Астананың көрікті жерлері

Сынып: 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Астана — болашағы үлкен қала»

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: ұжымдық және топтық жұмыс

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың «Астана — болашағы үлкен қала» тақырыбы бойынша ауызекі сөйлеу қабілетін қалыптастыру; мәтінді түсіну, жаңа сөздерді дұрыс қолдану, сөйлеу және диалог құру дағдыларын дамыту.

Білімділік

  • Тақырып бойынша білімді толықтыру және тереңдету.
  • Мәтінді түсініп оқу мен тыңдауды қалыптастыру.
  • Жаңа сөздерді орынды қолдануға үйрету.
  • Сөйлеу және сөйлесу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық

  • Ойлау, сөйлеу, есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту.
  • Өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
  • Ой түйіндеуге және шығармашылық жұмысқа жұмылдыру.
  • Танымдық белсенділікті арттыру.

Тәрбиелік

  • Отанға және туған жерге сүйіспеншілікті арттыру.
  • Елін сүйетін, отансүйгіш (патриот) болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Кезекшінің есебі.
  • Сәлемдесу және бір-біріне сәттілік тілеу.

Үй тапсырмасын тексеру

3-тапсырма (18-бет). «Көздеріңді жұмыңдар, ұшамыз» ойыны арқылы сабаққа қызығушылықты ояту: оқушылар көздерін жұмады, мұғалім «Астанаға келдік» деп хабарлайды, содан кейін Астананың көрікті жерлері көрсетіледі.

Слайдта көрсетілетін нысандар

  • Бәйтерек
  • Ақорда (Президенттің жұмыс орны)
  • Пирамида
  • Есіл өзенінің оң және сол жағалауы
  • Әсем ғимараттар, кешендер және тұрғын үйлер

Тақпақ (мәнерлеп оқу)

Ел ордасы — ғажайып қалам,

Астанам, өзгеға айтып,

Сен туралы мақтанам.

Қазақстан саған қарап бой түзер,

Өрлей берші, гүлдей берші, жас қалам.

Сәулеңді шаш еліңе,

Нұрыңды төк жеріңе.

Киелі менің Елордам,

Бақ болып қонған төріме.

II. Жаңа тақырыпты меңгерту: «Астана — бас қала»

Сөздік

жас қала
— молодой город
зәулім үйлер
— высокие дома
елорда
— новая столица
қарсы алу
— встречать

Тыңдалым: мәтінді түсініп тыңдау

Астана — болашағы үлкен қала

Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы — Астана. Ол Есіл өзенінің бойында, Сарыарқа өңірінде орналасқан. Аз уақыттың ішінде қала адам танымастай өзгерді. Мұнда Елбасы резиденциясы, Парламент үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді.

Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Астана қаласында жүзден астам ұлт өкілдері тұрады.

1999 жылы Астанаға ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді. Астана — болашағы үлкен қала.

1-тапсырма: мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

  1. Астана қандай қала?
  2. Онда нелер көп?
  3. Астана қай жерде орналасқан?
  4. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
  5. 1998 жылға дейін Астана қалай аталған?
  6. Астана қалай көркейіп келеді?

Қызығушылықты ояту (3 минут)

Интерактивті тақтада сурет көрсетіледі. Оқушылар сурет бойынша болжам жасайды және жаңа тақырыпқа шығады.

Оқылым: мәтінмен жұмыс (3 минут)

  • Мәтінді іштей оқу.
  • Дауыстап, мәнерлеп оқу.

2-тапсырма: диалогты толықтыру

Суретті пайдаланып, диалогты толықтырып, жұппен сөйлесіңдер.

Сергіту сәті

«Ұшақ»

Астана — арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

3-тапсырма

Берілген сөздерге тәуелдік жалғауын жалғап, 2 сөйлем құрастырыңдар: Отан, туған жер, мекен, аймақ.

III. Тренинг: әңгімені қалпына келтіру («Менің қалам»)

Бірінші оқушы мәтіннен бір сөйлемді жазып алып, екінші оқушыға жалғастыруға береді. Осылайша тізбек бойынша барлық оқушылар мазмұнға сай, логикалық бірізділікпен өз сөйлемдерін қосады. Соңында соңғы оқушы дайын мәтінді дауыстап оқиды.

IV. Жазылым: дәптермен жұмыс

1-тапсырма: фонетикалық талдау

  • 1-нұсқа: қалам
  • 2-нұсқа: аймақ

2-тапсырма: жалғауларды жалғап, септігін анықтау

Сөздер: жолдас..., әкем..., қала..., туыстар..., мектебі..., атам...

Жалғаулар: -тың, -нің, -ға, -на, -мен, -ды

3-тапсырма: сөз құрамына қарай талдау

  • Достықтан
  • сыйлау
  • ауылыма

4-тапсырма: тиісті жалғауларды қойып көшіру

Менің туған жер... — Отан... Қазақстан.

Қазақстан — көпұлтты республика.

Қазақстан... астанасы — жаңа қала Астана.

Қазақстан... тұңғыш Президент... — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

V. Тілдесім

5-тапсырма: «Көріністі кім сөйлетеді?»

Слайд-шоу көрсетіледі. Оқушылар суреттегі көріністі сипаттап, әңгімелеп береді.

VI. Ой толғаныс

Бес жолды өлең

Тақырып
Астана
Сын есім (2)
әдемі, сұлу
Етістік (3)
тұрады, көркейеді, құрметтейді
Сөйлем
Астана — бас қала.
Синоним
туған жер

6-тапсырма: кластер құру және әңгіме құрастыру

Берілген схема бойынша кластер жасап, соған сүйеніп қысқа әңгіме құрастыр.

Еркін жазу (5 минут)

«Менің қалам» тақырыбында шағын эссе жазу.

Бағалау және қорытынды

  • Бағалау парағын тапсыру, өзара бағалау.
  • Қорытынды сұрақтар: бүгін сабақта нені білдік, нені үйрендік?

Үй тапсырмасы

Астана туралы презентация дайындау және мәтінді мазмұндап айту.

Рефлексия

Оқушылар сабақтан алған әсерін, қиындықтар мен жетістіктерін қысқаша айтады. Сабақ қорытындыланады.