Біржасушалы балдырлар

Сабақтың мақсаты мен ұйымдастырылуы

Тақырыбы

Біржасушалы балдырлар.

Түрі

Жаңа сабақ.

Әдісі және көрнекілігі

  • Әдістері: баяндау, сұрақ-жауап
  • Көрнекілік: плакат, суреттер

Оқу мақсаттары

  • Балдырлар туралы түсінік қалыптастыру арқылы білім беру.
  • Балдырларды құрылысына қарай жіктеп, білімді тереңдету.
  • Балдырлардың пайдасын түсіндіру және оларды қорғауға тәрбиелеу.

Үй тапсырмасын тексеру (қайталау сұрақтары)

  1. Өсімдіктерге тән ортақ белгілер қандай?
  2. Көбею дегеніміз не? Жыныссыз көбеюді қалай түсіндіресіз?
  3. Өсімді (вегетативті) және жынысты көбеюдің айырмашылығы қандай?
  4. Түр дегеніміз не?
  5. Өсімдіктерді жіктеуді сызбанұсқа арқылы түсіндіріңіз.

Жаңа сабақ: Біржасушалы балдырлар

Жоспар

  1. Балдырлар туралы жалпы шолу.
  2. Біржасушалы жасыл балдырлар.

Тіршілік ету ортасы

Балдырлар ылғалды ортада кең таралған: тоқтау суларда, өзендерде, теңіздерде, көлдерде, сондай-ақ топырақта да кездеседі.

тоқтау су өзен теңіз көл топырақ

Балдырлардың құрылысы: негізгі ұғымдар

Таллом

Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімдік денесі таллом деп аталады.

Жасуша құрылысы

  • Қабықшасы жақсы жетілген, кейде сілемейлі болады.
  • Цитоплазмада органоидтар орналасады.
  • Көбіне бір ядролы, вакуолі болады.

Хроматофор

Хроматофорлар 1–2, кейде бірнешеу болады; түсі әр түрлі болуы мүмкін: жасыл, қызыл, қоңыр, сары.

Балдырлардың түрлері

  • Біржасушалы балдырлар
  • Шоғырлы (колониялы) балдырлар
  • Көпжасушалы балдырлар

Көбею жолдары

өсімді жыныссыз жынысты

Біржасушалы балдырлар Жер бетінде шамамен 1,5 миллиард жыл бұрын пайда болған деп есептеледі.

Негізгі өкілдері

Біржасушалы жасыл балдырлардың кең тараған өкілдері: хламидомонада, хлорелла, хлорококк.

Хламидомонада

тоқтау суда
  • Жасуша қабықшасы жасунықтан (целлюлозадан) тұрады.
  • Цитоплазма, ядро, терең астау тәрізді жасыл хроматофор болады.
  • Алдыңғы бөлігінде 2 талшық, жиырылғыш вакуоль және қызыл көзше орналасады.
  • Минералды тұздар мен CO2-ны бүкіл денесімен сіңіреді.
  • Күн сәулесі арқылы органикалық зат түзеді (фотосинтез), O2 бөледі; O2-мен тыныс алады.
  • Жынысты және жыныссыз көбейеді.

Хлорелла

жасыл балдыр
  • Хроматофоры жасыл, жазық астау тәрізді.
  • Жыныссыз көбейеді.
  • Талшықтары болмайды, қызыл көзшесі жоқ.

Есте сақтаңыз

Хлорелла — қозғалыс мүшелері (талшық) және көзшесі жоқ, көбіне жыныссыз көбейетін біржасушалы жасыл балдыр.

Хлорококк

құрлықта да өседі
  • Топырақта және ағаш діңдерінде өседі.
  • Қызыл көзшесі мен талшығы болмайды.
  • Құрылысы хламидомонадаға ұқсас белгілерге ие.
  • Жынысты және жыныссыз көбейеді.

Біржасушалы балдырлардың пайдасы

Қоректік тізбек

Су жәндіктері үшін маңызды қорек көзі.

Оттек көзі

Фотосинтез кезінде бөлінетін O2 су өсімдіктері мен жануарларының тыныс алуын қамтамасыз етеді.

Топырақ түзу

Хлорококк қалдықтары шіріп, топырақ түзілуіне қатысады.

Қорытынды: балдырларды сипаттауда төрт тірек ұғымға сүйенеміз: жіктелуі, тіршілік ету ортасы, көбеюі, құрылысы.

Сабақты бекіту: сұрақтар

  1. Балдырлар қайда тіршілік етеді?
  2. Таллом дегеніміз не?
  3. Хроматофор дегеніміз не?
  4. Балдырлар қалай көбейеді?
  5. Хлорелланың хламидомонададан айырмашылығы қандай?
  6. Спирогира мен улотрикс не себепті көпжасушалы балдырларға жатады?
  7. Олардың хроматофорларының пішіні қандай?

INSERT әдісі (өзін-өзі бақылау)

V

Білемін

+

Жаңа мәлімет

?

Сұрақ туды

!

Білгім келеді

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Сабақтағы белсенділігі, жауаптарының дәлдігі және тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • Мазмұндау.
  • 31–33-суреттер бойынша жұмыс.
  • Қосымша дерек көздерінен мәлімет жинау.