Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімін тексеру және дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу; рухани-адамгершілік қағидаларымен таныстыру; Шәкәрімнің өмірбаянын тереңірек меңгертіп, Абай шығармаларымен үндестігін салыстыра талдату.
Тәрбиелік
Шәкәрім өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру; жаман мінезден аулақ болуға, адами сезімді қастерлеуге, сүйіспеншілікке және ішкі рухани тазалыққа баулу.
Дамытушылық
Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасын қалыптастыру; ойды еркін әрі нақты жеткізуге үйрету; тіл байлығын шыңдау; өзін-өзі дамыту арқылы жауапкершілігі жоғары, адал қызмет ететін, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.
- Сабақтың мақсаты мен барысын таныстыру.
Мұғалім сөзі
Балалар, бүгін біз Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармалары туралы оқып-білгенімізді ортаға салып, жинақтап қорытындылаймыз.
Сұрақ: Шәкәрімнің қандай әндерін білесіңдер?
Шәкәрімнің жиырмаға тарта әсем әуезді әндері бар. Мысалы: «Бостандық таңы атты», «Жастарға», «Шын сырым», «Жастық туралы», «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек», «Молдалар өзгелерді кәпір дейді», «Жасымнан жетік білдім», «Ажалсыз әскер».
Сабақтың басталуы
Сабақты «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» әнін тыңдаудан бастаймыз. Әуен жүріп тұрған кезде бір оқушы Венн диаграммасын толтырады.
Венн диаграммасы: Абай мен Шәкәрім
Өткен сабақта Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармаларын талдадық. Енді салыстыру үшін Венн диаграммасында:
- бір шеңберге — тек Абайға тән қасиеттерді;
- екінші шеңберге — тек Шәкәрімге тән деректерді;
- ортақ бөлігіне — ұқсастықтарын жазамыз.
Оқылым
Ұлы кемеңгерге арналған өлең жолдарын оқимыз: Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңі.
Жаңа сабақ
1) Өмірбаянмен жұмыс
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны бөлімдер бойынша оқушыларға таратылып беріледі: Айым, Айдар, Қайрат, Анар.
Мәтінмен дайындалу барысында өмірбаян слайд арқылы көрсетіледі (қосымша тыңдалым: «Анадан алғаш туғанда» әні).
Оқушылар топпен бірігіп мәтінді талқылайды.
Тексеру сұрақтары
- Шәкәрім қандай ақын?
- Ақындық таланты неше жастан көріне бастады? (7 жас)
- Әкесінен неше жасында жетім қалды? (8 жас)
- Қай ақындардың шығармаларын орыс тіліне аударды? (Пушкин, Толстой, Лермонтов, Некрасов)
- Күңке әжесінің шын аты қалай? (Әйбөбек)
- Шәкәрімді домбыраға үйреткен әнші кім? (Біткенбай)
2) Сергіту сәті (тренинг): есте сақтау қабілеті
Көру арқылы есте сақтау
Теңеу, кейіптеу, аллегория (пернелеу), метонимия (алмастыру), синекдоха, ирония, гипербола (ұлғайту) — 10 сөз.
Қайталау арқылы есте сақтау
Литота (кішірейту), антитеза (шендестіру), градация (дамыту), эллипсис, инверсия, проза, поэзия.
Ауада жазып есте сақтау
Гротеск, диуан, импровизация, очерк, плагиат, рубаят, повесть, фабула, эпизод, эссе.
Есту арқылы есте сақтау
Кебек, Нартайлық, Еңілік, Насихат, Әділ, Мәрия, Адамшылық, Бичер, Гарриэт Стоу.
3) Әдеби терминдермен жұмыс
Слайдтар арқылы әдеби терминдер көрсетіледі. Оқушыларға мысалдар таратылып, өлең жолдарының қай әдеби тәсілге сай келетінін анықтайды: мысал келтіреді, дәлелдейді.
Мысал
Күшік асырап, ит еттім —
Ол балтырымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген болды, мені атты.
Тапсырма
Осы үзіндіден қолданылған көркемдік тәсілді табыңдар, дәлел келтіріңдер және өздерің бір мысал жазыңдар.
Негізгі идея: рухани-адамгершілік әлемі
Шәкәрім өлеңдерінің тақырыптық ауқымы кең. Соның ішінде айрықша орын алатын бағыт — рухани-адамгершілік мәселелері. Ақын ар-ұятты жоғары қояды.
Шығармашылық тапсырма
Кемеңгер ақынға арнап төрт жолдан тұратын бір шумақ өлең жазыңдар. Кейін интерактивті тақтада ұсынылған үлгі бойынша талдау жасаймыз.
Өлең құрылысы мен ұйқас
Шәкәрім қара өлең, кезекті, шалыс, аралас ұйқастармен шектелмей, Абай қолданған шығыстың ғаруз ұйқасының үлгісін де шебер пайдаланады. Буын өлшемін құбылтып, кейде өлеңді бірыңғай алты буынмен, кейде сегіз буынмен береді.
Мысал (ұйқас үлгісі)
Ескіден қалған сөз теріп,
Өз ойымнан өң беріп,
Үйретуді жөн көріп,
Түзетпек едім адамды.
Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру
Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалыптастырған шығармашылық дәстүрді жалғастырып, оны өз жаңалықтарымен байытқан Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы — әдебиетіміздің асыл қазынасы. Абай мектебінен тағылым алған Шәкәрім өлеңдері ой тереңдігімен, адамгершілік мұраттарымен үндесіп жатады.
Шәкәрім
Адам үшін еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағаныңды қарап ал,
Мұрам сол — жастарға бергенім.
Абай
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Талқылау
Екі ақынның өлеңдеріндегі ортақ идеяны анықтаңдар: жастарға үлгі беру, еңбек пен білімнің құндылығы, адамшылық мұраты.
Практикалық бөлім
Географиялық карта бойынша жұмыс
Карта арқылы Шәкәрім өміріне байланысты жерлер көрсетіледі: Шыңғыстау, Семей, Шақпақ, Саятқора, Бақанас.
Бір оқушы картамен жұмыс істеген кезде, екінші оқушы Шәкәрімнің шежіресін тақтаға бормен сызба түрінде көрсетеді.
Тест және көрініс
- Тест жұмысы: оқушылар өздері 3–4 сұрақтан тұратын тест құрастырады.
- Көрініс: құдық басында әкесінің сүйегін жинауға барған Ахат пен әкесі Шәкәрім арасындағы диалог.
Қорытынды бөлім
Бағалау
Оқушылар өз жұмыстарын критерий бойынша бағалайды (өзін-өзі бағалау және топтық бағалау).
Үй тапсырмасы
Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» поэмасын оқу.