Балабақша төрайымы
Білім саласы мен бөлімі
- Білім саласы
- Денсаулық
- Бөлімі
- Дене тәрбиесі
Мақсаты
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
- Ата-ана мен бала арасындағы спорт мәдениетін кеңейту.
- Спортқа деген сүйіспеншілікті арттыру.
- Төзімділік, жылдамдық, ептілік және батылдықты дамыту.
Көрнекілігі
Сайыстың барысы
Жүргізуші:
Шынықсаң, шымыр боласың,
Сауығып, айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да, ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп, қалайда.
Қатысушыларды қарсы алу
Құрметті әріптестер, ата-аналар және бүлдіршіндер! Бүгінгі «Біз спортшы жанұямыз» атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер. Көңілді жарысқа балабақшамыздың ортаңғы топтары мен ата-аналар қатысады.
Әр таңды бақытпен аттырамыз,
Өнерді ой көгінде баптаймыз.
Сайысқа қатысу үшін ортаға
Отбасыларды шақырамыз.
Командалар
- 1 «Жауқазын» тобынан құралған «Жас қыран» командасы.
- 2 «Құлыншақ» тобынан құралған «Сұңқар» командасы.
Әр отбасы өз орындарына жайғасады.
Әділқазылар алқасы
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысайық. Сайыс соңында әділқазылар өз бағаларын жариялайды.
-
Балабақша меңгерушісіЕсмағамбет Бибісара
-
Балабақша әдіскеріЕрішова Айгүл
-
«Ақбота» тобының тәрбиешісіӨткелбай Кенжегүл
-
Балабақша төрайымыИсатаева Жанат
Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәттілік! Ендеше, сайысымызды бастаймыз.
Сайыс бағдарламасы
Сайыс бағдарламасы 9 кезеңнен тұрады:
I кезең: Таныстыру
Атамнан басталар,
Әжемнен басталар,
Отбасы — мыналар,
Ең жақын адамдар.
Шарты: Әр отбасы өзін таныстырады.
II кезең: Кім жылдам
Көңіл қойып қараңыз,
Жалындап тұр ғой балаңыз.
Жарыссын, қане, отбасылар —
Қол соғып қарсы аламыз!
Шарты: Алдымен әкелер, кейін аналар клюшка мен кішкентай допты кедергілер арасымен жүргізіп, межені айналып қайта оралады. Одан соң кезек балаларға беріледі: балалар велосипедпен жарысады.
Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той-думан
Отбасылар сайысында.