Синонимдік қатарға енетін сөздердің бір сөз табынан жасалатынын айту

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Синоним туралы түсінік беру, жасалу жолдарын түсіндіру.
  • Синонимдік қатарлардың әртүрлі сөз таптарынан жасалатынын байқату.
  • Синонимдердің кез келген сөзбен бірдей тіркесе бермейтінін ұғындыру.

Дамытушылық

  • Ойды жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастыру.
  • Сөздік қорды байыту.
  • Шығармашылықпен жұмыс істеуге машықтандыру.

Тәрбиелік

  • Ана тілін сүюге тәрбиелеу.
  • Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге баулу.
  • Адамгершілік құндылықтарды нығайту.

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Үй тапсырмасы ретінде 68-жаттығу бөліп оқытылады. Тақтаға үлестірме қағаздармен екі оқушы шақырылады.

Қайталау сұрақтары (омоним)

  1. 1. Омоним дегеніміз не?
  2. 2. Омоним қалай жасалады?
  3. 3. Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы қандай?

Жаңа сабақты түсіндіру

Негізгі тұжырымдар

  • Графопроектор арқылы көрсетілген сөйлемдерді оқи отырып, синонимдердің дыбысталуы әртүрлі, ал мағыналары бір-біріне жақын болатыны түсіндіріледі.
  • Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі кез келген жағдайда жұмсала бермейтіні дәлелденеді.
  • Синонимдік қатарға енетін сөздер көбіне бір сөз табынан жасалатыны айтылады.

Жаңа сабақты бекіту

Ереже құрастыру

Оқушыларға синоним сөздер туралы ережені өздері тұжырымдап шығаруға бағыт беріледі.

Кітаппен жұмыс

  • 70-жаттығу: үш топқа синоним сыңарлары беріліп, тапсырма орындалады.
  • Синонимдік қатардағы сөздердің қандай сөздермен тіркесе алатыны талданады.
  • 71-жаттығу: үш топқа бөліп оқытылады; оқушылар өз ойларын айтып, берілген сөздердің синонимдерін табады.

Ойын: «Кім тапқыр?»

Мақсаты: жылдам ойлау және синонимдік қатар құрастыру

Тапсырма 1

Келесі сөздерге синонимдік қатар құрастырыңыз:

  • Биік
  • Мұғалім
  • Данышпан

Тапсырма 2 (сәйкестендіру)

Тақтадағы сөздерді синонимдерімен сәйкестендіріңіз:

Сол жақ

  • Ауру
  • Алыс
  • Шекер
  • Ажар
  • Дымқыл
  • Сырқат

Оң жақ

  • Келбет
  • Қант
  • Шалғай
  • Дидар
  • Сулы
  • Науқас

Нұсқау: жұптарды стрелкамен көрсетіңіз (дәптерде немесе тақтада).

Шығармашылық жұмыс

I топ

Берілген синонимдік қатарларды қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

Қатар

Ұшты, көтерілді, зымырады, самғады

Үлгі

Бүркіт алысқа ұшты, биікке көтерілді, оқша зымырап, көзге көрінбестей самғады.

Қатар

Бұрыннан, ертеден, атам заманнан

Үлгі

Қазақ халқы атам заманнан қалыптасқан дәстүрді ертеден бері сақтап келеді.

Қатар

Қадірлеу, сыйлау, құрметтеу

Үлгі

Ата-анаңды қадірлеу, ұстазыңды сыйлау, досыңды құрметтеу — адамгершілік.

II топ

«Әдептілік деген не?» тақырыбында ойтолғау жазыңыз. Төмендегі сөздерді қолдануға тырысыңыз:

Инабатты, ибалы, ізетті, сыпайы, мәдениетті

III топ

Берілген сөйлемнен синоним сөздерді тауып, олардың қай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз.

Нұсқау

Синонимдерді белгілеңіз, кейін әр сөздің сөз табын жазыңыз (зат есім, сын есім, етістік т.б.).

Жаңа сабақты қорыту

I топ

Синонимнің негізгі белгілерін жинақтап, топтастырыңыз.

II топ

Венн диаграммасы арқылы синоним мен өзге ұғымдарды салыстырыңыз.

III топ

Омоним мен синонимнің ұқсастықтарын табыңыз.

Үй тапсырмасы

  1. 1 75-жаттығу: синоним болатын сөздерді табу.
  2. 2 Бір, екі сөздеріне синонимдік қатар құрастыру.
  3. 3 Синонимдерді қатыстырып, өз жолдасыңызға мінездеме жазу.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы топтық белсенділігіне, тапсырмаларды дәл орындауына, сөйлеу мәдениетіне және шығармашылық жауаптарына қарай бағаланады.