Орынбор бекінісі
Мақсаты
1783–1797 жылдардағы көтерілістің негізгі алғышарттарын, қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, халық батыры Сырым Датұлының өмірі мен қызметін, көтерілістің барысын және жеңілу себептерін түсіндіру. Сондай-ақ бұл қозғалыстың қазақ қоғамының дамуына тигізген ықпалын ашып көрсету.
Күтілетін нәтиже
A деңгейі
Тақырып бойынша ойын толық әрі анық жеткізеді.
B деңгейі
Белсенді өткен шайқастарды анықтайды; көтерілістің жеңілу себептері мен салдарын талқылап, қорытынды жасайды.
C деңгейі
Қазақтардың шаруалар көтерілістеріне қатысуының тарихи маңызын түсінеді; деректерді талқылап, өз бағасын береді.
Дереккөздер мен құрал-жабдықтар
- Дереккөздер: интернет-ресурстар, оқулық мәтіндері, электронды оқулық.
- Көрнекіліктер: кесте, карта, тірек-сызба, слайд.
- Құралдар: стикер, бағалау парағы, маркер.
- Қосымша: әдістемелік құралдар.
Сабақ барысы
Кіріспе
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Құрал-жабдықтарын түгендеу.
- Тренинг: «Шын ниетпен».
- Үй тапсырмасын тексеру: тұсаукесер арқылы.
Жаңа тақырып
Тақырып: Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
Қарастырылатын мәселе: О. Игельстром реформалары (электронды оқулық арқылы).
Көрнекілік: Сырым Датұлының портреті (слайд).
Ой қозғау
Сырым Датұлының көтеріліске қатысу себебі қандай?
Негізгі бөлім
Оқулықпен жұмыс: жаңа тақырыпты оқушылар өздігінен меңгереді. Мәтін оқылып болған соң, талдау жүргізіледі.
Әдіс: «Жигсо» (Jigsaw).
Сергіту сәті
«Тәуелсіздік толғауы».
Топтық жұмыс тапсырмалары
1-топ
Венн диаграммасыСырым Датұлы қозғалысы мен Е. Пугачев көтерілісінің салыстырмалы сипатын анықтау.
2-топ
Картамен жұмысКөтеріліс ошақтары мен негізгі бағыттарын картадан көрсету.
3-топ
Хронология1783–1787 жылдар аралығындағы Сырым Датұлы бастаған көтерілістің негізгі кезеңдерін сипаттау.
4-топ
Жылдармен жұмысМаңызды даталарды іріктеп, оқиғалармен сәйкестендіру.
Қорытынды: тест тапсырмалары
Төмендегі сұрақтар тақырыпты бекітуге арналған. Жауап нұсқалары берілген.
1) Сырым көтерілісі неше жылға созылды?
- a) 10
- b) 20
- c) 15
- d) 14
- e) 18
2) Сырым батыр көтерілісшілерінің жалпы саны қанша деп көрсетуге болады?
- a) 5800
- b) 3500
- c) 2700
- d) 5500
- e) 5400
3) Отто Игельстром қандай қызмет атқарды?
- a) Түркістан өлкесінің губернаторы
- b) Орынбор өлкесінің губернаторы
- c) Жетісу губернаторы
- d) Жазалаушы топтың басшысы
- e) Шекаралық сот басшысы
4) Орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қай жылы қайтыс болды?
- a) 1795 ж.
- b) 1779 ж.
- c) 1775 ж.
- d) 1778 ж.
- e) 1776 ж.
5) 1797 ж. 17 наурызда С. Датұлы тұтқиылдан қайда шабуыл жасады?
- a) Казак әскеріне
- b) Хан сарайына
- c) Әскери бекініске
- d) Жазалаушы топқа
- e) Орал шекара шебіне
6) Игельстром жоспары бойынша Кіші жүздегі әкімшілік билікті кімге беру көзделді?
- a) Хандық кеңеске
- b) Аға сұлтанға
- c) Шекаралық сотқа
- d) Старшындар тобына
- e) «Расправаға»
7) С. Датұлы хандық билікті жойып, жоғары әкімшілік басқаруды кімдерге беруді көздеді?
- a) Халық сотына
- b) Сұлтандарға
- c) Старшындарға
- d) Губернаторға
- e) Билерге
8) Орынборда Шекаралық комиссия қашан құрылды?
- a) 1788 ж.
- b) 1787 ж.
- c) 1783 ж.
- d) 1789 ж.
- e) 1786 ж.
9) Датұлы көтерілісінің негізгі ошағы қай өңір болды?
- a) Жайық шебі
- b) Сағыз өзені ауданы
- c) Ор бекінісі
- d) Елек қалашығы
- e) Орынбор бекінісі
10) 1785 ж. көктемінен кейін көтерілісшілердің басты мақсаттарының бірі қандай болды?
- a) Патша үкіметіне қарсы шығу
- b) Нұралыны тақтан тайдыру
- c) Ханды өлтіру
- d) Көтерілісті тоқтату
- e) Келісімге келу
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Оқушылар сабақ критерийлері бойынша өзін-өзі бағалайды. Сабақ барысында орындаған жұмысына қарай, сыныппен ақылдаса отырып қорытынды баға қойылады. Бағаға қысқаша түсіндірме беріліп, жақсарту жолдары ұсынылады.
Үй тапсырмасы
Сырым Датұлының шешендік өнері туралы мәлімет жинап, эссе жазу.
Назар аударыңыз
Дереккөздерді міндетті түрде көрсетіп, ойды нақты дәлелдермен негіздеңіз.