Қорқыттың күйлерін ата

Сабақ тақырыбы

  • «Ұшардың ұлуы» — тыңдату
  • «Қорқыт – қобыз» — тыңдату

Мақсаты

  • Оқушыларға қобызға арналған күйлер және күй атасы — Қорқыт туралы түсінік беру.
  • Қобыз аспабын таныстыру, қобыз күйлері арқылы сана-сезімін және ой-өрісін кеңейту.
  • Өткен мен бүгінді сабақтастыра отырып, баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру.
  • Музыка арқылы адал, сезімтал, адамгершілігі жоғары, салауатты әрі инабатты ұрпақ тәрбиелеу.
  • Музыкалық қабілеттерін дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру.
  • Туған жер табиғатын сүюге, жан-жануарларға қамқор болуға баулу.

Көрнекілік және ұйымдастыру

Көрнекілік

  • Қобыз, домбыра
  • Слайд, үнтаспа
  • Қорқыттың суреті, қобыздың бейнесі

Сабақ түрі мен әдіс-тәсілдері

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, тірек-сызба, музыка тыңдау.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру

Үлкендерге — сіз,
кішілерге — біз.
Әдеппен бас иіп,
сәлем бердік біз.

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Психологиялық тренинг: өз есімінің алғашқы әрпінен басталатын бір қасиетін айту.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Нені білдік?

Күйші-композитор
Құрманғазы
Туған өңірі
Батыс Қазақстан
Әкесі
Сағырбай
Шәкірті
Дина
Күйлері
«Ақсақ киік», «Адай», «Балбырауын»
Еркіндік пен теңдік үшін күрескер тұлға.

Нені есімізде сақтаймыз?

  • Домбыра бөліктері: басы, құлағы, мойны, пернесі.
  • Ішегі, шанағы, тиек, түймесі.

Нені үйрендік?

И. Нүсіпбаевтың «Домбырасыз сән қайда» әнін орындау.

3) Жаңа сабаққа кіріспе

Әріптерден сөз құрау тапсырмасы: артық таңбаларды алып тастаса, «Қорқыт ата» сөзі шығады.

4) Қорқыт ата туралы мәлімет

Қобыздың атасы атанған Қорқыт баба VIII–IX ғасырларда қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі ағысында, Жанкент қаласы маңында өмір сүрген. Әкесі Қарақожа — оғыз тайпасының Баят руынан, анасы — қыпшақ қызы. Қорқыт — алдағыны болжаған көріпкел, әрі шебер күйші.

Ол қобызды бақсы-балгерлер мен кезбе дуаналардың қолындағы қарапайым құрал ретінде ғана емес, халықтық музыка аспабы деңгейіне көтере білді. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер өте көп.

Қобыздың жасалуы туралы аңыз

Қорқыт жасынан зерек болып өседі, аспаптардың көбінде шебер ойнайды. Адам мен жануар үнін, табиғат құбылыстары мен дыбыстарын жеткізетін жаңа аспап жасауды армандайды. Қарағайды кесіп әкеліп, жобасын жасайды, бірақ қалай аяқтайтынын білмей қиналады.

Бір күні шаршап отырып көзі ілініп кетеді. Түсіне періште кіріп: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетіспейді. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр», — деп кеңес береді.

Қорқыт ояна сала айтылғанның бәрін жасап, қобызды қолына алған сәтте, аспаптың үні сайрап қоя береді. Сол үнге табиғат та, ұшқан құс та, жүгірген аң да құлақ түре тыңдаған деседі.

5) Қобыз туралы

Қобыз түрлері

  • Қыл қобыз
  • Прима қобыз

Шығармашылық тапсырма

Ермексаздан қобыз аспабының үлгісін жасау.

6) Қорқыттың күйлері және тыңдау

Күйлерінен мысал

  • «Қорқыт»
  • «Аққу»
  • «Әуппай»
  • «Башпай»
  • «Желмая»
  • «Ұшардың ұлуы»

Оқулықпен жұмыс

«Ұшардың ұлуы» мәтінін оқу.

Тыңдалым

Үнтаспадан «Ұшардың ұлуы» күйін тыңдау.

Қосымша тыңдау

Гүлнұр Оразымбетованың орындауында «Қорқыт – қобыз» шығармасын тыңдау.

7) Қобыз дәстүрін жалғастырушылар

Ықылас Дүкенұлы — атадан балаға мұра болып келе жатқан қобызшылар әулетінен шыққан. Әкесі Дүкен — аса шебер қобызшы.

Күйлері: «Асанқайғы», «Ерден», «Бозторғай» және т.б.

Қорқыт ізін жалғастырып келе жатқан өнерпаздар

  • Саян Ақмолда
  • Ақерке Тәжібаева
  • Бекболат Тілеуханов (әнші, қоғам қайраткері)

8) Қорытынды сұрақтар

  1. Бүгінгі сабақта қай күйшімен таныстық?
  2. Қорқыт қай жерде дүниеге келген? (Картадан көрсету.)
  3. Қорқыт кім болған?
  4. Қорқыт қандай аспап жасады?
  5. Қобыздың түрлерін ата.
  6. Қорқыттың күйлерін ата.
  7. Бүгін Қорқыттың қай күйін тыңдадық?
  8. Қорқыттың ізін жалғастырушылар кімдер?
  9. Г. Оразымбетованың орындауында қандай шығарма тыңдадық?

Талдау

Венн диаграммасы арқылы салыстыру және қорытынды жасау.

Бағалау

Нотамен бағалау.

Үй тапсырмасы

  • Қорқыт туралы түсінік айтып келу.
  • Ит туралы мақал-мәтелдер жинақтау.