.

Дамытушылық міндеті

«We are happy» тақырыбы бойынша балалардың сөздік қорын кеңейту және белсендіру, ұжыммен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік міндеті

Балалардың достық қарым-қатынасын нығайту, өзара сыйластыққа және достыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс

  • Өткен тақырыптарды қайталау.
  • Бейнероликтер қарау.
  • Өлеңдерді жаттау, көркем шығармаларды оқу.