Оқушылардың ертегі түрлері туралы білімдерін толықтыру

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Айгүл Кокогова

Сабақ тақырыбы: «Шибұт, Қылмойын, Қарынбас»

Бұл сабақ жоспары ертегінің түрлерін ажырату, мәтінді түсініп оқу, кейіпкерлерді сипаттау және оқиға мазмұнын өмірлік құндылықтармен байланыстыра талқылау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың ертегі түрлері туралы білімін толықтыру.
  • Танымдық білімін, білік-дағдысын дамыту.
  • Достыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
  • Сыни ойлау арқылы алған білімді өмірде қолдана алу дағдысын қалыптастыру.

Сабақта қолданылатын модульдер

Сабақ мазмұны төмендегі бағыттармен ұштасады:

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  • АКТ-ны (ақпараттық-коммуникациялық технологияларды) пайдалану
  • Талантты және дарынды балаларды оқыту
  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Әдістер мен көрнекіліктер

Сабақ әдістері

  • СТО (сыни тұрғыдан ойлау)
  • Диалогтік оқыту
  • Рөлдік ойын

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Сызбалар
  • Кеспе қағаздар
  • Слайдтар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Топқа бөлу

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

2) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Аман болып бәріміз,

Атсын күліп таңымыз!

Оқып-біліп өсейік,

Сұлу болып жанымыз.

3) Өткенді еске түсіру

«Сақина» ертегісі бойынша сұрақтар арқылы оқушылардың түсінуі тексеріледі:

  • Ертегінің кейіпкерлері кімдер?
  • Тауық шаруаға не деді?
  • Зергер қандай адам?
  • Сақина шаруа өміріне қандай өзгеріс әкелді?
  • Бұл ертегіден қандай қорытынды жасадық?

Оқыған ертегілерді жүйелеу:

1-топ

Жануарлар туралы ертегілер

2-топ

Қиял-ғажайып ертегілер

3-топ

Шыншыл ертегілер

4) Жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Оқулықтағы суретке сүйене отырып, келесі ертегінің атауы мен мазмұны туралы болжам жасалады.

II. Тұсаукесер

Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығы оянады:

  • Тағы бір ертегі оқығыларың келе ме?
  • Суреттегі кейіпкерлердің басынан өткен оқиғаны білгіміз келе ме?
  • Олай болса, ертегіні мұқият тыңдайық.

III. Негізгі бөлім

1) Ертегіні алғашқы оқу

Мұғалім ертегіні мәнерлеп оқиды.

2) Бөлімге бөліп оқыту

Әр топтан бір оқушы мәтіннің белгілі бір бөлігін оқып береді.

3) Дәптермен жұмыс (сөздік жұмысы)

Жаңа сөздер мен тіркестердің мағынасы талданып, дәптерге жазылады.

4) Топтық жұмыс: сурет бойынша кейіпкерді сипаттау

1-топ

Шибұт

2-топ

Қылмойын

3-топ

Қарынбас

5) Рөлдік ойын: ертегіні сахналау

Ертегі сахналанады. 3-топ та қойылымға қатысады. Рөлге енуі мен әртістік қабілеті бағаланады.

6) Ой қозғау

«Ұрлық түбі — қорлық» мақалының ертегідегі оқиғамен байланысын талқылау.

IV. Қорытынды бөлім

1) Кері байланыс

Сабақтың негізгі сәттерін қорытындылай отырып, «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс ұйымдастырылады.

2) Бағалау

Бағалау парақшалары арқылы оқушылардың түсіну деңгейі анықталады.

3) Үй тапсырмасы

«Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» ертегісін мазмұндау.