Термодинамикалық жұмыстың формуласын жаз
Қысқа мерзімді сабақ жоспары (Физика)
Сабақ тақырыбы
§ 5.8. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану.
Жаңа сабақ бөлімі
Изохоралық процесс.
Мектеп және мұғалім
- Мектеп
- Мамандандырылған Дарын мектеп-интернаты
- Физика пәні мұғалімі
- Зайниддинов М. Ш.
Сабақ мақсаты
Білімділік
- Изопроцестер туралы түсінікті қалыптастыруды жалғастыру және термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдануды меңгерту.
- Осы тақырып бойынша ҰБТ форматындағы есептерді шығарып үйрену.
Дамытушылық
Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту, белсенділігі мен пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сынып тазалығын тексеру.
- Сыныпты түгендеу.
- Бағалау парағын үйлестіру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Менен сұрақ — сізден жауап» әдісі қолданылады: үй тапсырмасын немесе жаңа тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалады. Оқушы сұрақтарға нақты әрі қысқа жауап беруі тиіс.
Қажет болған жағдайда сұрақтар Kahoot ойыны арқылы да ұйымдастырылады.
Физикалық диктант
- Ішкі энергия температураға тәуелді ме?
- Температура, көлем, қысым — термодинамикалық параметрлер ме?
- Мына тәсілдер ішкі энергияны өзгерте ала ма: жұмыс жасау және жылу беру?
- A = pΔV — механикалық жұмыстың формуласы ма?
- Ішкі энергияның өлшем бірлігі — Дж ме?
- Термодинамика нені зерттейді?
- Ішкі энергия дегеніміз не?
- Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын жазыңдар.
- Термодинамиканың бірінші заңының формуласын жазыңдар.
- Термодинамикалық жұмыстың формуласын жазыңдар.
III. Жаңа сабақ
Тақырып: изохоралық процесс. Бұл бөлімде термодинамиканың бірінші заңының изопроцестерге қолданылуы қарастырылады.