Ұйымдастыру бөлімі оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың тақырыбы

Paint графикалық редакторындағы құралдарды пайдалану (саяхат сабақ).

Сабақтың мақсаты

Негізгі бағыт

Оқушыларға компьютердің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, практикалық сипаттағы оқу тапсырмаларын шешу арқылы материалды талдауды үйрету және өзіне деген сенімділігін арттыру.

Дағдыларды дамыту

  • Үзінділермен (фрагменттермен) орындалатын әрекеттерді меңгерту.
  • Дәстүрлі және жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ақпарат көздерін іздеуге баулу.
  • Компьютерлік сауаттылықты арттыру, өз ойын ашық жеткізуге және қойылған мақсатқа жетуге үйрету.

Сабақтың ресурстары мен ұйымдастыруы

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Компьютер
  • Үлестірме карточкалар

Пән аралық байланыс

  • Бейнелеу өнері
  • Қазақ әдебиеті
  • География

Сабақтың типі

Саяхат сабақ.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа дайындығын тексеру.

Бүгінгі сабақ — саяхат сабақ. Мақсатымыз — таудың ең биік шыңына шығу. Бірақ оған жету үшін бірнеше кедергіден өтеміз. Әрбір дұрыс орындалған тапсырма үшін фишка беріледі.

Кедергі 1

Жүйріктер тауы

Кедергі 2

Жаңалықтар тауы

Кедергі 3

Фантазиялар тауы

Кедергі 4

Ашылмаған құпиялар тауы

II. Саяхатқа дайындық

Сабақтың барысымен таныс болсақ, енді жинақталып, тауға шығуға дайындалайық.

III. «Жүйріктер тауы» — үй тапсырмасын тексеру

1) Тест тапсырмасы

Оқушылар компьютердегі тест тапсырмасын орындайды. Бағаны компьютер автоматты түрде шығарады.