Таудан құлап

Ұйқасын тап (жұмбақтар)

Төмендегі тапсырма — ұйқас арқылы жауабын табуға арналған қысқа да ширақ жұмбақтар топтамасы. Әр жолдың соңындағы көп нүкте сенің ойыңды жетелеп, дұрыс жауапты іздетеді.

  • Тауда жүрген тарғыл аң, ол қайратты…

    Қабылан

  • Кезіп жүрген шаңдақты, көрдім жаңа…

    Қаңбақты

  • Өзінше ноян, қорқақ кім?..

    Қоян

  • Үкiсі бар қарыс, бунағы көп…

    Қамыс

  • Тұмсығымен шымшып, құрт тереді…

    Шымшық

  • Бата алмас түлкі, үсті тікен…

    Кірпі

  • Тастан тасқа секіріп, жем тереді…

    Кекілік

  • Көз алмай күнге алыс қарайды…

    Күнбағыс

  • Маңайын түгел көріп, биіктен қарайды…

    Керік

  • Түнде үйге ерек нұр шашып тұрады…

    Электр

  • Құйрығы он қарыс, бұл айбатты…

    Жолбарыс

  • Жүнін жайып өрнектеп, шиге орап тептік төпелеп. Сосын аштық көрмек боп, дап-дайын тамаша…

    Текемет

  • Өңеші кең таңдайын, дәнге тосты…

    Комбайн

  • Төменге қарамай, көкке өрлер…

    Қарағай

  • Алмастан тыным, шабады…

    Құлын

  • Жағасында бұлақ, жайылып жүр…

    Лақ

  • Уылжыған, албырт, дәмі ғажап…

    Алмұрт

  • Шабақ аңдып жағада, шарқ ұрады…

    Шағала

  • Сылдыр қағып, таудан құлап, жатыр ағып, мөлдір…

    Бұлақ

  • Аппақ доп тауып, шақырды ақ…

    Тауық

  • Қалғиған қос құлақты, теңбіл түрі көрікті. Мекен жері бұлақты, білесің бе…

    Елікті

  • Бақта өскен сәні бар, гүлі майда көрікті. Жемісі бар — дәмі бал, жақсы көрем…

    Өрікті

  • Дамыл таппай бір мезет, жортумен жүр сүр…

    Көжек

  • Көкте жарқылдап найзадай, от шашты шатынап…

    Найзағай

  • Күн жылынды, көктем кеп, жонның бәрі…

    Көкпеңбек

  • Жайқалып биыл шығыпты, тігіп ем былтыр…

    Шыбықты

  • Тор тоқып бермекші, өзі ескен жібімен әлде кімге…

    Өрмекші

  • Айбат шегер алыстан, аң патшасы…

    Арыстан

  • Бәрі бірдей жұмысқа шығатын кім?..

    Құмырсқа

  • Жүгіретін қуанып, бала біткен аңдыздап, қандай тәтті…

    Балмұздақ

  • Дертке дауа — шипалы, витаминді күш-қуат. Дәрмен құртпай жүйкені, ауылға бар — іш…

    Шұбат

  • Үні ғажап, дүлдүл — бақта сайрар…

    Бұлбұл

  • Орыннан орынға ауысқан, ұшқалақ қарала…

    Сауысқан

  • Есек құлақ — ол не?

    Құрақ

Ұқсас атаулар жайлы жұмбақтар

Бұл бөлімде бір сөздің әртүрлі мағынасы немесе бірдей айтылып, әр басқа ұғымды білдіретін атаулар туралы жұмбақтар берілген.

Ара

Бірі — ағаш кесу құралы,

Бірі — шырынды бал бұлағы.

Жауабы: Ара

Қамқа

Бірінен кисең — бөрікті,

Бірінен тігіп, киерсің киім көрікті.

Жауабы: Қамқа

Бұрыш

Санасаң, бір үйде төртеуі бар.

Қаласаң, ауызды өртейтін нәр.

Жауабы: Бұрыш

Өлең

Жел соқса — жайқалып толқиды.

Ел оқыса — тұла бойың балқиды.

Жауабы: Өлең

Аяқ

Бірі — ыдысқа керек,

Бірі — жүріске керек.

Жауабы: Аяқ

Оқу тәсілі

  • Алдымен жұмбақты дауыстап оқып, ұйқасына назар аудар.
  • Жауапты бірден қарамай, 5–10 секунд ойлан.
  • Таныс сөздер мен бейнелерді (жануар, өсімдік, табиғат құбылысы, тұрмыс заттары) байланыстырып көр.