Еліктеу сөздерді қайталау
Сабақ тақырыбы мен жалпы сипаттама
Бұл сабақтың тақырыбы — еліктеу сөздерді қайталау. Сабақ сайыс форматында ұйымдастырылып, бұрын өткен материалды жүйелеуге және бекітуге бағытталған.
Мақсаты
- Білімділік: еліктеу сөздердің түрлері мен ерекшеліктерін қайталау арқылы білімді толықтыру, жетілдіру.
- Дамытушылық: ойлау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
- Тәрбиелік: адамгершілік, ізгі қасиеттерге және өнегелі ортаға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру деректері
- Сабақ түрі
- Сайыс сабақ, өткенді қайталау
- Оқыту формасы
- Жауынбай Қараев технологиясы
- Әдістер
- Жаттығу, топпен жұмыс, талдау, сұрақ-жауап, тест
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет
- Көрнекілік
- Сөзжұмбақ, плакат, үлестірмелі қағаздар, оқулық
Сабақтың барысы
- I. Ұйымдастыру: оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын бақылау.
- II. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту: орындалған тапсырманы тексеріп, негізгі ұғымдарды нақтылау.
-
III. Топқа бөлу: сайыс екі топ арасында өтеді:
I топЕліктеуішII топБейнелеуіш
Сайыс бөлімдері
- Үй тапсырмасын тексеру
- Қайталау — «Білім айнасы» (сұрақ-жауап)
- Деңгейлік тапсырмалар
- Сөзжұмбақ шешу
- Топ жетекшілерінің сайысы (фонетикалық талдау)
- Сөзжұмбақ шешу (екінші бөлім)
- Тест жұмысы
Үй тапсырмасы
335-жаттығу: көп нүктенің орнына тиісті еліктеуіш сөздерді қойып келу.
Қайталау: «Білім айнасы» (сұрақ-жауап)
- Біз қандай сөз табын өттік? Еліктеу сөз.
- Еліктеу сөз деген не? Әртүрлі құбылыстардың дыбысына, қимыл-әрекетіне еліктеуден туған немесе қимыл-әрекетті бейнелейтін сөздер.
- Құрамына қарай нешеге бөлінеді? Екіге.
- Дара еліктеу сөздің ережесін айт. Негізгі немесе туынды түбірден тұрады.
- Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Екіге.
- Еліктеуіш сөз дегеніміз не? Естілген дыбысқа еліктеу арқылы пайда болған сөздер.
- Табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын сөздер қалай аталады? Бейнелеуіш сөздер.
- -аң/-ең, -ың/-ің жұрнақтары жалғану арқылы жасалған еліктеу сөздер қандай? Туынды.
- Еліктеу сөздерден зат есім жасайтын жұрнақтар қандай? -ыл, -іл, -л, -ғыр, -гір.
- Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Екіге.
Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей
1-топ тапсырмалары
1) Еліктеу сөздерді етістіктермен тіркестіріп, сөйлем құра:
- Бұрқ-сарқ қайнады.
- Зыр-зыр жүгірді.
- Сатыр-сұтыр естілді.
- Гүрс етті.
- Шиқ-шиқ күлді.
- Сарт-сұрт жабылды.
- Зу-зу ете қалды.
- Қытыр-қытыр етті.
2) Еліктеу сөздерді құрамына қарай ажыратып жаз:
- Дара: тырс, қызараң, саңқ, қаңқ, маймаң.
- Күрделі: талпаң-талпаң, баж-баж.
2-топ тапсырмалары
1) Етістіктерді тиісті еліктеу сөздермен тіркестіріп, сөйлем құра:
- Жалт қарады.
- Шиқ-шиқ күлді.
- Тарс-тарс құлады.
- Дүрс-дүрс жүрді.
- Қытыр-қытыр шайнады.
- Сарт-сұрт соғылды.
- Желп-желп секірді.
