Қош келдің Алтын күз
Қош келдіңіздер!
Құрметті қонақтар! Бүгін Ақкөгершін тобының балалары дайындаған «Берекелі алтын — күз» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер.
Шақыру
Армысыздар, халайық! Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.
Көңіл-күй
Ән салыңдар, күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік, ойнайық.
Күздің белгісі
Күздің қазан айында алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
сыбдыр-сыбдыр етеді.
Алтын күздің берекесі
Күн суытып, жапырақтар түседі.
Астық-жеміс жиылды,
қамбамызға құйылды.
Қуандырып біздерді, кел, жемісті алтын күз!
Өлкемізге күз келді,
кемелденсін халқымыз.
Хор: «Күз — жомарт!»
Жеміс мол теретін — күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
жомарт екен күз деген.
Берекесін сыйлауға өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
шақырады біздерді.
Ақтарар мырза күз уылжыған жемісті.
Күзге біз де ризамыз — аянбаған ел үшін.
Алтын, сары, қызыл, көк — алуан-алуан жапырақ,
ағаштардан жамырап,
ұшты кенет жапырақ.
Көбейді құт-береке, астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке —
алтын күзді тойлаймыз!
Би
«Жапырақтар» биі: Гүлсезім, Назерке, М. Аяулым, Нұрсая.
Жемістер туралы тақпақтар
Тәрбиеші: Біздің балалардың жемістер туралы тақпақтары бар екен.
Ерлан — алма
Апорт деген алма бар — жер жаратын атағы.
Ондай алма қайда бар?
Алматы — оның отаны.
М. Аяулым — өрік
Мен өріктен ірімін,
алма, алмұртқа інімін.
Тәттілердің бірімін,
дастарханның гүлімін.
Сусыныңды қандырар —
салқын саумал шырынмын.
Нұрсая — алма
Пісіп тұрған алмамын,
тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме —
ісіп кетер маңдайым.
Гүлсезім — шие
Мен моншақты шиемін,
құмарсыңдар, білемін.
Кетіп қалып жүрмесін —
тамағыңа сүйегім.
Абылайхан — алмұрт
Тіл үйірген алмұртпын,
таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды
салғырт қараған әркім.
Алтын күз сахнаға келеді
Музыка әуенімен залға Күз кіреді.
Күздің сөзі
Алтын түске боялды — тау мен қырқa, дала, түз.
Келдім міне ортаңа,
менің атым — Алтын күз.
Тәрбиеші мен Күз
Тәрбиеші: Қош келдің, Алтын күз! Төрлет!
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Иә, мен — Алтын күзбін.
Қараңдаршы, айналаның бәрін алтын түске бояп қойдым.
Менің жемістерім, көкөністерім, дән-дақылдарым — бәрі осында.
Хор: «Сары алтындай — Алтын күз!»
Неге «жомарт күз»?
Тәрбиеші: Күзді неге «жомарт күз» деп атайды?
Күз: Иә, мен жомартпын.
Мереке басы — ән болар, береке басы — дән болар.
Көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаға толтырдым.
Дән-дақылдар туралы тақпақтар
Айзат
Қамба толды астыққа — алғыс саған, Алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
қап-қап қауын алдық біз.
Нұрсая — бидай
Нан анасы — бидаймын,
нанды елге сыйлаймын.
Піскенімде мен қырда
қауызыма сыймаймын.
Бексұлтан — арпа
Қызыл мұртты арпамын,
ырыс-құтты арпамын.
Машинаға мініп ап,
малды ауылға тартамын.
Әсет — күріш
Күнге ғашық күрішпін,
күллі жұртқа ырыспын.
Аңқам кеуіп тұрған соң,
ала жаздай су іштім.
Нұрдәулет
Жетті желмен Алтын күз — жеміс жинау салтымыз.
Жиып-теріп болған соң,
той жасайды халқымыз,
елге бәрін сыйлайды.
Бибінұр
Астық-жеміс жиылды,
қамбамызға құйылды.
Ардақты күз — мың алғыс!
Алдық өнім — сыйыңды.
Би
«Қолшатыр» биі: Айзат, Дана, Ұлжан, Жұлдызай.
Құстар туралы бөлім
Тәрбиеші: Күз мезгілінде құстар туған жерін қимай, жылы жаққа қайта бастайды. Балалар құстар туралы тақпақтарын айтады.
Мирас
Қош бол, өскен жеріміз,
айдын шалқар көліміз.
Аман болып тұрыңдар,
қамқор болған еліміз.
Жансұлтан
Қатерлі қыс өткенде,
қайтып келіп көктемде,
күнде думан құрармыз
күн шуағын төккенде.
Бауыржан
Сау-сау етіп жапырақ
сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырап,
көкте құстар тізілді.
Еркебұлан — торғай
Мен торғаймын, торғаймын,
суықтан да тоңбаймын.
Құрт-құмырсқа жәндіктен
бау-бақшаны қорғаймын.
Бекзат
Туған жерден кетерде,
қоңыр әнге салармыз.
Қош болыңдар бәрің де,
қимай кетіп барамыз.
Әбдірахман
Құстар қайтты ән салып,
бұлт шарлады аспанды.
Қыс келеді жар салып —
күзгі суық басталды.
Хор: «Біз — дәуірдің түлегіміз!»
Қорытынды
Құрметті қонақтар, бүгін Ақкөгершін тобының балаларының күз мерекесіне арналған ертеңгілігі аяқталды. Хош сау болыңыздар!
Мәлімет
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№2 «Айгөлек» балабақшасы
Тәрбиеші: Молдахан Мира Жақсылыққызы