Тосқауыл қоюға арналған жаттығулар

Сабақ туралы мәлімет

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Кеңес орта мектебі. Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Мамаев Бақыт.

Сабақтың тақырыбы: волейбол ойынында шабуыл жасау және тосқауыл қоюды үйрету.

Сабақтың мақсаты

  • 1

    Шабуылдау соққысы мен тосқауыл қоюдың негізгі техникасын меңгерту.

  • 2

    Жылдамдық, ептілік, икемділік және жалпы қимыл сапаларын дамыту.

  • 3

    Алғырлыққа, тапқырлыққа және ұжымдық әрекетке тәрбиелеу.

  • 4

    Жаттығулар арқылы оқушылардың денсаулығын нығайту.

Сабақтың түрі

Үйрену сабағы.

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Волейбол доптары
  • Кіші доптар
  • Ысқырық

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сапқа тұрғызу, мәлімет қабылдау, сәлемдесу.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын қысқаша түсіндіру.
  • Оқушылардың спорттық киімі мен денсаулық жағдайын тексеру.

Жалпы дамыту жаттығулары

Саптағы жаттығулар

Оңға, солға, кері бұрылу; орнында адымдау (20–30 секунд).

Жүру жаттығулары

  • Аяқтың ұшымен, өкшемен, сыртқы және ішкі қырымен жүру.
  • Спорттық жүріс (8–10 м); кеудені тік ұстау.

Жүгіру жаттығулары

  • Залды айналып жеңіл жүгіру.
  • Қолды алға-артқа айналдыра жүгіру (оң және сол қапталмен).
  • Аяқты қайшылап жүгіру (оң және сол қапталмен) (8–10 м).
  • Әр үш қадам сайын кеудені керіп, жоғары секіру.
  • Ысқырық белгісі бойынша соңғы оқушы шапшаң жүгіріп, бастаушы болады (8–10 м).
  • Тізені көтеріп жүгіру (8–10 м).
  • Тыныс алу жаттығулары; терең тыныс алуды бақылау.

Ескерту: жаттығулардың дұрыс орындалуын үнемі қадағалау.

Негізгі бөлім: техникаға бағытталған жаттығулар

Шабуылдаушы соққыға арналған арнайы жаттығулар

  1. 1) Қабырғаға қарап тұрып, допты саусақпен еденге соғып орындау.
  2. 2) Жүгіріп келіп, шабуылдап соғу қимылын имитациялау.
  3. 3) Осы жаттығуды кіші доппен тор арқылы орындап, нысанаға дәлдеуге көңіл бөлу.
  4. 4) Қабырғаның жанында әріптесіне допты лақтырып барып, екі қадаммен шабуылдай соғу (қабырғадан 5–7 м).
  5. 5) Қабырғаның жанында әріптесіне допты лақтырып барып, үш қадаммен шабуылдай соғу (қабырғадан 5–7 м).
  6. 6) 4–5-жаттығуларды аласа тор арқылы орындау.

Тосқауыл қоюға арналған жаттығулар

  1. 1) Аласа торда тосқауыл қою қимылдарын орындау.
  2. 2) Ойыншылар тордың екі бетіне екі-екіден орналасып: біреуі шабуыл соққысын, екіншісі тосқауылды бейнелейді.
  3. 3) Топ болып тосқауыл қимылдарын үйлестіре орындау.

Екі жақты ойын (тәжірибелік бекіту)

Ойыншыларды үш-үштен 4 топқа бөліп, үйренген әдістерді қолдана отырып екі жақты ойын ұйымдастыру. Ойын барысында жіберілген қателер түзетіліп отырады.

Қорытынды бөлім

Қозғалмалы ойындар және босаңсыту

  • Оқушыларды сапқа тұрғызу.
  • Жеңіл жүгіру.
  • Босаңсыту жаттығулары.

Сабақты қорытындылау

  • Оқушылардың жұмысын бағалау.
  • Үй тапсырмасын беру.