Заттың атын білдіретін сөздермен таныстыу
Сабақ тақырыбы мен мақсаттары
Тақырыбы
Заттың атын білдіретін сөздер. А. Құнанбаев: «Адам болам десеңіз».
Білімділік мақсаты
- Заттың атын білдіретін сөздермен таныстыру.
- А. Құнанбаев туралы қысқаша мәлімет беру.
- Жаңа сабақты меңгерту.
Дамытушылық және тәрбиелік
- Оқу-жазу дағдыларын қалыптастыру, тілін және сөйлеу мәнерін дамыту.
- Қызығушылықты арттыру, ұжымдық жұмысқа баулу.
- Сауатты, көркем жазуға, жақсыны үйренуге және жаман қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Суреттер, слайдтар.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ұжымдық жұмыс.
Сабақ түрі
Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың барысы
1-кезең. Ұйымдастыру
Сынып оқушыларын түгелдеп, зейіндерін сабаққа аудару. Жағымды көңіл күй қалыптастыру.
Қуан, шаттан, балақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн —
Күліп шықты күн бүгін.
Жарқырап күн шықты.
Бүгінгі сабақты жақсы көңіл күймен бастайық.
2-кезең. Үй тапсырмасын тексеру және қызығушылықты ояту
«Малдың пайдасы» мәтінін мәнерлеп оқу. Үй тапсырмасы бойынша жұмбақтарды шешу, сұрақтарға жауап беру.
Жұмбақтар
-
Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.
Тапсырма: «Қой» сөзі неше дыбыстан тұрады? Дауысты дыбыстарды ата.
-
Екі найзасы бар, екі айнасы бар.
Тапсырма: Дауыссыз дыбыстарды ата.
-
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең — қанат, сүті — дәрі, еті — тамақ.
Тапсырма: «Жылқы» сөзін буынға бөл. Неше буыннан тұрады? Неліктен екі буынды?
Әңгімелеу: Көктем көрінісі
Жылдың көктем мезгілі. Көктемде табиғат жаңарып, күн жылынады. Мал төлдеп, төлдер өріске шығады. Кешке өрістен қайтқан төлдерді ауылға айдап, әртүрлі дауыспен шақырамыз.
Ойын: «Төлді тап»
Мұғалім төлдерді әртүрлі дауыспен шақырады, оқушылар қай төл шақырылғанын анықтап, тапсырмаларға жауап береді.
Ертеменен айқайлап,
Қайда екен деп ақылдым.
«Ақау, ақау!» — ақаулап,
Қай төлді мен шақырдым?
Сұрақ: Сүттен жасалатын өнімдерді ата.
Шұнтандаған неме деп,
Қосса жақсы келер деп.
«Шөре, шөре!» — шөрелеп,
Қай төлді мен шақырдым?
Сұрақ: Қой мен ешкі жүнінен қандай бұйымдар жасалады?
Жүрмесін деп қалыс қап,
Қайта-қайта дауыстап.
«Қауыс, қауыс!» — қауыстап,
Қай төлді мен шақырдым?
Сұрақ: Түйе сүті қалай аталады?
Құйрық жүні сусылдап,
Тез жетсін деп зуылдап.
«Қырау, қырау!» — қыраулап,
Қай төлді мен шақырдым?
Сұрақ: Жылқы сүті қалай аталады?
3-кезең. Жаңа сабақ
Күннің жадын жазу. Суретпен жұмыс арқылы заттың атын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтармен танысу.
Негізгі сұрақтар
Кім? Кімдер?
Адамдарға, мамандық иелеріне қойылады.
Не? Нелер?
Жануарларға және заттарға қойылады.
Ереже
Заттың атын білдіретін сөздерге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады.
Тәрбиелік әңгіме: Жақсы іс пен жаман іс
Сурет бойынша: «Кімдерді көріп тұрмыз? Қай баланың ісі дұрыс?» деген сұрақтар қойылады. Балаларға ат қоямыз: Арман және Асқар.
Арманның ісі дұрыс: ол табиғатқа қамқорлық жасап, ағаштарды күтіп-баптайды. Ағаштың пайдасы туралы ой бөлісеміз.
Асқардың ісі дұрыс емес: ол қателік жібереді. Адам бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады. Сондықтан жақсы қасиеттерге жақын болып, жаман қылықтан аулақ жүру керек.
Абай атамыз «Адам болам десеңіз…» өлеңінде жақсы мен жаман қасиеттерді нақты көрсетеді. Енді өлеңмен және Абайдың өмірі туралы мәліметпен танысамыз.
А. Құнанбаев туралы қысқаша мәлімет
- Өмір сүрген жылдары
- 1845–1904
- Қызметі
- Ұлы ақын, сазгер, аудармашы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.
- Туған жері
- Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы.
«Бес дұшпан» және «бес асыл іс»
Слайд арқылы көрсетіліп, әрқайсысына жеке-жеке түсінік беріледі: жаман әдеттен сақтану және жақсы қасиеттерді дамыту.
4-кезең. Қолдану
Оқулықпен жұмыс, сергіту сәті және дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылған.
Керегелер керіліп,
Киіз үй боп тігілер.
Дәптермен жұмыс
а) Көркем жазу
Әдемі, таза, біркелкі жазуға назар аудару.
ә) Топтастыру тапсырмасы
Бұлттардағы сөздерді сұрақтарға сәйкес «көлшіктерге» орналастыру: кім? және не?.
5-кезең. Бекіту, үй тапсырмасы және бағалау
Қорытындылау сұрақтары арқылы білімді бекіту, үй тапсырмасын беру және оқушылардың жұмысын бағалау.
Бекіту сұрақтары
- Мамандық иелеріне қандай сұрақ қойылады?
- «Не? Нелер?» сұрақтары қандай сөздерге қойылады?
- Венн диаграммасын толтыр.
Үй тапсырмасы
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Ережені жаттау.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен жауаптарының толықтығына қарай бағалау. Жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау.