Сабақтың әсерлі сәттері
Қысқа мерзімді жоспар (қазақ тілі, 2-сынып)
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Атамекен» орта мектебі ММ. Бастауыш сынып мұғалімі: Набиева Жұлдыз Базарбаевна.
Сабақтың тақырыбы
Сөз және сөз құрамы
Ресурстар
- Электронды оқулық
- Оқулық
- Әдістемелік құралдар
Әдіс-тәсілдер
- Кубизм әдісі
- Модульдерді ықпалдастыру (1, 2, 3, 5-модульдер)
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың түбір мен қосымша тақырыбы бойынша білімдерін арттыру.
Сабақтың міндеттері
- Ойлау дағдыларын дамыту
- Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
- Сөздерді көп мағынада қолдануды талдау
- Дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру
- Салыстыру білігін жетілдіру
- Өнегелі болуға бағыттау
Күтілетін нәтиже
- Сөз құрамына талдау жасайды
- Салыстырады және қорытынды шығарады
- Жеке және жұппен жұмыс істейді
- Сөйлем ішіндегі сөздерді талқылайды
Негізгі идея
Оқушылар өзара пікір алмасады және өз ойын дұрыс, жүйелі түрде жеткізе алады.
Сабақтың құрылымы және уақыт бөлу
1-тапсырма: Ұйымдастыру және өткен сабақты пысықтау
7 минут
Сыныппен байланыс орнату, ынталандыру, психологиялық дайындық. Өткен тақырыпты еске түсіру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
2-тапсырма: Тұсаукесер және түсіндірме сұрақтар
9 минут
Жалпылама сұрақтар арқылы жаңа тақырыпқа жетелеу, негізгі ұғымдарды нақтылау.
Негізгі бөлім
10 минут
Жеке және жұптық жұмыс арқылы сөз құрамын талдау, салыстыру және пікір алмасу дағдыларын қалыптастыру.
Сергіту сәті және кейінгі тапсырмалар
Қысқа
Қимыл-қозғалыс арқылы назарды шоғырландыру, келесі әрекеттерге дайындық.
527-тапсырма
1 минут
Қысқа уақыт ішінде тапсырманың мақсатын нақтылап, орындауға бағыт беру.
Рефлексия
2 минут
Оқушы эмоция немесе смайлик арқылы өз көңіл күйін білдіреді. Қосымша сұрақтар: «Сабақтағы кедергілер…», «Сабақтың әсерлі сәттері…»
Мұғалімнің іс-әрекеті: ұйымдастыру кезеңі
Көңіл күй ахуалы және психологиялық дайындық
Сыныппен байланыс орнату, ынталандыру (2 минут).
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз!
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға.
Алға қадам аттаймыз,
Біз сабақты бастаймыз!
Өткен сабақты еске түсіру (пысықтау)
Мұғалімнің бағыттауы: «Балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Әрбір ісімізге мұқият болайық».
Үй тапсырмасы
Өткен сабақ бойынша 522-жаттығу: суретке әңгіме құрастырып келу.
Сурет бойынша жұмысқа арналған сұрақтар
- Сурет бойынша әңгіме құрастырғанда алдымен неге назар аудардың?
- Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтайсың?