Улы өмірімді, Сұр көңілімдіТалақ еттім, тастадым

Улы өмірімді,
Сұр көңілімді
Талақ еттім, тастадым.
Нұрлы өмірге,
Гүл көңілге
Енді шыға бастадым.
Таңдап сүйіп,
Кеп жыл күйіп,
Бақ есігін ашқаным.
Өмір қызық
Деген сөзді
Бір өзіңмен растадым!
1932 жыл

***
Сүйегімді босатқан,
Серігімсің жасатқан.
Сүйдім сені, өміріме,
Сөзім, антым - осы айтқан!
Жанымды сен жаңартқан,
Өмірімнен тазартқан.
Жүрегімсің шер тартқан.
Серігімсің қол артқан.
Мен сүйген соң сүйерсің,
Мен күйген соң, күйерсің,
Сүйгендіктен сыйлармын,
Сыйыңды өзің білерсің.
Ардақтармын сүйген соң,
Көңіліңе жіп салмаспын,
Өзгерермін біржола,
Мен бұрынғы болмаспын.
Ден қоярмын мен саған,
Білерсің де билерсің.
Сыйларсың да күтерсің,
Би осыған үйренсін!
1932 жыл



Ұқсас жұмыстар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ИСЛАМ ДІНІ ТУРАЛЫ АЙТҚАНДАРЫНАН
Жамбылдың тәрбие тағылымы (1846-1945)
М. Шаханов поэзиясының әлемі
Темекіге қарсы күрес
ШӘДІ ЖӘҢГІРҰЛЫНЫҢ ДІНИ ДАСТАНДАРЫ
Тәрбиенің ғылыми принципі
Темекіні тастау әдістері
Намаз оқу
Ақиқат пен аңыз - повест
Мұқағали Мақатаев жайында
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
ҚҰТЫЛЫҒҰЛЫ КҮЛТЕГІН
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
ШЫҢҒЫСҰЛЫ ЖОШЫ ХАН
ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
ЖАМАҚҰЛЫ БЕЙБАРЫС
СӘБИТҰЛЫ АСАНҚАЙҒЫ
СҮЙІНІШҰЛЫ ҚАЗТУҒАН