Рахмет ата - аналар

Балақай ерте жас тобы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан»

Мақсаты

  • Желтоқсан оқиғасы және Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру.
  • Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.
  • Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Жүргізуші сөзі

Қазақстан – егеменді ел, тәуелсіз ел,
Болашаққа нық басып, буынған бел.
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.

Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше. Тәуелсіздік жолында жанын құрбан еткен азаматтарымыздың еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым ертеден басталған.
Бостандыққа жеткізем деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.

Ендеше, осы ұлы мерекеге арналған «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» атты отбасылық шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайысқа қатысушы отбасылар

1-отбасы

Алауов Нұралы
Анасы: Хабиденова Гүлімжан
Әпкесі: Алауова Айсәуле

2-отбасы

Зинуллаева Аймира
Анасы: Кабиева Алена
Әпкесі: Зинуллаева Айерке

3-отбасы

Аққалиев Дидар
Анасы: Убишева Милана
Ағасы: Аққалиев Данабек

Қош келдіңіздер!

Шара құрылымы

Үш тур

  1. «Жанұям – мақтанышым» (отбасын таныстыру)
  2. «Мен елімнің патриотымын» (патриоттық ән, өлең)
  3. Үй тапсырмасы (тақырыпты қорғау)

Әділқазылар алқасы

  • Утегулова Тамара апай — балабақша меңгерушісі
  • Тулешова Анаргүл апай — балабақша әдіскері
  • Кенжегалиева Бибігүл апай — балабақша тәрбиешісі

Ендеше, сайысымыздың 1-туры бойынша сөз кезегін ата-аналарға береміз.

Патриоттық бөлім

Тәуелсіздік таңын сүйем,
Таңмен бірге келді өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.

Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді.
Жылда той қып өткіземіз
Тәуелсіздік — ұлы күнді.

Осылайша сайысымыздың 2-туры — «Мен елімнің патриотымын» кезеңіне көшеміз. Сөз кезегі өздеріңізде.

Тәуелсіздік — бастауы бар бақыттың,
Тәуелсіздік — ұлтың мен ұраның.
Шартарапқа шаттығыңдай азаттық,
Ғасыр сүйіп тұрғандай ғажап күн!

Келесі кезең — үй тапсырмасы. Әр топ өз тақырыбын қорғайды.

Қорытынды сөз

Рахмет, ата-аналар. Жеттік міне осы күнге — көптен бері аңсаған. Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған. Осы күнге жету үшін талай қазақ жанын құрбан етті, талай тұлға қанын аямады.

Азаматтарымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Егемендік жолында қаншама жастар құрбан болды; бүгінгі бақытты күніміз үшін ерлер тер төгіп, жанын қиды. Аға-апаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз.

Бүгінде көк байрағымыз көкте желбіреген егемен елміз. Бүгінгі кеш те өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Ата-аналар, марапаттарыңыз құтты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Еліміз тыныш, балаларыңыз аман болсын.

Осымен құрметті қонақтар, Балақай тобының дайындаған «Тәуелсіз елім — Қазақстан» атты отбасылық шарасы аяқталды.

Жасай бер, жаса, тәуелсіз Қазақстаным!

Мекеме туралы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сафон ауылы
«Боташым» бөбекжай-балабақшасы

Тәрбиеші: Тулегенова Бибигүл Аманбаевна