ГЕОГРАФИЯ СҰРАҚТАРЫ

«Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойыны

Бұл іс-шара 15 қараша — Ұлттық валюта және Қаржыгерлер күніне орай ұйымдастырылған «Теңге — Тәуелсіздік символы» апталығы аясында өткізіледі.

Өтілетін орны

Мәжіліс залы

Ұйымдастырушы

Есепші мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы

Қатысушылар

Барлық мамандықтағы оқушылар

Әдіс-тәсілдер

Ойын, сұрақ-жауап

Мақсаты

  1. Оқушылардың әр сала бойынша білімдерін кеңейту, білім деңгейін және шығармашылық ізденісін бағалау. Жалпы білім беру пәндерінен алған білімді өмірде қолдануға үйрету.
  2. Сұрақтарға толық әрі нақты жауап беру дағдысын қалыптастыру.
  3. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру және белсенділікті арттыру.

Іс-шараның басталуы

Қатысушылармен танысу

Құрметті оқытушылар мен оқушылар! Қараша айының 17–22 күндері аралығында өтетін апталық аясында ұйымдастырылған «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер! Оқушылар білімдерін жоғары деңгейде көрсетеді деп сенеміз және қатысушыларға сәттілік тілейміз.

(Музыка қосылып, қатысушылар орындарына жайғасады.)

I топ

«ДИНАР» (6 оқушы)

II топ

«ТЕҢГЕ» (6 оқушы)

Әділқазылар алқасы

Әділқазылар алқасы таныстырылып, ойынның әділ әрі ашық өту қағидалары жарияланады.

Кіріспе сөз

Уа, жараңдар, жараңдар,
Мына бізге қараңдар.
Мінеки, залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ал, ендеше, келіңдер —
Сайысымызды бастаймыз!

Ойынның барысы және ережелері

Құрамы және таныстыру

  • Әр команда 6 ойыншыдан құралады.
  • Әр команда өздерін қысқаша таныстырады.
  • Алғашқы болып ойнайтын команда жеребе арқылы анықталады.

Раунд және уақыт

  • Ойын 12 раундтан тұрады.
  • Әр раундта 1 сұрақ қойылады.
  • Жауапқа 1 минут уақыт беріледі (топпен ақылдасуға болады).

Сұрақ таңдау механикасы

  • Үстелде 12 конверт болады, әрқайсысында 2 сұрақ.
  • Конверттің сыртында пән/тақырып көрсетіледі.
  • Үстелді айналдырғанда бағыттауыш қай сектор түссе, сол сұрақ ойналады.
  • Егер бағыттауыш бұрын ойналған секторға түссе, сағат тілі бағытымен оң жақтағы келесі сектор алынады.

Ұпайлау және қосымша мүмкіндік

  • Дұрыс жауап үшін команда 10 ұпай алады.
  • Қате жауап болса, келесі команда жауап беруге мүмкіндік алады.
  • Екі команда да жауап бере алмаса, ұпай берілмейді.
  • Егер команда жауапты бірден берсе (1 минут күтпей) және жауап дұрыс болса, үнемделген уақыт келесі сұраққа қосылады.

Сұрақтар топтамасы

Төменде ойын барысында қолданылатын пәндер бойынша үлгі сұрақтар мен жауаптар берілген.

География

1) Сұрақ

Канада жалауында не бейнеленген?

Жауабы

Үйеңкі жапырағы.

2) Сұрақ

Анхель сарқырамасы қайда орналасқан?

Жауабы

Әлемдегі ең биік Анхель сарқырамасы Венесуэланың тропикалық ормандарында, Канайма ұлттық саябағында орналасқан. Биіктігі шамамен 1000 метр, ал судың үздіксіз құлау биіктігі — 800 метрге жуық.

Салт-дәстүр

1) Сұрақ

Торсық — Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Ол көбіне түйенің, бұғының немесе өгіздің мойын терісінен жасалады. Неліктен торсықтың пішіні айшыққа ұқсас болып келеді?

Жауабы

Сусын ішкен сайын ішіндегісі таусылып қалмасын әрі кейін сауылған сүтті құйғанда алдыңғы сусын ашытқы ретінде сақталуы үшін екі жағы айшықтап жасалған.

2) Сұрақ

Сақтар тамаққа сары майды алғашқылардың бірі болып қолданған. Оның қазіргі сары майдан қандай айырмашылығы болған?

Жауабы

Оны жылқы сүтінен жасаған.

Экономика және қаржылық есеп

1) Сұрақ

1C: Бухгалтерия бағдарламасының авторы Борис Нуралиевтен «Неліктен бұл бағдарламаны 1С деп атадыңыз?» деп сұрағанда, ол атаудың екі артықшылығы бар екенін айтқан. Біріншісі — мағынасы бірден түсініксіз атау қызықтырады. Екінші артықшылығы қандай?

Жауабы

Каталогтарда атауы саннан басталғандықтан, бағдарлама тізімде көбіне бірінші болып шығады.

2) Сұрақ

1953 жылы Франциядағы ірі дүкендердің біріне қолында әтірі бар адам кіріп, оны еденге лақтырып сындырады. Ол мұны қандай мақсатпен жасайды?

Жауабы

Жарнама жасау үшін.