Қабілетті оқушыларға қосымша тапсырмалар беру
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Оқу мақсаты
6.3.2.1 — есептің шешімін кезең-кезеңімен талдау.
Сабақ мақсаттары
Компьютерлік ойын құрудың негізгі кезеңдерін біледі.
Ойынның сценарийін (скриптін) әзірлей алады.
Сахна мен кейіпкерді құрастырып, бейнелей алады.
Ойлау дағдылары
Бағалау критерийлері
- Есепті шешу кезеңдерін анықтайды.
- Сахна мен кейіпкерді бейнелейді.
- Ойын ортасында бағдарламалау сценарийін жүзеге асырады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар сахна мен кейіпкер туралы сипаттама береді (айтылым және тыңдалым дағдылары).
Пәндік лексика
- Сахна дегеніміз — ...
- Ойын сахнасы мен концерт сахнасының айырмашылығы — ...
- Ойын кейіпкері — ...
- Ойын қызықты болуы үшін — ...
Құндылықтарға баулу
Өзара көмек, сыйластық, ынтымақтастық және академиялық адалдық (көшірмеу, әділ болу).
Пәнаралық байланыс
Өнер және ағылшын тілі пәндерімен байланыс: диалог құрастыру, жазба және сөйлеу мәдениеті, тіл стилистикасы.
Алдыңғы білім
Оқушылар ойын сценарийін әзірлеу тақырыбымен таныс. 5-сыныптан бастап Scratch бағдарламасымен жұмыс тәжірибесі бар.
Сабақ барысы
Сабақтың басы
7 минут- Оқушылармен амандасу, қатысымды тексеру.
- «Шаттық шеңбері» арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
- «Мозайка» тренингімен топқа бөлу: Астана және Бәйтерек суреттері арқылы екі топқа бірігу («Скрипт» және «Спрайт»).
- Бағалау парақтарын тарату.
- Ойын сценарийі дегеніміз не?
- Ойын нысандары дегеніміз не? Олардың рөлі қандай?
- Компьютерлік ойында сценарий не үшін қажет?
- Компьютерлік ойында деңгейлер не үшін қажет?
АКТ, интерактивті тақта, My Talking Tom, үлестірмелер, оқулық.
Сабақтың ортасы
- Тақтада My Talking Tom қосымшасын көрсету.
- Сабақ мақсатын түсіндіру.
- Презентация: скрипт, спрайт, өзара әрекеттесу, сахна сипаттамасы.
- Скрипт
- Ойын барысында орындалатын командалар тізбегі.
- Спрайт
- Ойын нысаны (кейіпкер/зат), ол әрекет орындай алады.
- Сахна
- Оқиға өтетін орта: фон, кеңістік және көрініс.
| Ұғым | Анықтама | Мысал |
|---|---|---|
| Спрайт | ... | ... |
| Скрипт | ... | ... |
| Сахна | ... | ... |
- Спрайттардың қандай әрекеттерін білесіңдер?
- Спрайттар бір-бірімен қалай өзара әрекеттеседі?
- Дәптермен жұмыс жасайды.
- Кестеге анықтама жазады және мысал келтіреді.
- Сұрақтарға жауап береді.
Бір топқа — ит, екінші топқа — мысық спрайты беріледі. Ойын ортасында жүгіру жарысын көрсететін сахна мен кейіпкерлерді құрыңдар. Есепті шешу кезеңдерін анықтаңдар.
| Орындалатын әрекет | Кезеңі |
|---|---|
| Сахнаны дайындау | ... |
| Екі спрайтты дайындау | ... |
| Спрайт 1 үшін скрипт жазу | ... |
| Спрайт 2 үшін скрипт жазу | ... |
| Ойынды іске қосу | ... |
- Екі спрайт үшін скрипттер жазыңдар.
- Сахна мен әрекеттердің логикасын тексеріп, ойынды іске қосыңдар.
- Есепті шешу кезеңдерін анықтайды.
- Спрайттар үшін скрипттер жазады.
Өткен сабақта ойластырған спрайттардың костюмдерін ойын ортасының кітапханасын пайдаланып құрыңдар немесе өздерің салыңдар.
Ойын сахналарын ойластырып, суреттерін салыңдар немесе дайын фондарды пайдаланыңдар.
Өз ойыныңа сәйкес сипаттамалық кестелерді толтыр.
| Спрайттың атауы | Бейнесі | Орындайтын әрекеттері |
|---|---|---|
| ... | ... | ... |
| Спрайт 1 | Спрайт 2 | Әрекеттесуі |
|---|---|---|
| ... | ... | ... |
| Сахнаның атауы | Бейнесі |
|---|---|
| ... | ... |
scratch.mit.edu сайтынан бірнеше спрайт қатысатын дайын ойындарды қарап шығыңдар. Қарастырылған ойындардағы өзара әрекеттесуді талдаңдар.
- Спрайттардың сипаттамасы және олардың орындайтын әрекеттері.
- Спрайттардың өзара әрекеттесуі.
- Сахналардың сипаттамасы.
Қосымша видео: youtu.be/WGTpcsWzzjc
Сабақтың аяқталуы
3 минутОқушылар «Білемін», «Білдім», «Білгім келеді» бағандары бойынша өз ойларын жазады.
| Білемін | Білгім келеді | Білдім |
|---|---|---|
| ... | ... | ... |
- Үй тапсырмасы: 4.3 — Сахна мен кейіпкерлерді бейнелеу тақырыбын бекіту.
- Жиынтық бағаны мұғалім қояды.
- Топ басшылары бағалау парақтарын тапсырады.