Раушан гүл тапсырмасы

Сабақ туралы мәлімет

Тақырыбы

«Шығамын білім шыңына!»

Сабақтың түрі

Танымдық ойын-сайыс сабақ

Әдістері

  • Сұрақ–жауап
  • Көрнекілік
  • Ізденушілік
  • Ойын
  • Құрастыру

Көрнекіліктер

  • Сөзжұмбақ
  • Бейнелі сөздер
  • Санамақ
  • Викторина
  • Интерактивті тақта
  • Тест
  • Ертегі есеп
  • Өлең есеп
  • Слайд

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың математикалық білімін және қабілеттерін тексеру, алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық

Өлең есептер, ертегі есептер және сөзжұмбақтар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

  • Пәнге қызығушылығын арттыру
  • Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру
  • Ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
  • Туған жер табиғатын сүюге және қорғауға баулу

Ұйымдастыру бөлімі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2 «Ә» сыныптар арасында өтетін «Шығамын білім шыңына!» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!

Сайысымыздың негізгі мақсаты — әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларын орындау арқылы білімді тереңдету және алған білімді пысықтау. Бүгінгі сайыста өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар ұсынылады. Дұрыс жауап үшін әр топқа бір-бір гүлден беріледі.

Сайысқа қатысатын топтар

  • «Алғырлар» тобы — озып шығып бәйге аламыз, аты аңызға айналған алғыр бала атанып, біз де ғалым боламыз.
  • «Білгірлер» тобы — мақтанбаймыз білгірміз деп, таудай біздің талабымыз; білгір бала атанып, келешекте үлкен ғалым боламыз.

Сайыс бөлімдері

  1. Бәйге
  2. Ағаш отырғызу
  3. Гүл отырғызу
  4. Құстардың тапсырмасы
  5. Қызықты (логикалық) тапсырмалар

Кіріспе: табиғатты қорғау туралы ой

Әуенмен елестету

Сабақты ерекше көңіл күймен бастау үшін көзімізді жұмып, әсем әуенге құлақ түрейік: жасыл дала, құлпырған қызыл гүлдер, сарқырап аққан мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, күлімдеген күн сәулесі.

Оқушылардың шумағы

Арайлап нұрлы таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырап әсем табиғат, Желекке бөлеп аймақты.

Сұрақ: «Қандай көрініс көріп тұрмыз?» Жауап: «Әсем табиғат».

Проблемалық жағдаят

Жаздың бір шуақты күнінде Асқар мен Болат ата-анасымен бірге көл жағасына демалуға барады. Шомылып болған соң анасы тамаққа шақырады. Тамақтан соң ойнайды. Кетер кезде әкесі қарбыз жарып береді. Қарбызға тойған соң балалар қабықтарын көлге лақтырып ойнайды. Анасы ыдыстарын жинағанымен, тамақ қалдықтарын көлге тастап, айналадағы қоқысты жинамай, «Тез машинаға отырыңдар, үйге қайтамыз» дейді.

Табиғат қоқыстанып, ластанады. Оны тазалау үшін әрқайсымыз үлес қосуымыз керек: тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы «әдемі табиғатты» қоқыстан тазартып отырамыз.

Табиғатты таза ұстасақ — су да, ауа да таза болады. Таза ауамен дем алсақ, денсаулығымыз да мықты болады.

Дәйексөз (жолдау мазмұны)

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында: «Қазақстан ауасы таза, суы — мөлдір, жасыл желекке айналуы тиіс», — деген болатын.

Сұрақ: «Даламызды жасыл желекке айналдыру үшін қандай үлес қоса аламыз?» Жауаптар: қоқысты жинау, ағаш отырғызу, гүл егу.

1-бөлім: «Бәйге»

Ей, балалар, қане бері қараңдар! Сайысымызды бастайық, бәйгедегі тапсырманы лезде шешіп тастайық.

«Алғырлар» тобы

  • Ең кіші үш таңбалы сан100
  • Қабырғалары тең тік төртбұрышШаршы
  • 3 ондық, 4 бірлік34
  • 1 дециметрде неше сантиметр бар?10 см
  • 1 сағатта неше минут бар?60 минут

«Білгірлер» тобы

  • Ең үлкен екі таңбалы сан99
  • Геометриялық фигураТөртбұрыш
  • Бұрыш түріСүйір
  • Бір аптада неше күн бар?7 күн
  • Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз?Шеңбер

2-бөлім: «Ағаш отырғызу»

Ағашты дұрыс отырғызбасақ, ол дұрыс өспейді. Бұл бөлімде тапсырманы дұрыс орындау — ағашты дұрыс отырғызумен тең.

