Географиялық орны
Сабақ жоспары
Еуразия: географиялық орны және жағасын шайып жатқан мұхиттар
Бұл сабақта бұрыннан оқылған материктер туралы білімге сүйене отырып, Еуразия материгінің географиялық ерекшеліктерін жүйелі түрде сипаттау және картадан дәл көрсету дағдылары қалыптастырылады.
Сабақтың мақсаты
Бұрыннан оқылған материктер негізінде Еуразия материгінің географиялық ерекшеліктерін көрсету.
Сабақтың міндеттері
- Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың білімін іс-тәжірибеде қолдану дағдысын қалыптастыру.
- Тақырыпты өз бетімен меңгеруге үйрету.
- Топтық жұмыс арқылы оқушы белсенділігін арттыру.
Күтілетін нәтиже
- Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасып, өз пікірін дәлелдей алады.
- Материктің географиялық орнын сыни тұрғыдан сипаттайды және картадан көрсете алады.
- Картамен жүйелі жұмыс істеп, пәнге қызығушылығы артады.
- Топтық жұмыста бірлескен іс-әрекет жасай алады.
- Тақырыпты өз бетімен меңгере алады.
Сабақтың түрі
Жаңа материалды меңгерту.
Әдіс-тәсілдер
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
- АКТ-ны (ақпараттық-коммуникациялық технологияларды) пайдалану.
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Сабақ алдындағы көңіл күйді анықтау.
- Сыныпты түгелдеу.
- Топтарға бөлу:
I топ
Шеткі нүктелер
II топ
Жер бедері
III топ
Ішкі сулар
IV топ
Табиғат зоналары
Географиялық диктант: «Ең... ең...»
Оқушылар дүниежүзіндегі ең белгілі географиялық нысандарды анықтайды.
- Дүние жүзіндегі ең биік тау жүйесі — Гималай.
- Дүниежүзіндегі ең биік шың — Джомолунгма.
- Теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер — Өлі теңіз.
- Жер шарындағы ең терең көл — Байкал.
- Жер шарындағы ең үлкен көл — Каспий.
- Ең көп жауын-шашын түсетін аудан — Черапунджи.
- Ең үлкен түбек — Арабия.
- Солтүстік жарты шардың «суық полюсі» — Оймякон.
- Альпі — Еуропаның ең биік таулы жүйелерінің бірі.
- Ключевской шоқысы — ең биік жанартаулардың бірі.
Проблемалық сұрақ
Анықталған географиялық нысандар қай материктің ерекше белгілерін айқын көрсетеді?
III. Жаңа тақырып: мағынаны тану
§13. Еуразия. Географиялық орны. Жағасын шайып жатқан мұхиттар. Материктердің аудандары.
Слайдта материктердің кескін карталары көрсетіліп, оқушылар карта бойынша сөйлейді және қорытынды жасайды.
Материктің географиялық орнын сипаттау алгоритмі (топтық жұмыс)
I топ
Материктің экваторға, бастапқы меридианға, тропиктерге және поляр шеңберлеріне қатысты орнын анықтау.
II топ
Материктің шеткі нүктелерін және олардың координаттарын анықтау.
III топ
Солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа созылуын градуспен және километрмен есептеу.
IV топ
Материкпен шектесетін және маңайында орналасқан материктерді анықтау.
3.2. Зерттеу тапсырмасы
Еуропа мен Азия арасындағы шекараны анықтау және дәлелдеу.
3.3. Тақырыптық бөлім
Еуразия жағасын шайып жатқан мұхиттар.
I топ
Солтүстік Мұзды мұхиты
II топ
Атлант мұхиты
III топ
Тынық мұхиты
IV топ
Үнді мұхиты
Оқушылар тапсырмаларды оқулық, атлас және бұрыннан қалыптасқан білім-дағдыларына сүйене отырып топпен, жұппен және жеке орындайды. Нәтижесін слайд арқылы қорғап, пікір алмасады.
3.4. Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды шоғырландыру.
IV. Жаңа сабақты бекіту
4.1. Ұқсастық пен айырмашылық
Солтүстік жарты шар материктері салыстырылады: Солтүстік Америка және Еуразия.
Ұқсастықтары
- Географиялық ендіктердің кең ауқымын қамтиды.
- Табиғат зоналары әртүрлі.
- Мұхиттармен шектеседі, жағалауы күрделі.
Айырмашылықтары
- Ауданы, созылуы және табиғи-географиялық күрделілігі әртүрлі.
- Шеткі нүктелері мен координаттары өзгеше.
- Климаттық және ішкі су жүйелерінің таралуында айырма бар.
4.2. Географиялық ойындар
I топ: «Еуразия картасын білесің бе?»
- Скандинавия таулары Еуразияның батысында ма, әлде солтүстік-батысында ма?
- Альпі таулары Апеннин түбегінің солтүстігінен бастала ма, әлде Балқан түбегінің оңтүстігінен бе?
- Еуразияны Солтүстік Америкадан бөліп тұрған бұғаз В. Беринг атында ма, әлде Дежнев атында ма?
- Пиреней және Апеннин түбектерінің қайсысы оңтүстікке қарай орналасқан?
- Кіші Азия түбегі Қара және Каспий теңіздерінің арасында ма, әлде Қара және Жерорта теңіздерінің арасында ма?
