Ананың көңілі
Сабақтың мақсаты
1
Баубек Бұлқышевтың «Ана» мәтінімен таныстыру, мазмұнын ашу.
2
Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
3
Аналарды құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Үй тапсырмасын тексеру: Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесінің мазмұнын сұрау.
- Әңгімедегі апа бейнесіне мінездеме беру.
Мәтіндегі мінездеме (үлгі)
Ол кісі әңгімеге сараң, көп сөйлемейтін, өз ісімен ғана жүретін, қақ-соғы жоқ, инабатты, жуас жан еді. Дүниедегі өсек-аяңды, қулық-сұмдықты білмейтін; тірі пенденің бетіне «әй, сен сондайсың» деп қарамаған, ешкімнің көңіліне тимеген. Ораза-намазы бұзылмаған, таза да тәкаппар әйел болатын.
Оралхан Бөкей апасына деген сағынышын нәзік суреттесе, Баубек Бұлқышев «Ана» туралы жүрек сөзін айтады.
2) Негізгі бөлім
Талқылау сұрағы
«Ана» деген сөзді әркім әртүрлі түсінеді. Оқушылардың ой-пікірін тыңдап, ортақ мағынаны айқындау.
Дәптермен жұмыс
- Күннің жадын жазу: 3 ақпан.
- Тақырып: Баубек Бұлқышев. «Ана».
- Автор туралы қысқаша мағлұмат беру.
Ассоциация стратегиясы
Ана туралы, ананың қасиеті туралы айта берсек, ол таусылмайтын жыр. Оқушылар «Ана» ұғымына ассоциациялар ұсынады: мейірім, жылулық, қамқорлық, сабыр, тілек, тәрбие.
Мәтінмен жұмыс
Мәнерлеп оқу
Мұғалім мәтінді музыка ырғағымен (мысалы, «Көңіл толқыны» күйі) мәнерлеп оқиды. Одан кейін әр азат жолды оқушылар кезекпен оқиды.
Сөздікпен жұмыс («Сыр сандық»)
- Уанбай
- Көнбей жылау, басылмай жылау.
- Құндақта
- Жаялыққа оралған сәби (құндақталған бала).
Ой толғаныс
Ананың және әженің мейірімін бейнелейтін суреттер бойынша пікір алмасу: «Мейірім қалай көрінеді? Қамқорлықтың белгісі қандай?»
Ұйқас тап
Ана — өмір ...,
Ана — өмір ...,
Бесігімнің ...,
Жүрегімде ...
Сергіту сәті: «Жалғасын тап»
- Ананың көңілі — балада, баланың көңілі — далада.
- Әке — асқар тау, ана — қайнар бұлақ, бала — жағалаудағы құрақ.
- Анаға қарап — қыз өсер, әкеге қарап — ұл өсер.
Өмірмен байланыстыру
Дәйексөз
«Ана — бәрінен де қымбат, жалпақ дүниеден де үлкен».
Осы ойға сүйене отырып, анасыз үлкен жетістікке жету мүмкін еместігін талқылау.
Сұрақ
Қазақстанда бүгінгі таңда қандай елеулі оқиғалар болып жатыр? Елдің әлемге танылуына қандай мысал келтіруге болады?
Мысал: Қысқы Азиада ойындарының Астана мен Алматы қалаларында өтуі. Спорт түрлерінің суреттерін көрсете отырып, сұрақ-жауап ұйымдастыру және спортшыларға сәттілік тілеу.
Тапсырмалар
1) Шығармашылық тапсырма
Ана туралы бір шумақ өлең немесе мақал-мәтел айту.
2) «5 жолды өлең» стратегиясы
- 1 зат есім
- 2 сын есім
- 3 етістік
- 1 сөйлем
- 1 синоним
Үлгі (зат есім: «Ана»)
Ана
мейірімді, сезімтал
тәрбиелейді, жұбатады, үйретеді
Ана мейірімділікке үйретеді
шеше
Қорытынды ой: Бізді барлық жақсылыққа жетелейтін — ана. Ол біздің өміріміздің тірегі, мейірімнің бастауы.
3) Қорытынды бөлім
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, мәтінді түсінуі, мәнерлеп оқуы және жауаптарының нақтылығы бойынша бағалау.
Үй тапсырмасы
- Б. Бұлқышевтің «Ана» мәтінін жаттау.
- «Ана» тақырыбына шығарма жазу.
Сабақ соңында «Ана тілі — өмір шырағы» әнінің ырғағымен қонақтарға оқушылардың шағын сыйлықтары үлестіріледі.
Осы отырған баршамыздың аналарымыз аман болсын!