Негізгі топ III - топ

Сабақтың тақырыбы

Жабайы және үй жануарлары.

Сабақтың мақсаты

Білімділігі

Оқушыларға үй жануарларының пайдасы және олардан жұғуы мүмкін ауру түрлері туралы мәлімет беру.

Дамытушылығы

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелігі

Ойды жүйелі жеткізуге дағдыландыру, ұлттық салт-дәстүрмен таныстыру.

Ұйымдастыру және дайындық

Көрнекіліктер

  • Жан-жануарлардың суреттері
  • Слайд, плакаттар
  • Семантикалық карта

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Дамыта оқыту
Сабақтың әдісі
Топтық жұмыс, сайыс әдісі
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, биология

Психологиялық дайындық

«Күн шуағын жинаймыз, достарымызға сыйлаймыз».

Топқа бөлу

I топ

Бастау тобы

II топ

Негізгі топ

III топ

Ғылыми топ

Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру

1-кезең: Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы семантикалық картаны толтыру арқылы тексеріледі. Пысықтау үшін ана тілі сабағында өткен «Үйшік» атты орыс ертегісі қолданылады.

  • Рөлге бөліп ойнау
  • Кейіпкерлерді атау
  • Кейіпкерлердің қай жануарлар тобына жататынын анықтау

Мысалдар

Қосмекенді — бақа. Сүтқоректілер — түлкі, қасқыр, аю. Кеміруші — тышқан. Жыртқыш аңдар — қасқыр, түлкі.

2-кезең: Сұрақ–жауап — «Сүтқоректілер туралы не білеміз?»

I топ

Жабайы аңдар мен үй жануарлары төлдерін емізіп, сүтпен қоректендіреді. Сондықтан олар сүтқоректілер деп аталады.

II топ

Сүтқоректілердің денесін түк (жүн) басады. Қыста кейбірінің жүні қалыңдайды. Олар жылы қандылар: дене температурасы тұрақты сақталады.

III топ

Құрлықтағы сүтқоректілердің көбінде төрт аяқ болады, ал теңіз сүтқоректілерінде аяқтың орнына жүзбеқанат кездеседі. Көк кит — ең ірі сүтқоректі.

3-кезең: «Жабайы жануарлар» ұғымы

II топ

Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген.

I топ

Жабайы жануарларға жолбарыс, қасқыр, түлкі, аю және т.б. жатады.

III топ

Кейбір жабайы жануарлар қыста ұйқыға кетеді. Мысалы, аю май қорын жинайды; сол себепті «аю ұйықтап жатып табанын жалайды» деген түсінік бар.

4-кезең: Жыртқыш жануарлар

I топ

Өз жемін аулап ұстап, етпен қоректенетін жануарларды жыртқыштар дейміз (мысалы, ақкіс және т.б.).

II топ

Жыртқыштар жемін аңдып, бақылап, үлкен жылдамдықпен қуалап аулайды. Оларға арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі, жапалақ және т.б. жатады.

III топ

Жыртқыштарды «дала санитары» дейді: олар көбіне әлсіз, ауру аңдарды аулап, табиғи тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.

Сергіту сәті: «Керекті сөздерді тап»

Бау-бақша
Үй жануарлары
Қосмекенділер
Жабайы жануарлар
Құстар
Бунақденелілер
Жапырақтар
Шірінділер (тыңайтқыштар)
Сүтқоректілер
Балдырлар

«Қой, ешкі, түйе, жылқы, сиыр» — бұларды бір сөзбен үй жануарлары дейміз.

Жаңа сабақ: Үй жануарлары

Үй жануарлары — адамдардың қасында өсіріліп, күтіммен тіршілік ететін жануарлар. Оларға қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы жатады. Олардың негізгі қорегі — шөп, су, жем. Үй жануарларына қамқорлық жасау — жауапкершілік.

Үй жануарларының пайдасы

Төрт түліктен киім-кешекке қажет шикізат та, күнделікті азық-түлік те алынады: сүт өнімдері, ет, жүн, тері және т.б.

Нақты мысалдар

  • Қой: жуас, момын. Жүнінен байпақ, киіз үй жабындылары, төсеніш киіздер жасалады.
  • Ешкі: түбіті, терісі, сүті, еті пайдалы. Ертеректе ешкі терісінен сусын құятын мес жасаған.
  • Сиыр: сүтінен құрт, ірімшік, май, қаймақ, айран, сүзбе т.б. жасалады; еті де құнарлы.
  • Жылқы: мінсе көлік, сойса ет. Қазы-қарта, жал-жая, қымыздың емдік қасиеті бар.
  • Түйе: сүті — шұбат (сусын әрі тағам). Көшіп-қону кезінде жүк артатын көлік болған; шөлге, аштыққа төзімді.

Ойын (3 минут): «Төлін тап»

Тақтада үй жануарлары мен төлдері беріледі. Олар «адасып қалған» — әр төлді өз енесімен дұрыс сәйкестендіру керек.

Жылқы

Құлын

Сиыр

Бұзау

Қой

Қозы

Ешкі

Лақ

Түйе

Бота

Төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер

Түйенің бурасы жақсы, сөздің турасы жақсы.

Алып анадан туады, тұлпар биеден туады.

Сиыр сипағанды білмейді, жаман сыйлағанды білмейді.

Қойшы көп болса, қой арам өледі.

Қосымша тапсырма: жануарлардың даусын ажырату (тыңдау/қайталау арқылы).

Ізденіс бөлімі: жаңа мәліметтер

  • Қымыздың пайдасы туралы ізденіс жұмысын тыңдау.
  • Мал сүтінен жасалатын құрт туралы мәліметтер.
  • Қонақ күту салт-дәстүрі: қонақтарға арналған атаулы табақ түрлері.

Релаксация (3 минут)

Көздеріңді жұмып, денелеріңді босаңсытыңдар. Өздеріңді құспын деп елестетіңдер — ұша жөнеліңдер. Алдарыңнан көгілдір теңіз көрінеді: толқыннан салқын самал еседі. Биікте қалықтап ұшып жүрсіңдер. Алдарыңнан жап-жасыл алып ағаш шығады. Сол ағашқа жайлап қоныңдар.

Талқылау: осы жаттығудан қандай әсер алдыңдар?

Маңызды ескерту: үй жануарларынан келетін қауіп

Үй жануарлары пайдалы болғанымен, кейбір жағдайда адамға жұғатын аурулар да кездесуі мүмкін. Соның бірі — балалар арасында жиірек байқалатын ішекқұрттар. Алдын алу үшін жеке тазалық сақтау және жануар күтімін дұрыс ұйымдастыру қажет.

Сабақты қорытындылау

  • Бүгін біз нені үйрендік?
  • Қандай жаңа мәлімет алдық?
  • Нені қызық, таңғалдырған сәт болды?
  • Венн диаграммасы арқылы жабайы және үй жануарларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау