В. Натурал сандардың бөлінгіштігі5 сыныпСабақ тақырыбы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

5.1В. Натурал сандардың бөлінгіштігі (5-сынып)

Сабақ тақырыбы

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 5.1.1.5 — натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу.
  • 5.1.2.8 — натурал сандардың бөлгіштерін табу.
  • 5.1.2.9 — натурал сандардың еселіктерін табу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Натурал санның бөлгіші мен еселігінің анықтамасын біледі.
  • Сандардың бөлгіштері мен еселіктерін таба алады.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Натурал сандардың ортақ еселіктері мен ортақ бөлгіштерін анықтап, түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар

  • Берілген натурал санның бөлгіштері жұптарының қасиетін біледі.
  • Есеп шығару барысында күрделірек тапсырмаларда бөлгіштерді/еселіктерді тиімді тәсілмен таба алады.

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

1) Психологиялық дайындық. Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

«Сәлемдесу» ойыны: қатар тұрған оқушылар бір-бірімен иықпен, қолмен, шынтақпен және баспен сәлемдеседі. Бұл ойын оқушылардың көңіл күйін көтеруге бағытталған.

Топтастыру

Оқушылар дыбыстау арқылы шағын топтарға бөлінеді. Тақырыпқа байланысты оқушыларды 2, 3, 4, 5, 6 топқа біріктіремін. Әр бөлу кезінде қалдықпен бе, әлде қалдықсыз ба бөлінетінін анықтап сұраймын.

Ой қозғау

Өзің оқитын сынып оқушыларын 2 топқа, 3 топқа, 4 топқа, 5 топқа бөлуге бола ма? Неліктен?

Қорытынды: 4 топқа топтасамыз.

Тапсырма 1 — Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша тексеріледі. Дәптерлер тексеру үшін жиналып алынады.

Мақсаты: өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру және кері байланыс беру.