Қонақ түрлерін ата
Дүниетану: «Қонақжай» (презентация форматында)
Сабақтың негізгі өзегі — қонақ күту мәдениетін түсіндіру, қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрыптарын таныстыру және оқушылардың тілдік, әлеуметтік дағдыларын дамыту.
Мақсаты
Білім мен дағды
- Жаңа материалды игеруге қажетті білім, дағды деңгейін анықтау.
- Қонақ және қонақ түрлерімен таныстыру, мәтін мазмұнын ашу.
- Білім, білік және дағдыларды жетілдіру.
Тілдік даму
- Сөздік қорын молайту.
- Ой-өрісін, сөйлеу шеберлігін дамыту.
- Белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік бағыт
- Адамгершілікке баулу.
- Қонақжайлылық пен ұйымшылдықты қалыптастыру.
Кіріспе
Қонақ — арнайы шақырылатын жора-жолдас, туған-туыс, үйге келген кісілер. Кейде шақырмай-ақ алыстан ағайын-туыс келіп жатады. Келген қонаққа үйдің төрін ұсынып, астың дәмдісін тарту ету — ертеден келе жатқан салтымыз.
Кез келген отбасына сырттан қонақ келмей тұрмайды. Қонақ шақырудың дәстүрі әртүрлі болады. Қонақжай адамның әдетте дос-жорасы, жора-жолдасы көп келеді. Қонақ күту дәстүрі ел-жұрт арасындағы ізгі қарым-қатынасты нығайтады.
Негізгі ой
Әр халықтың қонақ күту дәстүрі бар, оның өзіне тән ерекшелігі болады. «Қазақ қонақсыз болмайды» деген сөз бекер айтылмаған.
Қонақ түрлері
1) Қылқима
Түтіні түзу шыққан үйді аңдып жүретін сұғанақ, сүйкімсіз қонақ.
2) Қыдырма
Ерігіп, желігіп, үйден-үйге қыдырып жүретін сандалма қонақ.
3) Арнайы
Алыстан арнайы келген жақын туған-туыс, сүйікті дос, жақсы жолдас.
4) Құдайы
Өзің танымайтын, білмейтін, шалғай елден жолаушылап жүріп ат басын тірей қалған бөгде адам.
Сөздік жұмысы
Меймандос
Үйге келген қонақ.
Қонақжай
Қонақты жылы жүзбен қарсы алып, құрмет көрсететін үй иесі.
Ілтипат
Қонақты шын жүректен, ыстық ықыласпен күту және шақыру.
Орталықтар бойынша тапсырмалар
Шығармашылық орталығы
- Қонақ деген кім? Оны қалай түсінесіңдер?
- Балаға тән салт-дәстүрлерді атаңдар.
- Оқулықпен жұмыс.
- Дәптермен жұмыс.
- «Қонақ күту — салтымыз» тақырыбында шағын әңгіме жазу.
Өнер орталығы
- Үйге келген қонақты қалай қарсы аласыңдар? Қандай құрмет көрсетесіңдер?
- Қонаққа барғанда өздеріңді қалай ұстайсыңдар? Қандай жағымсыз әдеттерден аулақ болу керек?
- Оқулықпен жұмыс.
- Дәптермен жұмыс.
- «Қонақ қабылдау» көрінісін көрсету.
Оқу орталығы
- Қандай жағдайда қонақ шақырамыз? Кімдерді қонаққа шақырады?
- Қонақ келгенде ата-аналарыңа қандай көмек көрсетіп, қандай қызмет атқарасыңдар?
- Оқулықпен жұмыс.
- Дәптермен жұмыс.
- Қонаққа байланысты мақал-мәтелдер айту, мағынасын түсіндіру.
Топтық жұмыс
Әр топқа берілген тірек сөздер бойынша бірнеше жаңа сөз құрастырып, дәптерге жазып шығыңдар:
I топ
Қонақжай
II топ
Ілтипат
III топ
Меймандос
Қорытынды сұрақтар
- «Қонақ» деген кім?
- «Қонақжай» ұғымын қалай түсінесіңдер?
- Қонақ түрлерін атаңдар.
- «Меймандостық» пен «ілтипат» деген не?
- Қонақ келгенде немесе қонаққа барғанда өздеріңді қалай ұстау керек?
- Дастарқан басында қандай әдеттерді сақтау қажет?