Ғажайып қоржын
Тақырыбы: «Ғажайып қоржын»
Бұл сценарий математикаға қызығушылықты арттыруға бағытталған танымдық-ойын кешін өткізуге арналған. Ойын форматы арқылы оқушылардың логикалық ойлауы, сөйлеуі, жылдам шешім қабылдауы және ұйымшылдығы дамытылады.
Мақсаты
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
- Логикалық ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.
- Өз бетімен жұмыс істеуге, жылдам ойлануға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Ұпай саны жазылған 10 асық
- Түрлі түске боялған 4 асық
- 2 сандықша
- Қоржын
- Әріптер жазылған карточкалар
- Нақыл сөздер, бүктемелер
- Сыйлықтар
Кештің барысы
Кіріспе сөз
Жүргізуші: «Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі “Ғажайып қоржын” атты кешімізге қош келдіңіздер!»
Осы сәтте кештің мақсат-міндеттері қысқаша таныстырылады.
Ойын ережесі
Қоржынның ішінде 5-ке еселі ұпайлар жазылған 10 асық және 4 түсті асық болады. Ұпай жазылған асықтар бойынша ойыншылардың жинаған ұпайы есептеледі.
Қара асық
БанкротОйыншының барлық ұпайы күйіп кетеді.
Сары асық
СыйлықОйыншы сыйлық алса — ойынан шығады; алмаса — ойынды жалғастырады.
Қызыл асық
×2Жиналған ұпай саны 2 еселенеді.
Көк асық
Әріп ашуОйыншы өз қалауы бойынша кез келген бір әріпті ашады. Егер үш әріпті қатарынан ашса, екі сандықшаға сыйлық жасырылады.
Қатысу тәртібі
- Ойынға 3 оқушыдан құралған 3 топ қатысады.
- Әр топтан жеңімпаздар жартылай финалға өтеді.
- Жартылай финал жеңімпазы соңғы ойынға (суперфинал) қатысады.
Ойын басталар алдында ұпайды есептеп отыратын есептеу комиссиясы сайланады.
1-топ: ойыншылар және негізгі сұрақ
1-ойыншы
Қайдар
«Өзіңе — өзің кәміл бол, халқыңа әділ бол. Жауыңа қатал бол, досыңа адал бол».
2-ойыншы
Нүркен
«Жанар ма деп талабың, биікке шыңға тартасың. Талабыңа нұр жаусын, сәтті болсын қадамың».
3-ойыншы
Маржан
«Топ қыздар келіпті кешімізге, соның бірі Маржанды білесің бе? Кел, Маржан, сен ортаға — қай сұрақ тиер екен үлесіңе?»
Сұрақ
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Алғашқы ұлттық жоғары математика оқулығының авторы. Математикалық теңдеулер, теориялық және қолданбалы механика салаларына елеулі еңбек сіңірген ғалым.
Дұрыс жауап
Жәутіков
Ойын соңында әр ойыншының ұпайы есептеліп, сыйлықтар табысталады және жеңімпаз анықталады.
Көрермендермен жұмыс: әзіл есептер
1) Жанұяда қанша адам бар?
Жанұяда 2 ұл бар. Әр ұлдың 2 әпкесі және 1 әкесі бар. Әр қыздың 1 анасы бар.
Жауабы
6 адам: 2 ұл, 2 қыз, 1 әке, 1 ана
2) 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма?
Жауабы
Бірдей
3) Мектепке неше бала барды?
Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда 4 бала жолықты.
Жауабы
5 бала
4) Неше майшам қалды?
Үстелде 7 майшам жанып тұр. Оның екеуін өшірдік.
Жауабы
2
2-топ: ойыншылар және негізгі сұрақ
1-ойыншы
Ермек
«Ермек, енді кезек келді саған, жақын кел ортаға бері таман. Шешерсің тапқырлықпен сұрақтарды — ол үшін, Ермек, болма алаң».
2-ойыншы
Самғат
«Бастарсың істі кемелді, үміттің отын лаулатып. Жігіт боп өскін өрелі, кетпесін өмір аунатып».
3-ойыншы
Айгерім
«Қанатын қағар жыр жолдап, келеді ертең жаңа ұрпақ. Аумай бір тұрсаң жұлдыздан, қарайды жұртың таңырқап».
Сұрақ
«Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол — формула» деген сөздің авторы және дүние жүзіндегі ең алғашқы математик әйел кім?
Дұрыс жауап
Ковалевская
Ұпайлар есептеліп, әр ойыншыға сыйлық беріледі, жеңімпаз жарияланады.
Көрермендермен жұмыс: жұмбақтар
1) Жұмбақ
«Мен бұрышты берілген тең екіге бөлемін, жаралғалы ғылымда ... аталып келемін».
Жауабы
Биссектриса
2) Жұмбақ
«Санға қосып алсаң — сол санның өзі шығады. Санды оған бөлуге болмайтынын математиктер ұғады. Сан осін қақ бөлуге сол саныңыз жараған».
Жауабы
Нөл
3) Жұмбақ
«Санасаң сан жетпейтін нүктелерден құралған фигура бар қарапайым. Салу үшін сен оны сызғыш ізде. Бұл не өзі?»
Жауабы
Түзу
3-топ: ойыншылар және негізгі сұрақ
1-ойыншы
Айдана
«Ән болады әрқашан да қыз барда, жылуынан жібіп тіпті мұздар да. Әсем ән салғанда жетер кім — Айдана деген сұлу қыз барда».
2-ойыншы
Жадыра
«Ән салса Жадыра қыз — таң қаларсың, әр сөзін тоқсан тоғыз қайталарсың. Бұл кешке әнші қызды шақырмай, о, халайық, қалай ғана тұра аларсың?»
3-ойыншы
Айжан
«Еркелеп, күліп есіп тау самалы, әлемге жаңалықты жар салады. “Мен келдім” деп сызылып, күлімсіреп, ортамызға Айжан қыз шыға келді».
Сұрақ
Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек математигі кім?
Дұрыс жауап
Евклид
Ұпайлар есептеліп, сыйлықтар табысталып, топ жеңімпазы анықталады.
Көрермендермен ойын: мақал-мәтелді жалғастыру
Жүргізуші мақалдың басын айтады, көрермендер жалғастырады:
- 1. Жас жемісті жұлма. / Жас баланы ұрма.
- 2. Жұт жеті ағайынды.
- 3. Ер бір өледі. / Қорқақ мың өледі.
- 4. Білекті бірді жығады. / Білімді мыңды жығады.
Жартылай финал және суперфинал
Жартылай финал сұрағы
Нөл қай елдің сөзі?
Дұрыс жауап
Үндістан
Суперфинал сұрағы
5–6 сыныптарға арналған «Математика» оқулығының авторы кім?
Дұрыс жауап
Алдамұратова
Финал шарты
Қатысушыға қалауы бойынша 4 әріпті ашуға рұқсат беріледі. Ойыншы өз нұсқасын айтып, жауапты табуға ұмтылады.
Қорытынды
Ойын нәтижесі бойынша ұпайлар қорытындыланып, жеңімпаз анықталады. Жеңімпазға мақтау қағазы табысталып, қатысушылар марапатталады.