Акула, Л. Толстой
Сабақтың тақырыбы
«Акула», Л. Толстой
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылар мәтіннің мағынасын талдай отырып, акула туралы білімін кеңейтеді.
Дамытушылық
Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауын дамытады, қиялын ұштайды, сезімін оятады.
Тәрбиелік
Ізденімпаздыққа, өз бетімен жұмыс істеуге, жан-жақты болуға үйретеді; пәнге қызығушылығын арттырып, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Түрі
Аралас сабақ.
Көрнекілік
- Тақырып жазылған плакат
- Сөзжұмбақ
- Акуланың және балықтардың суреттері
- Парақшалар
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, жұмыс ырғағын қалыптастыру.
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасының мазмұнын сұрау, негізгі ойды анықтау.
Сөзжұмбақ шешу
- 1.Қазақстан теңізі
- 2.Каспийде тіршілік ететін балық
- 3.Балықтың көбею жолы
- 4.Балық аулайтын тор
- 5.Суда өседі, өнеді; сыртқа шықса өледі
Жаңа сабақ
Ой қозғау
Акула — балықтың бір түрі. Ол туралы не білеміз? Қайда кездеседі? Қандай ерекшелігі бар?
Акула туралы мәлімет
- Теңіздер мен мұхиттарда, кейде тұщы суларда да кездеседі.
- Дене ұзындығы 15 см-ден 20 м-ге дейін жетеді.
- Салмағы 14 тоннаға дейін болады.
- Іштей ұрықтанады; кейбір түрлері ұрпағын тірі туады.
- Көру қабілеті онша дамымаған, ал иіс сезуі өте жақсы жетілген.
Қорғану тәсілі туралы қызықты дерек
Су астында жұмыс істейтін адамдар үшін акуладан қорғанудың жолдары қарастырылған. Зерттеушілер акуланың сасып, бұзылған ет тасталған жерге жоламайтынын байқаған. Химиктер бұзылған етте сірке қышқылы болатынын анықтап, акуланың сол иістен қашатынын дәлелдеген. Осыған байланысты сүңгуірлерге акуладан қорғану үшін сірке қышқылды мыс ерітіндісін қолдану ұсынылған.
Мәтінмен танысу
Бүгін біз Лев Толстойдың «Акула» мәтінімен танысамыз.
Автор туралы
Лев Толстой (1828–1910)
Лев Толстой — орыстың ұлы жазушысы. Ол тек жазушылықпен ғана айналыспай, ұстаздық іспен де шұғылданған. Ясная Полянада шаруалардың балалары үшін мектеп ашып, педагогикалық журнал шығарған, «Әліппе» оқулықтарын жазған. Оның әлемге әйгілі «Соғыс және бейбітшілік» романы, сондай-ақ балаларға арналған әңгімелері мен кітаптары бар.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді түсіндіру
Мұғалім мәтін мазмұнын оқушыларға түсіндіріп, оқиға желісін талдайды.
Сөздік жұмысы
Мәтіндегі түсінуге қиын сөздер суреттер арқылы түсіндіріледі:
- Зәкір, білте
- Артиллерист, матрос
- Палуба
Сергіту сәті
Біз жүземіз көл астында,
Біз жүземіз көл үстінде,
Жүземіз оңға, жүземіз солға,
Шоршимыз анда-санда.
Сұрақтармен жұмыс
- 1 Балалар ашық теңізде неліктен жүзбекші болды?
- 2 Кенеттен палубадағыларды абыржытқан қандай оқиға болды?
- 3 Балалар акуладан қалай аман құтылды?
- 4 Мәтінге басқа қандай ат қоюға болады?
Қорытындылау және бағалау
Білімді тексеру
Оқушылардың түсіну деңгейі семантикалық кесте арқылы тексеріледі, жауаптары бағаланады.
Қауіпсіздік мәселесі
Суға шомылу кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек? (Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады.)