Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем мәтінді тексеру және қателерін түзету

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Пән

Сауат ашу

Сынып

1

Бөлім

Тыңдалым және айтылым; Оқылым және жазылым

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық тағамдар. Мәтін

Мектеп

Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ

Мұғалім

Накеева Акмарал

Ұзақ мерзімді оқу мақсаттары

Төмендегі мақсаттар 1-сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс істеу, тыңдау-айтылым және жазылым дағдыларын жүйелі дамытуға бағытталған.

  • 1.1.2.1 — Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау.

  • 1.3.7.1 — Мұғалімнің көмегімен сөзді, сөйлемді, мәтінді тексеру және қателерін түзету.

  • 1.1.4.1 — Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе иллюстрациясы бойынша болжау.

  • 1.1.5.1 — Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану.

  • 1.3.6.1 — Мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша шағын мәтін құрап жазу.

Сабақ мақсаттары

  1. Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
  2. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
  3. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтайды.

Бағалау критерийлері

  • Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін анықтайды және мазмұнын сұрақтарға жауап беру арқылы түсіндіреді.

  • Жазуды каллиграфиялық талапқа сай орындайды.

  • Берілген сурет бойынша әңгіме құрастырып айтады.

Сөздік қор

Мәтін, түйе, ұлт

АКТ

Интербелсенді тақта

Құндылықтар және пәнаралық байланыс

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық құндылықтар арқылы Отанын сүйетін, бойында патриоттық сезімі қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

  • Дүниетану: сурет бойынша әңгіме құрау арқылы түйенің шөлге шыдамды, үй жануары екенін түсіну.
  • Жаратылыстану: төрт түліктен алынатын өнімдермен танысу.

Алдыңғы меңгерілген білім

  • Мәтіннің не екенін біледі.
  • Мәтінді оқи алады.
  • Әліпбидегі әріптердің орнын анықтай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

5 минут

Мотивация: «Шаттық шеңбері»

Оқушылар қол ұстасып, бірге айтады.

Салтын сүйген баламыз,

Жұлдыздардай жанамыз,

Ұлттың асын ардақтап,

Үйрену жолын табамыз.

Қазақ ұлты — дарамыз,

Өсіп келеді санамыз.

Жылуыңа жылу қос,

Болашаққа бірге барамыз.

Топқа бөліну

«Ет», «сүт», «ұн» атаулары арқылы топтарға бөлінеді.

Ширату: «Ыстық орындық»

Ыстық орындықта отырған оқушыға әр топ оқушылары өткен материал бойынша сұрақ қояды.

Сабақтың ортасы

30 минут

Топтық жұмыс: «Топтастыру» стратегиясы

Әр топ өз атауына сәйкес ұлттық тағам атауларын жазып, постер қорғайды.

1-топ

Ет тағамдары

2-топ

Сүт тағамдары

3-топ

Ұн тағамдары

Күтілетін нәтиже

  • Ет, сүт, ұннан жасалатын тағам түрлерін біледі.
  • Ет, сүт, ұннан жасалатын тағамдарды ажырата алады.

ҚБ: смайликтер арқылы

Бейнематериал: «Шұбаттың пайдасы»

Интербелсенді тақтадан шұбаттың пайдасы мен емдік қасиеті туралы бейнежазба көрсетіледі.

Оқулықпен жұмыс (топтық)

1-топ: 1-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер. Мәтін бойынша бір сұрақ құрастырып жаз.

  • Қойылған сұрақтарға жауап береді.
  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жазады.

2-топ: 2-жаттығу

Жаңылтпашты жатқа жаз. Артикуляциялық ережеге сай айт.

  • Жаңылтпашты жатқа айтады.
  • Артикуляциялық ережелерді сақтайды.

3-топ: 3-жаттығу

Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзге сөйлем құра.

  • Ребусты шеше алады.
  • Сөйлем құрай алады.

ҚБ: «бас бармақ» әдісі арқылы

Ойын: «Азық-түлік дүкені» (мнемоника)

Оқушылар дүкеннен «сатып алған» тағамын атайды. Келесі оқушы алдыңғы оқушы атаған тағамды қайталап, өз тағамын қосады. Ойын осылай жалғасады.

Жұптық жұмыс: «Суреттер сөйлейді»

Сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау.

  • Шағын әңгіме құрайды.
  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды.

ҚБ: Де Бононың қалпақтары арқылы

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың назарын шоғырландыру және шаршауды басу.

Сабақтың соңы

8 минут

Рефлексия: «Қызықты текше»

Оқушылар текшеден сұрақ таңдап, бүгінгі сабақтан алған білімдерін ортаға салады.

Кері байланыс: «Бутерброд» әдісі

Оқушылар өз көңіл күйін және ең құнды ойды немесе ақпаратты қысқа түрде білдіреді.

Дифференциация

Тапсырмалар оқушының деңгейіне қарай бейімделеді: біріне — кеңейтілген шығармашылық жұмыс, екіншісіне — құрылымды сақтауға бағытталған қолдау.

Қабілеті жоғары оқушыларға

Тапсырма: «Бес жолды өлең» құрастыру және мәтін жанрын анықтау.

Үлгі

  1. Шұбат
  2. Дәмді, тіл үйіреді
  3. Дайындайды, ішеді, ашытады
  4. Емдік қасиеті бар сусын
  5. Ас

Дескриптор

  • Өлең құрастыра алады.
  • Мәтін жанрын анықтайды.

Қабілеті төмен оқушыларға

Тапсырма: әңгімені жүйелі баяндау және мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату.

Дескриптор

  • Әңгімені жүйелі баяндайды.
  • Құрылымдық бөліктерін ажыратады.

Бағалау

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейі қалыптастырушы бағалау тәсілдері арқылы қадағаланады:

  • Смайликтер арқылы
  • «Бас бармақ» әдісі арқылы
  • Де Бононың қалпақтары арқылы

Денсаулық және қауіпсіздік

  • Сыныптағы парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей орналасуына назар аударылады.
  • Дәптермен жұмыс кезінде оқушылардың отырғышта денесін түзу ұстап отыруы қадағаланады.