Мәтін бойынша сұрақ
Әдебиеттік оқу: сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Күлпаш» (Бейімбет Майлин).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушыларды Б. Майлиннің «Күлпаш» тарихи әңгімесімен таныстыру.
- Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық
- Сауатты әрі мәнерлі оқуға баулу.
- Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Ел тарихы туралы білімін кеңейту.
Тәрбиелік
- Өнер мен білімге сүйіспеншілігін арттыру.
- Ерлікке, батырлыққа, ел тарихын білуге және қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдіс-тәсілдер
- СТО технологиясының тәсілдері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілік арқылы түсіндіру
Көрнекілік
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындығын тексеру, оқу құралдарын әзірлеу.
- Көңіл күйді анықтау (смайликтер арқылы).
Сәттілік тілеу
Нұрлы жол болашаққа бастар жол,
Білімдіге қасиетті асқар жол.
Бүгінгі күнге сәттілік тілеген —
Айқын жол, сара жол.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Ілеспе сұрақтар арқылы тексеру жүргізіледі. Әр жауаптан кейін «сиқырлы әріптер» ашылып отырады.
Балалар, іске сәт! Үй тапсырмасына дайынбыз ба? Мен сендерге сенемін.
- Тоқаш Бокин не үшін күресті?
- Түрмеде оған қандай айып тағылды?
- Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсыңдар?
- Тоқашқа жолығуға кімді алып келді?
- Ол анасымен не туралы сөйлесті?
- Анасы Тоқашқа не айтты?
Оқулықтың 93-бетін ашыңдар.
3) Жаңа сабақ
Тақырып
Сабақтың тақырыбы: «Күлпаш».
Мақсат
«Күлпаш» әңгімесімен танысу, мазмұнын ашу және негізгі ойды анықтау.
Өлеңді оқу
Жырлағаным — кедейдің жыры,
Сырлағаным — кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір —
Мен дағы сол кедейдің бірі.
Мұғалім мәтінді оқып береді. Түсініксіз сөздерді белгілеп отырыңдар.
Оқушылар мәтінді тізбектеп оқиды.
4) Сергіту сәті (би терапиясы)
Сергіп ойнап бәріміз,
Жаттығуды жасайық.
Биді билеп сергіп ап,
Білімге білім қосайық.
5) Сөздік жұмысы
Дәптерге жазып алыңыздар.
- Өрім-өрім
- Тозған, жыртылған.
- Бөкебай
- Басқа тартатын шәлі.
- Ызғырық
- Суық жел.
- Өлмелі кедей
- Өте кедей.
6) Қорытынды сұрақтар (мәтін бойынша)
- Ел басынан өткен бұл оқиға қай кезеңде болған?
- Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?
- Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
- Қалидың халі сендерге қандай көңіл күй тудырды?
7) Бекіту
Суретпен жұмыс
Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрастырып айтады.
Түрткі сұрақ (ішкі ой)
Егер бұл оқиға қазіргі таңда болса, мен не істер едім?
Оқушылар өз ойларын жазып, ауызша бөліседі.
8) Үй тапсырмасы
- «Күлпаш» әңгімесін оқып, мазмұнын айту.
- Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде? Үлкендерден сұрап, біліп келу.
9) Бағалау
Оқушылардың жұмысы текшелер арқылы бағаланады.