«Алғырлар» тобы

  • 90 + 10100
  • 72 + 274
  • 25 + 328
  • 40 − 2020
  • 24 + 226
  • 38 − 830

«Білгірлер» тобы

  • 80 − 5030
  • 70 − 1060
  • 24 + 327
  • 47 − 740
  • 35 + 237
  • 56 + 157

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар Үп-үлкен боп өседі.

3-бөлім: «Гүл отырғызу»

Гүл егу — күтімді қажет ететін іс. Бұл бөлімде тапсырманы дәл орындау — гүлді баптап өсірумен тең.

Қызғалдақ тапсырмасы («Алғырлар» тобы): ертегі есеп

Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға көшкенде, ұрылар кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болады.

Кемпір оларды алдауды ойлап, бір шелек суды сапырып отырып, былай деп өлеңдетіпті:

Сапырып-сапырып Арманға бер, Құйып-құйып Алмасқа бер, Есіктегі екеуге бер, Төрдегі төртеуге бер, Өзің іш те маған бер.

Мұны естіген ұрылар: «Бұл үй толы кісі екен, әрі бізден екі есе көп. Кетейік», — деп қашып кетіпті. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытады.

Сұрақ: Үйде неше адам болған? Жауап: 10 адам.

Қызғалдақ тапсырмасы («Білгірлер» тобы): ойлан, тап!

Ертеде бір ағаштың 12 бұтағы болыпты. Әр бұтағында 30-дан жапырақ бар екен. Жапырақтың бір жағы ақ, бір жағы қара. Бұл не?

Жауап: жыл, ай, тәулік, күн мен түн.

Раушан гүл тапсырмасы («Алғырлар» тобы)

  • 45 − (4 ондық 5 бірлік)0
  • 68 − (6 ондық 8 бірлік)0
  • 93 − (9 ондық 3 бірлік)0
  • 257 − (2 жүздік 5 ондық 7 бірлік)0
  • 364 − (3 жүздік 6 ондық 4 бірлік)0

Раушан гүл тапсырмасы («Білгірлер» тобы)

  • 57 − (5 ондық 7 бірлік)0
  • 79 − (7 ондық 9 бірлік)0
  • 38 − (3 ондық 8 бірлік)0
  • 573 − (5 жүздік 7 ондық 3 бірлік)0
  • 644 − (6 жүздік 4 ондық 4 бірлік)0

4-бөлім: «Құстарды шақырайық»

Құстар — біздің досымыз, Біз қамқоршы боламыз. Құстарға ұя саламыз, Жем-су беріп жаз бойы, Балапанын бағамыз.

2-құс: Кептер (өлең есеп) — «Алғырлар» тобы

  • Көлден ұшты 50 қаз, қайтып қонды 20 қаз. Қонбағаны нешеу?

    Жауап: 30 қаз

  • 6 алманың 2-ін досың сұрап алады. Өз қолыңда нешеуі қалады?

    Жауап: 4 алма

  • 100 асықтың 30-ін досың сұрап алды. Өз қолыңда нешеуі қалады?

    Жауап: 70 асық

2-құс: Кептер (өлең есеп) — «Білгірлер» тобы

  • Аулада 60 үйрек, қорада 20 үйрек. 10 үйрек тығылды, 10 үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек?

    Жауап: 70 үйрек

  • 11 түйе, 5 жылқы, 2 сиыр, 1 ешкі, 2 қоян, 3 түлкі. Барлығы неше жануар?

    Жауап: 24 жануар

  • Табақта 55 алма, қолымда 5 алма. Барлығы неше алма?

    Жауап: 60 алма

5-бөлім: Қызықты (логикалық) тапсырмалар

3-құс: Сарышымшық тапсырмалары — тапқырлық пен логиканы талап етеді.

«Алғырлар» тобы

  1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны — 10. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
  2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?

«Білгірлер» тобы

  1. Таразы табақшасына тырна екі аяғымен тұрғанда 2 кг болады. Бір аяғымен тұрса, оның массасы қанша болады?
  2. Егер 1 килограмм алманың бағасы 100 теңге болса, жарты килограмм алманың бағасы қанша?

Қорытынды

Оқушылар, сендер тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар. Енді әр топтың қанша гүл жинағанын санаймыз.

Елбасымыздың жолдауына үн қоса отырып, табиғатымызды қорғай білейік. Оның гүлденіп, көркеюіне үлес қосайық. Табиғатты таза ұстау, ағаш отырғызу, гүл егу — болашақ ұрпақтың амандығына жасалған қамқорлық.

«Шығамын білім шыңына!» атты сайыс сағаты осымен аяқталды. Жеңімпаз топ анықталып, белсенді қатысып, білімін көрсеткен барлық оқушыларға алғыс айтамыз. Тыңдағандарыңызға рахмет!

Жезқазған қаласы, №3 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Абдраимова Жеңісгүл Әбибуллаевна

Математика (сыныптан тыс жұмыс), 2-сынып