Өлеңді мәнерлеп оқуы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пәні
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы
Жарасқан Әбдірашев: «Алматы – бас қалам, Жас қала – Астанам»
Мақсаты
Оқушыларды Жарасқан Әбдірашевтың «Алматы – бас қалам, Жас қала – Астанам» өлеңін мәнерлеп әрі түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті ойын ашуға жағдай жасау.
Міндеттері
- Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
- Байланыстырып сөйлеуін және шығармашылық ойлауын дамыту.
- Өз ойын еркін, дәл жеткізуге дағдыландыру.
Қолданылған модульдер мен тәсілдер
Модульдер
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- Білім берудегі басқару және көшбасшылық
- Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу
Стратегиялар
Сабақтың барысы
I. Кіріспе
Ұйымдастыру және психологиялық дайындық
«Балқашым – балбұлағым,
Мақтанар туған жерім.
Алаңсыз боп құшағыңда,
Ер жетіп өсіп келемін.»
Топқа бөлу
Оқушылар бірлесе жұмыс істеу үшін сурет қиындылары арқылы 4 топқа бөлінеді:
- 1-топ: Балқаш
- 2-топ: Алматы
- 3-топ: Астана
- 4-топ: Көкшетау
Үй жұмысын тексеру
- 1-, 2-, 3-топ: «Көкшетау» өлеңін тізбектей жатқа айтады.
- 4-топ: өлең бойынша ментальды карта құрады.
- Өлең мазмұны бойынша қысқаша талқылау жүргізіледі.
II. Негізгі бөлім
Жаңа тақырыпқа кіріспе
- «Жарасқан Әбдірашев кім?» тақырыбында слайд көрсетіледі.
Түрткі болу сұрақтары
- Қазір қандай тарауды өтіп жатырмыз? Оқыған шығармаларды атаңдар.
- Алматы қаласы туралы не айта аласыңдар?
- Астана қаласы жайлы не білесіңдер?
- Қазақстанның астаналары қандай болған? Атап көріңдер.
Оқулықпен жұмыс
- Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
- Оқушылар өлеңді тізбектей оқиды.
Сергіту сәті
«Алматы – бас қалам, Астана – жас қалам» тақырыбындағы әнмен қимыл-қозғалыс арқылы сергіту ұйымдастырылады.
Сөзжұмбақ (өлең мазмұны бойынша)
Сөздер тізімі
- 1) Қара
- 2) Бас
- 3) Тау
- 4) Сарыарқа
- 5) Керілген
- 6) Болашағы
Сұрақтар
- 1) Қарт Алатауды автор кім дейді?
- 2) Ақын Алматыны қандай қала деп атайды?
- 3) Елге несі бар қала жарасады дейді?
- 4) Алашаны еске түсіретін қай өлке?
- 5) Астана қандай даланың сәні?
- 6) Сарыарқада қазақтың несі бар дейді?
III. Қорытынды
Топтық жұмыс
1-топ
Ментальды карта құру.
2-топ
«Бес жолды өлең» құрастыру (синквейн).
- 1-жол: зат есім (1 сөз)
- 2-жол: сын есім (2 сөз)
- 3-жол: етістік (3 сөз)
- 4-жол: сөйлем (4 сөз)
- 5-жол: зат есім (тақырыпты түйіндеу)
3-топ
Эссе жазу: «Туған қалам».
4-топ
Венн диаграммасы: Алматы мен Астананы салыстыру.
Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек»: әр оқушы екі ұнаған тұсты және бір ұсынысын жазады немесе ауызша айтады.
Бағалау (критерийлер бойынша)
- Үй жұмысына жауап беру.
- Сұрақ-жауапқа қатысу.
- Өлеңді мәнерлеп оқуы.
- Пікірталасқа қатысып, өз ойын жеткізе алуы.
- Топтық жұмыста белсенділік танытуы.
Үй тапсырмасы
Өлеңді жаттау және мазмұндау.