Конькимен жүгіру спорты - конькимен жылдамдыққа жүгіру

Сабақ туралы мәлімет

Мекеме және мұғалім

  • Өңір: Қызылорда облысы
  • Қала: Қызылорда
  • Мектеп: №6 орта мектеп
  • Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Мұғалім: Байымбетова Нұргүл Мылтықбайқызы

Тақырып және форматы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның белгілі спортшылары

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Оқыту технологиясы: Деңгейлеп-саралап оқыту

Сабақ мазмұны реттік сан есімді қолдана отырып, спорт тақырыбында сөйлесім дағдыларын дамытуға және Олимпиада чемпиондары арқылы мотивация қалыптастыруға бағытталған.

Сабақтың мақсаттары

Білімдік

  • «Реттік сан есім» тақырыбы бойынша білімін қолдануға үйрету.
  • Қазақтың белгілі спортшылары туралы мағлұмат беру.
  • Спорт тақырыбы бойынша мәліметтерді толықтыру: сөйлесу, жаттығу, анықтау және талдау жұмыстарын жүргізу.

Дамытушылық

  • Оқушылардың сөздік қорын және сөйлеу мәдениетін дамыту.
  • Шығармашылық жұмыстарға жетелеу.
  • Таным көкжиегін кеңейтіп, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік

  • Белгілі спортшылардың өмірі мен жетістіктерін үлгі ету.
  • Салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен әдіс-тәсілдер

Көрнекі құралдар

Бейнебаян Слайд Бағалау плакаты Үлестірмелер Жұмыс дәптері

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Жеке және жұптық жұмыс
  • Мәтінмен жұмыс
  • Деңгейлеп оқыту
  • Оқыта-үйрету ойындары

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

5-тапсырма: сөздіктің көмегімен таныс емес спорт терминдерінің мағынасын анықтап келу. Слайдта спорт түрлерінің суреттері көрсетіледі, ал оқушылар өздері жинаған мәліметтерін айтып отырады.

Спорт терминдері (анықтамалар)

  • Биатлон

    Шаңғы жарысы кезінде кіші калибрлі винтовкамен жатып және тұрып ату орындалады.

  • Тау шаңғысы спорты

    Арнайы жолдармен таудан төмен құлдилау.

  • Конькимен жүгіру спорты

    Конькимен жылдамдыққа жүгіру.

  • Мәнерлеп сырғанау

    Музыка ырғағымен мұз үстінде конькимен орындалатын қимыл-қозғалыстар жиынтығы.

  • Фристайл

    Тау шаңғысы спортының бір түрі. Үш бағытқа бөлінеді:

    • Могул: кедір-бұдыр жолда тау шаңғысымен жылдам түсу.
    • Шаңғы балеті: әртүрлі би қимылдарын орындай отырып құлдилау.
    • Әуе (шаңғы) акробатикасы: акробатикалық қимыл-қозғалыстармен 2 метрлік трамплиннен секіру.
  • Хоккей

    Мұз алаңында өтетін командалық ойын. Шайбамен де, доппен де ойналады.

  • Шорт-трек

    Хоккей алаңында белгіленген қысқа мұз жолында конькимен жүгіру.

Азиада еліміздің атын әлемге танытты. Көк туымызды көкте желбіретіп жүрген белгілі спортшыларымыз бар. Бүгінгі сабақ Олимпиада чемпиондарына арналады.

III. Жаңа сабақ

1) Ой қозғау

Тыңдалым: «Чемпиондар әні» (бейнебаян).

2) Жаңа материал

Тақырып: Қазақстанның белгілі спортшылары. Таныстырылымда спортшылардың суреттері мен жетістіктері көрсетіледі (қосымша 1).

3) Мәтінмен жұмыс: «Баяндама» (оқыта-үйрету ойыны)

  1. Мұғалім оқушыларға 1-мәтінді оқуды ұсынады (қоңырау белгісі).
  2. Оқушылар мәтін мазмұнын сурет, белгі немесе сызба түрінде қысқаша ұсынады.
  3. Дайын «шпаргалка» оң жақтағы көршіге беріледі (қоңырау белгісі).
  4. Әр оқушы көршісінің сызбасын пайдаланып, мәтін бойынша баяндама жасайды (қоңырау белгісі).
  5. Мазмұнды кең ашып, ең жақсы көрнекі құрал ұсынған оқушылар жеңімпаз атанады.

IV. Бекіту

4) Деңгейлік тапсырмалар

I деңгей: сөздердің аудармасын табыңыз.

Орысша

  • тренер
  • выносливость
  • здоровый образ жизни
  • организован
  • сборная Казахстана
  • крепкий
  • легкий
  • тяжелый
  • борьба
  • терпеливый
  • победитель
  • чемпион мира

Қазақша

  • жаттықтырушы — тренер
  • ұстамдылық — выносливость
  • салауатты өмір салты — здоровый образ жизни
  • ұйымдастырылды — организован
  • Қазақстан құрамасы — сборная Казахстана
  • мықты — крепкий
  • жеңіл — легкий
  • ауыр — тяжелый
  • күрес — борьба
  • шыдамды — терпеливый
  • жеңімпаз — победитель
  • дүниежүзі чемпионы — чемпион мира