Құстарды ағаштарға қондыру

Қашаған Құржыманұлы атындағы №8 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Бекмағанбетова Нұрсұлу Қосайқызы

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу дағдысын жетілдіру.
Дамытушылық
Математика пәніне қызығушылықты арттыру, ойлау қабілетін дамыту, кәсіптік бағдар беру.
Тәрбиелік мәні
Өз бетінше жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, ана тілі.
Көрнекіліктер
Кесте, сурет, слайд, сандар.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Балалардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық жүргізу.

Шаттық шеңбері

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен —

Алға қадам аттаймыз.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Теңдеу

72 : x = 4

72 : 18 = 4

Тексеру: 4 = 4

Теңдеу

x − 26 = 85 : 5

85 : 5 = 17

x = 17 + 26 = 43

Тексеру: 43 − 26 = 17

3) Жаңа сабақ

Көктем тақырыбы арқылы бекіту

Сұрақтар

  • Қазір қай мезгіл?
  • Көктемнің келгенін неден білуге болады?

Оқушы жауаптарын бағыттау

Көктем келді. Күн жылына бастады.

Құстар жылы жақтан ұшып келді.

Көктемде жер күндіз жібиді, кешке қатады.

Наурыз айында күн көбіне бұлтты болады, жаңбыр сіркіреп жауады.

Наурыз айының хабаршысы — бәйшешек.

Ойын: «Бәйшешек гүл жарды»

1-тапсырма

Санды разрядтарға жікте:

847 = 800 + 40 + 7

Жұптық жұмыс

2-тапсырма

Амалдарды орындап, нәтижелерін атаңдар.

Бөлу

  • 64 : 4 = 16
  • 64 : 8 = 8
  • 64 : 1 = 64
  • 64 : 2 = 32
  • 64 : 32 = 2
  • 64 : 64 = 1

Көбейту

  • 14 · 2 = 28
  • 14 · 3 = 42
  • 14 · 1 = 14
  • 14 · 4 = 56
  • 14 · 5 = 70
  • 14 · 10 = 140

Есептер

3–4-тапсырмалар

3-есеп

Автомобильдер — 24. Экскаваторлар — 2 есе артық. Барлығы неше машина?

Шешуі: (24 · 2) + 24 = 72

Жауабы: 72 машина.

4-есеп

I — 3 км. II — 156 м кем. II қашықтық қанша?

Шешуі: 3000 − 156 = 2844 м = 2 км 844 м

Жауабы: 2 км 844 м.

Ойын: «Нұрын шашқан күн»

5-тапсырма

426 + 13 · 2 = 452

500 − 54 : 3 = 482

100 − 36 : 2 = 82

70 + 18 · 4 = 142

23 · 2 + 54 = 100

64 : 4 + 86 = 102

Ойын: «Ағаштар бүршік жарды»

6-тапсырма

Теңдеуді шеш

x · 7 = 84

x = 84 : 7 = 12

Тексеру: 12 · 7 = 84

Теңдеуді шеш

85 : a = 5

a = 85 : 5 = 17

Тексеру: 85 : 17 = 5

Кестені толтыр

8-тапсырма
Көбейту Бөлу
12 · 2 = 24 12 : 2 = 6
26 · 2 = 52 26 : 2 = 13
10 · 2 = 20 10 : 2 = 5
200 · 2 = 400 200 : 2 = 100
44 · 2 = 88 44 : 2 = 22
0 · 2 = 0 0 : 2 = 0

Қосымша әрекет: «Құстарды ағаштарға қондыру» (жұмысты ойын түрінде ұйымдастыру).

Бос орындарды толтыр

9-тапсырма

45 : 3 = 60 : 4

78 : 6 = 39 : 3

72 : 6 = 60 : 5

Жаттығулар

10-тапсырма
64 : 1 = 64
33 : 3 = 11
48 : 4 = 12
96 : 8 = 12
72 : 6 = 12
26 : 2 = 13
45 : 3 = 15
95 : 5 = 19
99 : 9 = 11
78 : 6 = 13
96 : 3 = 32
84 : 7 = 12
99 : 3 = 33
66 : 6 = 11

Қорытынды

Оқушыларды бағалау және мадақтау.

Келе жатқан Амал мерекесі құтты болсын!

Баршаңыздың жанұяңызға денсаулық пен бақыт тілеймін.