Жедел жәрдем

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы
Қатынас, Таным
Бағыты
Тіл дамыту, Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы
«Жол ережесін білесің бе?»

Мақсаты

  • Балаларды жол жүру ережелерімен таныстыру.
  • Бағдаршамның үш түсін ажыратып, жолға шыққанда өзін қалай ұстау керектігін үйрету.
  • Сақтыққа, тәртіпке және жол ережесін орындауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Бағдаршам макеті МАИ қызметкері (рөлдік кейіпкер) Жаяу жүргінші өткелі (зебра) Ойыншық көліктер Жол белгілері

Сабақ барысы: саяхат түріндегі оқиға

Мотивациялық кезең

Тәрбиеші оқу іс-әрекетін өлең жолдарымен бастайды:

Жалғайтын, достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Сабағымызды бастаймыз сәлемменен!

Балалар амандасады және сабаққа көңіл күйін жинақтайды:

Арманға алдан күткен асығамыз,

Біз қалай шапқан аттай басыламыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықпен алға ұмтылған жас ұланбыз!

Іздену-ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші: «Бүгін бізде ерекше күн. Біз орманға саяхатқа шығамыз. Жол алыс болғандықтан, көлікпен баруымыз керек. Қай көлік екенін жұмбақ арқылы табайық».

Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді.

Жүк емес, жануарға жүз адам да,

Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді.

Жауабы: автобус.

Балалар «автобусқа» жайғасады. Сапар барысында жол ережелерін еске түсіреді: жол белгілерінің түрлері, бағдаршамның түстері, жаяу жүргінші өткелі.

Жол белгілерімен танысу

Кеудесіне белгі таққан бес бала ортаға шығып, жол белгілерінің мағынасын өлеңмен таныстырады.

Бағдаршам

Менің атым — бағдаршам,
Бар әдемі үш көзім.
Алдамаймын аңғарсаң,
Ақылдымын тіпті өзім.

Ескерту белгісі

Үшбұрыш боп тұрамын,
Қателеспес үшін де —
Көз сал маған, шырағым!
Жолда күткен қауіпті
Ескертемін мен оған.

Тыйым салу белгісі

Болмау үшін қиын күн,
Қажеті бар тыйымның.
«Болмайды!» деп бұйырдым —
Тыйымды сақта, тұра қал,
Әрі қарай аттама!

Анықтама белгісі

Түнде, күндіз, кеште де
Жөн сілтеймін жолға сай.
Анықтама болмаса,
Аңғармайсың ештеңе.

Көрсеткіш белгісі

Жол созылмақ қаншаға,
Қайда асхана, қонақүй бар —
Көрсетемін саған дәл,
Не көрсетсем, соған бар!

Көрініс 1: Қала көшесіндегі тәртіп

Автобус қала көшесімен келе жатады. Қиылыста бағдаршам тұр. Тәрбиеші: «Бағдаршамның қай түсі жанғанда тоқтаймыз?» Балалар: «Қызыл түс жанғанда тоқтаймыз».

Кенет жедел жәрдемнің сиренасы естіледі. Тәрбиеші: «Бұл қандай көлік? Қай көлікке жол береміз және неге?»

Балалардың жауабы: «Жедел жәрдемге жол береміз, себебі ішінде науқас болуы мүмкін, олар адам өмірін құтқаруға асығады».

Осы сәтте бағдаршамға бағынбай жүгіріп өтпек болған баланы МАИ қызметкері тоқтатып, ескерту жасайды. Балалар тәртіп сақтаудың маңызын түсінеді.

Көрініс 2: Орманға жақындау және «Жануарлар» белгісі

Жүргізуші көліктің жүрісін баяулатады. Тәрбиеші балалардан себебін сұрайды. Балалар белгіге назар аударады: ішінде жануардың суреті бар ескерту белгісі.

Түсіндіру: «Жануарлар» белгісі тұрған жерде жүргізуші абай болуы керек. Әйтпесе жануар жолға шығып, қауіп төнуі мүмкін.

Балалар орманға жетіп, әрі қарай жаяу жүреді.

Көрініс 3: Бағдаршам жоқ жерде жолдан өту

Балалар Аю мен Қонжықты кездестіреді. Аю жолдан өтерде солға, кейін оңға қарау керегін айтады. Қонжық: «Апай бізге бағдаршамға қараңдар деген» дейді.

Тәрбиеші жағдайды түсіндіреді: орманда әр жерде бағдаршам болмайды, сондықтан қауіпсіз өтудің ережесін білу қажет.

Ереже: «Бағдаршам жоқ жерде жолдан жаяу жүргінші өткелімен (зебрамен) өту керек. Алдымен солға қарайсың, жолдың ортасына келген соң оңға қарайсың».

Қонжық алғыс айтады, Аю балаларға ризашылығын білдіреді.

Көрініс 4: «Велосипед тебуге болмайды» белгісі

Орман ішінде балалар жараланған Түлкі мен Қоянды көреді. Екеуі велосипедке байланысты дауласып қалады. Тәрбиеші оларды сабырға шақырып, автобусқа отырғызады да, Айболитке апаратынын айтады.

Жол бойында белгі көрінеді. Балалар оның мағынасын табады.

Балалардың жауабы: «Велосипед тебуге болмайды» белгісі.

Тәрбиеші: «Белгілерді байқап, жолда әрқашан айналаға мұқият қараңдар» деп қорытынды жасайды.

Балабақшаға оралу

Балалар кері қайтады. «Байқа! Балалар!» белгісі көрінеді. Балалар: «Бұл — балалар жүретін жер, жүргізуші абай болуы керек» деп жауап береді.

Тәрбиеші саяхаттың ұнаған-ұнамағанын сұрайды. Балалар саяхаттың қызықты өткенін айтады және жол бойында кездескен ережелерді еске түсіреді.

Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.