2) Еліктеу сөздерді құрамына қарай ажыратып жаз:
Күрс, жылт-жылт, қыңқ, тапыр-тұпыр, сырт-сырт, жалп, сарт.
II деңгей
1-топ тапсырмалары
1) Еліктеуіш сөздердің мағынасын анықта:
- Қалш-қалш ету — мұздау, тоңу.
- Жүрегі дүрс-дүрс соғу — қорқу, қобалжу.
- Шақ-шұқ болу — ренжісу.
- Қалбалақтай жүгіру — қуану.
2) Тіркестерді қатыстырып сөйлем құра:
- Күбір-күбір сөйледі.
- Тырс-тырс тамшылады.
- Шарт-шұрт сынды.
2-топ тапсырмалары
1) Еліктеуіш сөздердің мағынасын анықта:
- Сақ-сақ күлді — күлкіні.
- Лек-лек болып жүру — адамның көптігі.
- Шыр-пыр болды — жаны ашыды, уайымдады.
2) Тіркестерді қатыстырып сөйлем құра:
- Күмбір-күмбір күй төкті.
- Тарс-тұрс атылды.
- Желп еткізді.
Сергіту сәті (жұмбақтар)
- Жай ғана сарт етіп жабылады, іздегенің ішінен табылады. Жауабы: сандық
- Қорбаң-қорбаң еткен, өмірі орманда өткен. Жауабы: аю
- Сырт-сырт еткен дыбысы — ояту оның жұмысы. Жауабы: сағат
- Жалт-жұлт етеді, жерге сіңіп кетеді. Жауабы: қар
- Тоқ-тоқ етіп тамағын ағаштан іздеп табатын. Жауабы: тоқылдақ
Сөзжұмбақтар
1-сөзжұмбақ: жасырын сөз — «Еліктеу»
- Қатты қорыққан кездегі қозғалыс: селк
- Қазанның жай қайнауы: бүлк
- Ең жіңішке дауыстың естілуі: шіңк
- Жөтелдің түрі: күрк
- Тамшының дыбысы: тырс
- Күлкінің түрі: кеңк
- Қасыңнан бір нәрсе өте шықты, қалай сипаттайсың?: зу
2-сөзжұмбақ: жасырын сөз — «Еліктеуіш»
- Сөз табы: еліктеу
- «Биік» сөзінің антонимі: аласа
- «Әдемі» сөзінің синонимі: көрікті
- Сөз табы: етістік
- Күшейткіш үстеу: өте
- «Тар» сөзінің антонимі: кең
- … не түгел болса, төбедегі келеді? ай
- Септік саны: жеті
- Қос сөздің сыңары: бала-шаға
Топ жетекшілерінің сайысы: фонетикалық талдау
1-топ: «Бұралаң»
Бұ-ра-лаң — 7 әріп, 7 дыбыс.
- Б — дауыссыз, ұяң
- Ұ — дауысты, жуан, қысаң, еріндік
- Р — дауыссыз, үнді
- А — дауысты, жуан, ашық, езулік
- Л — дауыссыз, үнді
- А — дауысты, жуан, ашық, езулік
- Ң — дауыссыз, үнді
2-топ: «Тырсыл»
Тыр-сыл — 6 әріп, 6 дыбыс.
- Т — дауыссыз, қатаң
- Ы — дауысты, жуан, қысаң, езулік
- Р — дауыссыз, үнді
- С — дауыссыз, қатаң
- Ы — дауысты, жуан, қысаң, езулік
- Л — дауыссыз, үнді
Тест жұмысы
Тест тапсырмалары оқулық бойынша орындалады.
Қорытынды, бағалау және келесі тапсырма
Сабақ соңында ұпай саны бойынша жеңген топ анықталып, жеңісі құттықталады. Оқушылардың жұмысы бағаланады.
Үйге тапсырма
- Еліктеу сөздерді қайталау
- 344-жаттығу
- Кестемен жұмыс
- «Балық аулауға барғанда» тақырыбына еліктеу сөздерді қатыстырып әңгіме жазу