Мәтіннің мазмұнымен танысу

Қысқа мерзімді жоспар (Блум таксономиясы)

Пәні: Қазақ тілі (9-сынып). Сабақ тақырыбы: «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет».

Жалпы мақсат

Мәтін мазмұнын меңгерту, Қазақстан туралы білімді толықтыру, білім алушылардың сөйлеу дағдысы мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын байыту.

Күтілетін нәтижелер

  • Топпен бірлесіп жұмыс істейді.
  • Өзіне деген сенімділігі артып, пәнге қызығушылығы күшейеді.
  • Танымдық қабілеті дамып, сөздік қоры молаяды.

Міндеттері

  • 1 Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, сабақ құрылымын түрлендіру.
  • 2 Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдаланып, білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
  • 3 Топта өз ойын еркін айтуға жағдай жасап, ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Сабақта қолданылатын материалдар

Презентация, үлестірмелі материалдар, плакаттар, стикерлер, магниттер және т.б.

Оқыту әдістері мен модульдері

  • Топтық жұмыс
  • Сыни тұрғыдан ойлау
  • Оқуды және оқытуды бағалау
  • Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері

Дереккөздер

  • Оқулық
  • Интернет материалдары
  • Карточкалар

Сабақ барысы: ой қозғау және тапсырмалар

Оқушы білімін есепке алу сабақ бойында жүргізіледі: жауап беру, топтық жұмысқа қатысу, тапсырмаларды орындау деңгейі арқылы бағаланады.

1-тапсырма: ассоциация және сөйлем құрау

Интерактивті тақтадан көрсетілген суреттер бойынша 5 сөз ойлап тауып, сол сөздерді қолданып сөйлем құрау.

Мәтінмен жұмыс: мазмұнын меңгеру

Мәтінді оқу, жаңа сөздермен танысу және сұрақ-жауап арқылы мәтіннің мазмұнын түсіну.

2-тапсырма: сөйлемді толықтыру

Берілген қажетті сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді мағынасына сай толықтыру. Мақсат — жаңа сөздерді бекіту және сауатты қолдануға дағдылану.

Автор туралы

М. Мәметова атындағы орта мектеп КММ орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Қалиева Назипа Қанибайқызы.