Кім жүйрік. Кім жылдам

6-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» Сынып: 6 Формат: ашық сабақ (сайыс)

Мақсаты

  • Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой-өрісін кеңейту; озық ойлы оқушыны анықтау.
  • Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, білімге қызығушылығын арттыру.
  • Өз мүмкіндігін тиімді пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

сұрақ-жауап әңгімелеу аударма жаттықтыру

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, қазақ әдебиеті.

Сабақтың идеясы

Сабақ сайыс түрінде ұйымдастырылады. Оқушылар топқа бөлініп, білім мен тапқырлық бойынша жарысады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Ескерту: Бұл шара Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған мерекелік мазмұнмен байланыстырылып өткізіледі.

Сабақ барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сайысқа қатысатын 6 «Б» және 6 «В» сынып оқушыларын топтарға бөлу.
  • Шараның ашық екенін жариялау және ережемен таныстыру.

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгін біз «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сабағын ашық деп жариялаймыз. Бұл сабақта білім, тапқырлық және жылдам ойлау қабілеті сыналады.

II

Сайыс сабақ: кіріспе сөз

«Бәйгеге түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып, тәрбие-тәлім табар мән.
Бұл бәйге — ойдың бәйгесі, кім жүйрік ойға, сол — алда!»
Ой мен білім жарысына қош келдіңіздер!

Бағалау

Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Сайыс турлары

  1. 1Кім жүйрік?
  2. 2Кім жылдам?
  3. 3Алтын сандық
  4. 4Кім көп біледі?
  5. 5Капитандар сайысы

Турлар мазмұны

1) «Кім жүйрік?» — сұрақтарға жауап беру

Төмендегі сұрақтарға жедел жауап беріледі.

1. Бір жылда неше ай бар? (12)

2. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

3. ҚР-ның валютасы қандай? (теңге)

4. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы қандай? (домбыра)

5. «Алыс» сөзінің антонимі қандай? (жақын)

6. Жалғаудың неше түрі бар? (4)

7. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

8. «Мұғалім» сөзінің синонимдері қандай? (оқытушы, ұстаз)

9. Есімдік нешеге бөлінеді? (7)

10. Қазақтың батыр қыздары кімдер? (Әлия, Мәншүк)

11. Фонетика нені зерттейді?

12. Туымыздың көгілдір түсі нені білдіреді? (ашық аспан)

13. Абай Құнанбайұлы кім? (ақын)

14. Республиканың мемлекет басшысы кім? (президент)

15. Тәуелсіздікті қай жылы алдық? (1991 жылы, 16 желтоқсанда)

16. Еліміздің бұрынғы астанасы қай қала? (Алматы)

17. Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

2) «Кім жылдам?» — сөз құрастыру

Шарт

1 минут ішінде берілген сөзден мүмкіндігінше көп сөз құрастыру керек. Әр сөзге 1 ұпай беріледі.

Берілген сөз

АЛТЫБАҚАН

Топтар сөзді буындап емес, жаңа мағыналы сөздер құрастырады.

3) «Алтын сандық» — сөйлемдерді дұрыс құрастыру

Берілген сөздерді орын-орнына қойып, дұрыс сөйлем құрастырыңыз.

1. Ортасы, қыстың, қазір.
2. Жауады, жиі, қар.
3. Ұзарады, күн.
4. Қатайды, аязы, түннің.
5. Киінеді, жылы, адамдар, қыстыгүні.
6. Қарсы аламыз, Жаңа жылды, қыста.
7. Ақ, шыршалар, оранады, мамыққа.
8. Үлкен, қала, болашағы, Астана.
9. Күн, ұзарады, күзде, қысқарады, түн.
10. Жылы, ұшады, құстар, күзде, жаққа.

4) «Кім көп біледі?» — ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру

Ұпай ұяшықтары

10, 20, 30 ұпайлық ұяшықтар ұсынылады. Әр ұяшықта бір сұрақ болады.

Таңдау тәртібі

Оқушылар ұяшықтарды өздері таңдайды.

Қиындық деңгейі

Ұпай өскен сайын сұрақтар күрделене түседі. Егер ойыншы жауап бере алмаса, басқа ойыншыларға жауап беруге мүмкіндік беріледі.

5) «Капитандар сайысы»

Топ капитандары жеке тапсырмалар арқылы білімін және көшбасшылық қабілетін көрсетеді.

Сабақты қорытындылау

«Тілім — менің өмірдегі тілегім,
Тілімменен тарихымды білемін.
Сан ғасырлар қалыптасқан тілімді,
Қадірлеп те, қастерлеп те жүремін.»

Осымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сабағымыз аяқталды. Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз! Әрқашан биік белестерден көріне беріңіздер. Қош сау болыңыздар!