Балалар ана деген кім

Құрметті қонақтар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар және аяулы қыздар! Баршаңызды мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздерден өскен балалар — батырлар мен даналар. Құрметті аналар, мерекелеріңіз құтты болсын!

Ән шашу

Бүгінгі алғашқы тартуымыз — сіздерге арналған ән шашу. Әлемнің бесігін тербеткен асыл жандар туралы жүрекжарды ән мен жыр ұсынылады.

Ән:
«Отырардағы той» — Қасымов Асет

Сұрақ

Балалар, «Ана» деген кім?

Ән:
«Ана туралы жыр» — Жиналин Темірлан

Аналар көктемгі гүлдей жарқырап, нұр шашсын! Гүл мерекелеріңіз құтты болсын!

«Ару қыздар» сайысы

Құрметті қонақтар, сыныбымызда өтетін «Ару қыздар» сайысын тамашалауға шақырамыз. Ендеше, бүгінгі сайыстың сәні болатын аруларымызды ортаға шақырайық.

Қатысушыларды таныстыру

Әсем

Жақсы оқудан бастаған, оқулығын ашқалы. Кіл «5»-тікпен келеді — Әсем қыз біздің ортада.

Жаңагүл

Көктемгі мерекеде жарқырайды көңілді. Еркелігі жарасқан — Жаңагүл біздің ортада.

Раушан

Өзі елгезек, ойы ұшқыр, тілі де өткір. Қара шашты, білімді, әрдайым ұяңдау — Раушанымыз алдыңызда.

Назкен

«Талапсыз жан мұратына жетпеген» — Назкен талапты әрі үлгілі. Оқу мен биден алдына жан салмайды.

Аружан

Мейірімді, жатсынбайтын, мақсаты айқын. Аружандай қызымыз бар ортада — қошеметтеп қол соғайық!

Арай

Мінезі бай, жайдары, ашық. Жастайынан поэзия оқуға ғашық — Арайымызды ортаға шақырамыз!

Қыздар — әр үйдің гүлі, ақ жан, сәбидің пәктігіндей мөлдір. Қандай теңеу айтсақ та аздық етеді: қыздар — әр шаңырақтың қызғалдағы.

Әділқазылар алқасы

  • 1-әділқазы

    Аманова Клара апай

  • 2-әділқазы

    Нұржанова Іңкәр апай

  • 3-әділқазы

    Түлгебайева Анагүл апай

Сайыс шарттары

  1. I

    Таныстыру

  2. II

    Өнерлінің өрісі кең

  3. III

    Дәм думан

  4. IV

    Батырлар жырынан үзінді

  5. V

    Сән үлгісі

  6. VI

    Сұрақ-жауап

Өнер қуған арулар алға озар, бір басына өнері жетер. Бәсекеге түскен алты ару өздерін кезекпен таныстырады.

Ән:
«Қыздар-ай»

Сайыстың өту барысы

I шарт — Таныстыру

Арулар кезекпен өздерін таныстырады. Ән әлдилеп, көңілге нұр құятын сәттерде аруларымыз биден шашу шашады — бәріміз қолдап, қошемет білдірейік.

II шарт — «Өнерлінің өрісі кең»

  • Ән: «Асыл-ана» — Раушан және Жаңагүл
  • Ән: «Асыл әжем» — Әсем
  • Би: «Опа гангнам стайл» — Аружан, Назкен, Арай

III шарт — «Дәм думан»

«Ас — адамның арқауы». Әрқашан ас бар жерде — өмір бар. Ендеше, «Дәм думанға» кезек беріп, арулардың тапсырмасын тамашалайық.

Арулар бұл кезеңді кезекпен орындайды.

IV шарт — Батырлар жырынан үзінді

Келесі кезең — батырлар жырынан үзінді оқу. Кезек қатысушы аруларға беріледі.

Ән:
«Ана» — Келдебай Дәурен

V шарт — Сән үлгісі

Сымбатына сән киімі жарасқан, аймен таласқандай ажарлы аруларымыздың сән үлгісін тамашалайық.

VI шарт — Сұрақ-жауап

Кімнің ұшқыр, кімнің білгіш екенін байқайық: аруларға сұрақ-жауап кезеңін ұсынамыз.

Қорытынды сөз

Енді аруларымыздың өнеріне әділ баға беретін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Аналар, арулар мен сұлу қыздар, мәңгі әсем гүл болып қалыңыздар! Шын жүректен құттықтаймыз! Ең бақытты, ең көңілді болыңыздар!

Осы сөзбен бүгінгі тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Құрметті қонақтар, алтын уақытыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп-көп рақмет!

Сау болыңыздар!