Жаңа тараумен таныстыру

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Бұлан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Хамедиева Жанаргүл Максимқызы.

Сабақтың тақырыбы

«Алтын адам» туралы аңыз

Сабақтың түрі

Аралас, дамытпалы сабақ.

Әдістері

  • Түсіндіру
  • Іздену
  • Сұрақ-жауап
  • Тест

Көрнекілігі

  • Суреттер
  • Сөзжұмбақ

Сабақтың мақсаты

1) Тілдік дағдылар

Мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу және сөйлем құрастыруға үйрету.

2) Мазмұндау және сөздік қор

Мәтінді мазмұндауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту және мәтін бойынша тіл дамыту жұмыстарын жүргізу.

3) Тәрбиелік бағыт

Қазақстанның мәдениетін тануға тәрбиелеу, Отанды және туған жерді сүюге баулу, ата-бабаны құрметтеуге үйрету.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақты бастауға арналған қысқа өлең жолдары:

Сабағымызды бастаймыз,

Жалқаулықты тастаймыз.

Асыл сөзді жаттаймыз,

Есімізде сақтаймыз.

II. Сөзжұмбақ шешу

«Алфавиттегі әріптер бойынша көршісін тап» ойыны арқылы сөзжұмбақтың шешуін табу.

  1. 1. Әліпбидегі 1-ші әріп.
  2. 2. «Қ» әрпінің көршісі, әліпбидегі 16-шы әріп.

III. Жаңа сабақ: «Алтын адам» туралы аңыз

Жаңа тараумен таныстыру

Сабақта «Алтын адам» тақырыбын ашып, мәтінмен жұмыс жасалады: жаңа сөздер түсіндіріліп, сөйлем құрастыру және мазмұндау тапсырмалары орындалады.

Автор туралы: Қаржаубай Омарұлы

Қаржаубай Омарұлы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылында дүниеге келген. Ақын Қазақстан Журналистер одағының лауреаты атанған. Өмірінің соңына дейін «Асыл сөз» газетінің бас редакторы қызметін атқарған.

Шығармалары

  • «Қоңыраулы бесік» повесі
  • «Әке» повесі
  • «Бала балапандар» повесі

«Алтын адам» туралы танымдық мәлімет

Табылған орны мен уақыты

Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігінде, Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуіріне тән сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (б.з.д. V ғасыр).

1969–1970 жылдары бұл ескерткішті археолог Кемел Ақышев зерттеп, анықтаған.

Негізгі ерекшелігі

Киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген.

Әшекейлер хайуанат нақышында жасалып, барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат және түрлі құстар бейнесін береді.

Әшекейлері мен киім үлгісі

  • Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылған.
  • Бас киімі кейінгі қазақ киім үлгілеріне ұқсас: биік, шошақ төбелі, ұзындығы шамамен 70 см.
  • Мойнында дөңгелек жүзік тәрізді алтын алқа болған.
  • Іш көйлегі, көкірек тұсы және жеңі алтын тоғалармен өрнектелген.
  • Саусағында екі алтын жүзік болған.

Қару-жарағы мен белдігі

  • Камзолы құрастырмалы, ауыр белбеумен буылған; белбеуге аң бейнелері бар 16 тоға жапсырылған.
  • Оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер болған.
  • Сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ табылған.
  • Шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.