- Еуразияның шығыстағы шеткі нүктесі Дежнев мүйісі ме, әлде Челюскин мүйісі ме?
- Еуразияның оңтүстік шеткі нүктесі Малакка түбегінде ме, әлде Үндіқытай түбегінде ме?
- Еуразияның ең биік жанартауы Ключевской шоқысы ма, әлде Кракатау ма?
- Байкал мен Каспийдің қайсысы терең?
- Қара және Каспий теңіздерінің арасында Орал тауы ма, әлде Кавказ тауы ма?
II топ: «Иә / Жоқ»
- Челюскин мүйісі Таймыр түбегінде орналасқан ба?
- Жерорта теңізі мен Атлант мұхитын Гибралтар бұғазы жалғай ма?
- Балтық теңізі Тынық мұхиты алабына жата ма?
- Арабия теңізі Үндістан түбегінің батыс жағалауын шайып жатыр ма?
- Пиай мүйісі Еуразияның оңтүстіктегі шеткі нүктесі ме?
- Еуразия мен Солтүстік Американы бөліп тұрған бұғаз В. Беринг атында ма?
- Малакка түбегі Атлант мұхитына сұғына еніп жатыр ма?
- Марьято мүйісі Еуразияның батыс бөлігінің шеткі нүктесі ме?
- 70° с.е., 70° ш.б. — Кола түбегінің координатасы ма?
- Солтүстік жарты шардағы суықтық полюсі Оймяконда тіркелген бе?
III топ: Сәйкестендіру тесттері
1) Шеткі нүктелерді солтүстіктен оңтүстікке қарай орналастыр
Дежнев, Пиай, Челюскин, Рока.
2) Теңіз – шығанақ – арал – бұғаз – канал ретімен орналастыр
Баб-эль-Мандеб, Бенгал, Охота, Суэц, Шри-Ланка.
3) Теңіздерді мұхиттармен сәйкестендір
Жапон, Қызыл, Норвег, Солтүстік.
4) Түбектерді батыстан шығысқа қарай орналастыр
Ямал, Кола, Чукот, Таймыр.
5) Мұхиттарды көлемі бойынша кішісінен үлкеніне қарай орналастыр
Атлант, Солтүстік Мұзды, Үнді, Тынық.
6) Бұл теңіздер қандай түбектердің жағалауын шайады?
Беринг, Арабия, Жерорта.
7) Шеткі нүктелерді анықта
Мерчисон, Горн, Дежнев, Альмади.
8) Елдердің орналасқан материктерін тап
Канада, Франция, Аргентина, Алжир.
9) Таулардың шыңдарын анықта
Гималай, Анд, Кордильер, Тянь-Шань.
10) Тауларды биіктігіне қарай орналастыр
Тянь-Шань, Гималай, Альпі.
IV топ: Талдау және толықтыру
1) Біріктіретін ортақ сөзді тап
Жерорта, Охота, Баренц, Шығыс Қытай; Шри-Ланка, Жаңа Жер, Калимантан, Сицилия.
2) Артығын алып таста
Рока, Пиай, Горн, Дежнев; Малакка, Таймыр, Чукотка, Флорида.
3) Географиялық нысандарды анықта (Ол не?)
Гибралтар, Парсы, Камчатка, Лаптевтер; Өлі теңіз, Черапунджи, Байкал, Оймякон.
4) Сөйлемді толықтыр
Еуропа мен Азия арасындағы шекара шартты түрде Орал тауларының шығыс баурайымен, Жайық өзені бойымен, Каспий теңізінің солтүстік жағалауымен және Кума–Маныч ойпаты арқылы өтеді. Одан әрі Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы жалғасады.
5) Сұрақ
Италия Балқан түбегінде ме, әлде Апеннин түбегінде ме?
4.3. Кескін картамен жұмыс
Географиялық нысандарды кескін картаға нөмірлермен белгілеу: бір оқушы орнынан орындайды, екіншісі интерактивті тақтада көрсетеді, үшіншісі нысандардың нөмірін картаға орналастырады. Барлық оқушы толық қатысады.
V. Қорытынды
Мұғалім сабақ бойынша түйін жасап, қорытынды бөлімді 2014 жылғы Елбасының халыққа Жолдауындағы мазмұндық ойлармен байланыстырып аяқтайды.
VI. Үй тапсырмасы
- §13 оқу.
- 51-бет: №2, №3 тапсырмалар.
Бағалау
Бағалау парағы бойынша әр кезеңдегі жұмыс нәтижесі есепке алынады.
| Бөлім | Бағалау құрамдастары | Шкала |
|---|---|---|
| I тапсырма | Қызығушылықты ояту: топқа бөлу, географиялық диктант | 9–10 ұпай — 5; 7–8 — 4; 4–6 — 3; 1–3 — 2 |
| II тапсырма | Мағынаны тану: жаңа сабақ | 8 ұпай және жоғары — 5; 6–7 — 4; 4–5 — 3 |
| III тапсырма | Бекіту: салыстыру, географиялық ойындар, кескін картамен жұмыс | 11–15 ұпай — 5; 7–10 — 4; 1–6 — 3 |
Қорытынды баға оқушының әр кезеңдегі жинаған ұпайлары негізінде шығарылады.
VII. Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушы екі ұнаған тұсын және бір жақсартуға ұсынысын жазады.
Сабақ соңындағы көңіл күйім
Қысқаша пікір немесе өзін-өзі бағалау.