Көк түс - түркі халықтары үшін қасиетті ұғым
I бөлім. Ұйымдастыру
Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталады. Мұғалім тәрбие сағатының тақырыбын атап, мақсатын түсіндіреді.
Қызығушылықты ояту (ой шақыру)
- Отан деген не?
- Қазақстан қандай ел?
- Елорда қай қала?
1-оқушы
«Қазақстан — менің Отаным»
2-оқушы
«Әлем таныған — Қазақстан»
3-оқушы
«Астана — әсем қала»
II бөлім. Топқа бөлу
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ мемлекеттік рәміздердің бірін таныстырады және оның мән-мағынасын ашады.
1-топ
Туым — теңдігім
2-топ
Елтаңбам — елдігім
3-топ
Әнұраным — айбарым
IV бөлім. Топтық жұмыс
1-топ: Туым — теңдігім
Ту арқылы елді танимыз. Жер бетінде қанша мемлекет болса, сонша ту бар. Тудың түсі, жолағы, онда бейнеленген белгілердің барлығының өзіндік мәні болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы — көгілдір түсті тік төртбұрыш. Көгілдір түс бірлікті, ашық аспанды, тыныштық пен амандықты білдіреді. Бұлтсыз көк аспан көптеген халықтарда бейбітшілік пен жақсылықтың нышаны саналады. Геральдика тілінде көк түс адалдық, сенімділік, үміт сияқты адамгершілік қасиеттермен сабақтас. Ежелгі түркі тілінде «көк» сөзі «аспан» ұғымын білдіріп, түркі халықтары үшін қасиетті мәнге ие.
Нұрға бөленген алтын күн — тыныштық пен молшылықты бейнелейді. Күн — қозғалыс, даму, өсіп-өркендеу мен өмірдің белгісі. Тудың сабы бойымен ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ өтеді. Күн, күн сәулесі, бүркіт және ою-өрнек алтын түспен бейнеленген.
Мағыналық екпін
Қанатын жайған қыран — еркіндікке ұмтылыс пен биік мұраттың белгісі. Қалықтаған бүркіт дарқандықты, қырағылықты, арман-ойдың шарықтауын меңзейді. Ұлан-ғайыр кеңістікте самғаған қыран Қазақстан халқының асқақ рухын және жан дүниесінің кеңдігін танытады.
2-топ: Елтаңбам — елдігім
Елтаңба — мемлекеттің тарихи дәстүрін танытатын және негізгі нышандарын айқындайтын рәміз. Тәуелсіз елдердің барлығында өз елтаңбасы болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылғы 4 маусымда қабылданды. Авторлары — Жандарбек Мәлібеков және Уәлихан Шот-Аман.
Елтаңбаның негізгі түстері — алтын және көгілдір. Көгілдір аяда шаңырақ бейнеленіп, одан күн сәулесіндей уықтар тарайды. Бұл — Отанымызда тату-тәтті өмір сүріп жатқан көптеген ұлт пен ұлыстың бірлігін білдіретін ортақ үйдің нышаны.
Елтаңбаның маңызды бөліктерінің бірі — ертегідегі қанатты тұлпарлар. Жоғарғы бөліктегі бес бұрышты жұлдыз — бақытты өмірге бастайтын жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі бөліктегі «Qazaqstan» жазуы республиканың атауын көрсетеді.
3-топ: Әнұраным — айбарым
2006 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Әнұраны қабылданды. Ел жүрегіне жол тапқан, ұлттық құндылыққа айналған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Мемлекеттік Әнұран ретінде бекітілді.
Ән мәтінін Жұмекен Нәжімеденов жазған. Кейін Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен мәтінге бірқатар түзетулер енгізілді.
Неге әнұран маңызды?
Әнұран — ел рухын көтеретін қасиетті үн. Ол халықтың мұңы мен мұратын, қуанышы мен жігерін, қаһары мен қайратын біріктіріп, ортақ мақтаныш пен жауапкершілік сезімін оятады.
V бөлім. Сөз құрау ойыны
Берілген әріптерден сөз құрастырып, оны орыс тіліне аудару тапсырмасы орындалады.
Жиынтық 1
Т, О, Н, А
Жиынтық 2
Е, Т, К, Е, М, П
Жиынтық 3
Е, Ж, Р
Жиынтық 4
С, А, Н, А, Т, А
VI бөлім. Үй тапсырмасы
«Рәміздерім — мақтанышым» тақырыбында эссе жазу.
VII бөлім. «Ту кімге бұйырады?» ойыны
Ойын барысында оқушылар білімін сұрақ-жауап арқылы тексеріп, мақал-мәтелдердің жалғасын табады. Соңында қорытынды жасалады.
Сұрақ-жауап
- 1. Мемлекеттік рәміздерді ата.
- Ту, Елтаңба, Әнұран.
- 2. ҚР Әнұраны сөзінің авторлары кімдер?
- Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов.
- 3. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы қашан қабылданды?
- 1992 жылғы 4 маусым.
- 4. ҚР жаңа Мемлекеттік Әнұраны қашан қабылданды?
- 2006 жылғы 7 қаңтар.
- 5. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары кімдер?
- Жандарбек Мәлібеков, Уәлихан Шот-Аман.
- 6. ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім?
- Шәкен Ниязбеков.
Мақал-мәтелдер (жалғасын тап)
- 1. Отан отбасынан басталады.
- 2. Өз елім — өлең төсегім.
- 3. Отан үшін отқа түс — күймейсің, арың үшін алыссаң — өлмейсің.
- 4. Найзасыз ер болмайды, таңбасыз ел болмайды.
Ескерту: Мақал-мәтелдер сынып деңгейіне сай талданып, мағынасы түсіндіріледі.
VIII бөлім. Топтастыру
«Біздің міндетіміз» тақырыбында оқушылар мемлекеттік рәміздерге қатысты құндылықтарды топтастырады.
- көздің қарашығындай сақтау;
- құрметтеу;
- сүю;
- қастерлеу;
- мақтанышпен қарау;
- тұмардай сақтау.
IX бөлім. Рефлексия
Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
Бүгінгі сабақта нені оқып, нені үйрендік?
X бөлім. Бекіту
Тақырыпты бекіту: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Ту, Елтаңба, Әнұран.
XI бөлім. Қорытынды
Тыңдағандарыңызға рақмет!