Кедергілер сайысы

Көңілді старт (спорттық ойын-сауық)

Бұл спорттық ойын-сауық балалардың денені шынықтырудың пайдасын түсінуіне, сергек әрі дені сау болуға ұмтылуына көмектеседі. Сонымен қатар көтеріңкі көңіл-күй қалыптастырып, тепе-теңдікті сақтау дағдыларын дамытуға, шынықтыру жаттығулары мен сайыс шарттарына қызығушылықты арттыруға бағытталған.

Мақсаты

  • Денені шынықтырудың адам денсаулығына пайдасын түсіндіру.
  • Балалардың сергек, белсенді болуына ықпал ету.
  • Көтеріңкі көңіл-күйді қалыптастыру, тепе-теңдік пен ептілікті дамыту.
  • Сайыс ережелерін сақтауға және командалық рухты нығайтуға үйрету.

Барысы

Шаттық шеңбер

Біз бақытты баламыз,

Шыныға да аламыз.

Сәулетті елдің көгінде

Шамшырақ болып жанамыз.

(Иіліп сәлем береді.)

Құрметті ойыншылар, бүгін «Көңілді старт» атты эстафеталық жарысымызды бастаймыз.

(Балалар екі топқа бөлініп тұрады.)

Ал, сайыскер балалар,

Ешкімнің жоқ алаңдар.

Жеңімпаз болу — үлкен ерлік,

Оны әділқазы бағалар.

(Әділқазы мүшелерімен таныстыру.)

Жарыстың шарттары

  1. 1 Таныстыру
  2. 2 Жалауды тез жеткізу
  3. 3 Акробатика
  4. 4 Кедергілер сайысы
  5. 5 Кім шапшаң?
  6. 6 Епті де, жүйрік сайысы

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар!

Командаларды таныстыру

Күншуақ тобы

Ұраны

Күндей болып күлеміз,
Шуақ шашып жүреміз.

Жұлдыз тобы

Ұраны

Бүгін жарыс бақшада,
Қуанады бар бала.
«Көңілді старт» ойыны,
Шаттық сыйлар баршаға.

Эстафеталар мен тапсырмалар

2. Жалауды тез жеткізу

Эстафета

Топ мүшелері қапшықпен секіреді. Соңғы ойыншы жалауды белгіленген орынға апарып тігеді.

3. Акробатика

Қимыл-қозғалыс

Музыка ырғағымен әр ойыншы құрсаулардан аттап-жүгіріп өтеді, матрас үстімен домалап, тік тұрып, өз орнына қайтады.

4. Кедергілер сайысы

Кедергі жолы
  • Бағдаршам көздерінің үстінен қоянша секіру.
  • Тақтай үстімен еңбектеу.
  • Құрсау арасынан өту.
  • Тікенді төсеніш үстімен тепе-теңдікті сақтап өту.

5. Кім шапшаң?

Жылдамдық

Допты қолдарына қысып ұстап, шынтақтап, доға астынан жорғалап өтеді.

6. Епті де, жүйрік сайысы

Ептілік

Үлкен доптың үстіне отырып, орындықты айналып секіріп, орнына қайта келеді.

Қорытынды

Рахмет, ойыншылар! Біз барлық жарыс шарттарын орындадық.

Өнерге биік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділқазы — ел сенген,

Сайысқа баға беріңіз!

(Әділқазылар сайыс шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялап, марапаттайды.)