Ұлы Дала еліКИІЗ ҮЙ Киіз үй - негізінен киіз бен ағаштан тұратын қазақ халқының үйі, баспаханасы
Киіз үй: Ұлы Дала елінің дәстүрлі мекені
Киіз үй — негізінен киіз бен ағаштан жасалатын қазақ халқының дәстүрлі баспанасы. Маңызы мен көлеміне қарай киіз үй бірнеше түрге бөлінеді. Төменде киіз үйдің түрлері, құрамы және негізгі бөлшектері жүйелі түрде берілді.
Киіз үйдің түрлері
Көлемі қанат санына (кереге санына) және атқаратын қызметіне қарай бөлінеді.
Орда
Салтанатты жиын өтетін, елдік мәселе шешілетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын мәртебелі үй. Түрлері де болады.
Алтын орда
30 қанаттан (керегеден) тұратын ханның мәжіліс ордасы.
Алтын үзік
24 қанаттан тұратын, аса лауазымды хан әулеті тұратын үй.
Ақ шаңқан
18 қанат ақ орда; 12 қанат — ел басылары, байлар, билер тұратын киіз үйлер.
Ақ ала орда
8 қанатты дәулетті байдың үйі.
Ақ үй
6 қанатты дәулетті адамдар тұратын үй.
Боз үй, қоңыр үй
4–5 қанатты, орташаларға арналған қарапайым киіз үй.
Қараша үй
Кедей отбасының үйі.
Отау
Жас жұбайларға арналған үй.
Жолым үй, абылайша, жаппа
Уақытша қонуға арналған шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.
Күрке, қос
Ас сақтауға, далада малшылар тұруға арналған немесе тұрмысы төмен адамдардың баспанасы.
Үй құрамы: 3 негізгі бөлік
Үй сүйектері
Киіз үйдің ағаш қаңқасы: кереге, уық, шаңырақ, есік жүйелері.
Киіздері
Киізден жасалған барлық жабын бөліктері.
Арқан-баулары
Құр, арқан, бау, жіптен тұратын байлау және бекіту бөлшектері.
Үй сүйектері: негізгі ағаш бөлшектер
Шаңырақ
Үйдің төбесіндегі негізгі бөлік. Шаңырақ бірнеше атаудан тұрады:
- Тоғын
- Шаңырақтың дөңгелек шеңбері.
- Күлдіреуіш
- Түндікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек. Шаңырақ күмбезі осыдан құралады.
- Кепілдік (кепіл ағаш)
- Күлдіреуіштерді біріктіріп, ұстап тұратын ағаш.
- Қаламдық
- Уықтың қаламы (басы) кіретін шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.
Уық
Шаңырақ пен кереге арасын жалғайтын иінді ағаш.
- Қаламы
- Шаңырақ қаламдығына кіретін ұшы.
- Қары
- Уықтың иініне дейінгі ұзындығы.
- Иіні
- Уықтың иілген (бүгілген) тұсы.
- Алақаны
- Кереге басына бекітілетін басы.
- Уық бау
- Уықты кереге басына байлайтын жіп.
Кереге
Үйдің іргесін және шеңберін құрайтын негізгі бөлік.
- Қанат
- Керегені жинап, біріктірілген бөлігі.
- Желі
- Керегені құрайтын ағаштар.
- Ерісі
- Керегені құрайтын ағаштардың ұзын бөлігі.
- Сағанақ, балашық
- Керегені құрайтын ағаштардың қысқа бөлігі.
- Ыру
- Уық пен керегеге салынатын оюлы сызықтар.
- Көз
- Керегенің торкөздері (тор көз, жел көз).
- Азат көз
- Керегенің көктелмеген жерлері.
Есік жүйесі
- Сықырлауық
- Киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.
- Босаға
- Киіз есікті, маңдайша мен табалдырықты қосатын, керегеге байланатын берік ағаш.
- Маңдайша
- Екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
- Табалдырық
- Екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
- Бақалақ
- Сықырлауық жабылғанда маңдайшаға бекітіп тұратын айналмалы ағаш тиек.
Киіз жабындары
- Туырлық
- Ордада кереге бойын, шағын үйлерде шаңыраққа дейін жабылатын киіз.
- Үзік
- Ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабылатын туырлық бөлігі.
- Дөдеге (үзікті үй)
- Үй сыртына, кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз.
- Түндік
- Шаңырақ үстінен жабылатын төрт бұрышты киіз.
Ши және тоқыма бөлшектер
- Ши
- Киіз үй бөлшектерін және тұрмыс бұйымдарын жасауға қолданылатын өсімдік.
- Ақ ши
- Кереге сыртынан, кейде туырлық сыртынан орай тартылатын тоқыма ши.
- Шым ши
- Ою-өрнекті, жүн оралған, туырлық ішінен тартылатын ши.
Арқан-баулар: бекіту және сәндік жүйе
- Таңғыш құр
- Үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау.
- Бас құр
- Туырлық кереге басын тесіп кетпеуі үшін үйді айнала жүргізілетін жалпақ оюлы құр.
- Жел бау
- Сән үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй шайқалмасын деп оған салмақ байланады.
- Балақ бау
- Көшкенде уықтарды қосып байлайды.
- Аяқ бау
- Уыққа сәндік үшін байланатын түрлі жіптер шоғы.
- Есік бау
- Киіз есіктің бауы.
- Тастама
- Киіз есіктің жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байланатын бауы.
Қосымша атаулар мен құралдар
Керегенің басы
Керегенің жоғарғы жағы.
Керегенің аяғы
Керегенің жерге тірелетін жағы.
Кереге қап
Сырлы кереге қажалмасын, көгіне су тимесін деп қапталатын киіз.
Жел арқан
Дауылды күндері үйді бастыра тартып бекітетін арқан.
Күйеу қазық
Үй сыртында, іргесіне жел арқан байланатын қазық.
Бақан
Шаңырақ көтеретін, киіз есікті іліп қоятын, бір ұшы аша ұзын ағаш.
Жабық
Туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.
Дақтау, дембі
Шеберлер тілінде “белгілеу” мағынасын береді.
Белдеу
Туырлық желге көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан.
Бас арқан
Үйдің салмағын ұстап тұратын, кереге басын орай маңдайшаға бекітілетін берік арқан.
Тіркестер
Үй тігу
Киіз үйді көтеру, яғни құру.
Үй жығу
Көшер кезде киіз үйді бөлшектеу.
Дайындаған
Бегімхан Керімханұлы — Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.