Балаларды қазақ халқының ұлттық киімімен таныстыру

Білім саласы: Таным Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: Киіз үйдегі әжеге қонаққа бару

Мақсаты

  • Қазақтың дәстүрлі баспанасы — киіз үй туралы түсінікті кеңейту.
  • Қазіргі адамдар әртүрлі үйлерде тұратынын, ал ата-бабаларымыздың жылы әрі көшіп-қонуға ыңғайлы, жиналмалы киіз үйде өмір сүргенін жалпылау.
  • Қазақ халқының ұлттық киімдерімен, ұлттық музыкалық аспаптарымен таныстыру.

Әдіс-тәсілдер

сұрақ-жауап әңгімелеу түсіндіру көрсету мультимедиялық құрал СТО стратегиялары релаксация (көз жұмып елестету)

Көрнекілігі

  • Киіз үй макеті
  • Ұлттық киім үлгілері
  • Мультимедиялық құрал
  • Киіз үй бейнеленген сюжетті суреттер

Билингвалды компонент

киіз үйюрта

Оқу қызметінің барысы

Бұл жоспар балаларға киіз үйдің құрылымы мен мәнін таныстыра отырып, қазіргі үймен салыстыру арқылы ойлау мен сөйлеуді дамытуды көздейді. Сабақ барысында көрнекілік, қозғалыс, елестету және сұрақ-жауап әдістері қатар қолданылады.

1) Ұйымдастырушылық-оятушылық

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айтады:

Армысың, аяулы Жер-Ана!
Армысың, аяулы Күн-Ана!
Біздерді қамқорлап жүресің,
Біздерге шуақ-нұр бересің.

Тәрбиеші жағымды әуен қосып, балаларды көздерін жұмып, тыныштық арқылы елестетуге бағыттайды (релаксация).

2) Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Тәрбиеші: «1, 2, 3 — көздеріңді ашыңдар!» деп нұсқау береді.

Мультимедиялық құрал арқылы тақтадан әже және киіз үй бейнесі көрсетіледі.

Киіз үйдің негізгі бөліктері

  • Сүйектері: сықырлауық, уық, шаңырақ, кереге
  • Жабдықтары: киіз, алаша, түскиіз, көрпе, жастық
  • Жиһаздары: сандық, жастағаш, кебеже, асадал

Тәрбиеші киіз үйдің ертеде жиналмалы, көшіп-қонуға ыңғайлы және жылы болғанын түсіндіреді. Сонымен бірге киіз үй ішіндегі ұлттық киімдер мен ұлттық музыкалық аспаптарды таныстырады.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Қане, шеңбер құрайық.
Уық болып өріліп,
Кереге боп керіліп,
Киіз үйді құрайық!

Әженің сұрақтары

Балалар киіз үй құрылысындағы жазылған сұрақтарға сүйене отырып жауап береді:

  1. 1Киіз үйдің пайдасы қандай?
  2. 2Киіз үйдің сүйектері қалай аталады?
  3. 3Киіз үйдің жиһаздары қандай?
  4. 4Қандай ұлттық тағамдарды білесің?
  5. 5Қандай ұлттық киімдерді атай аласың?

Венн диаграммасы: киіз үй және қазіргі үй

Балалар екі үйдің айырмашылығы мен ұқсастығын салыстырады. Мақсат — күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, мәдени-тарихи ерекшелікті түсіну.

Киіз үй

  • Киізден жасалады.
  • Көшпелі өмірге арналған дәстүрлі баспана.
  • Жабдықтары мен ішкі көрінісі ерекше.

Ортақ

Екеуінде де адамдар өмір сүреді, тіршілік етеді, жылылық пен қауіпсіздікке ұмтылады.

Қазіргі үй

  • Көбіне тастан, кірпіштен салынады.
  • Жиһаздары заманауи үлгіде.
  • Үйлер 1 қабатты, 2 қабатты, 3 қабатты немесе көп қабатты болып салынады.

Бақылау сұрағы

Мерекелік шараларда көшеге киіз үй тігілетінін балалар атап өтеді және оның не үшін тігілетінін түсіндіруге тырысады.

Рефлексия және қорытынды

Қимылды ойын: «Киіз үйдің жабдықтары». Балалар ойынға қызығушылық танытып, атауларды қайталау арқылы білімін бекітеді.

Әже мультимедиялық құрал арқылы балалармен қоштасып, алғысын білдіреді. Тәрбиеші сұрақтар қою арқылы оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Балалар киіз үй туралы білгендерін жинақтап, оқу қызметінің ұнағанын айтады.

Күтілетін нәтиже

Біледі

Киіз үй туралы түсінігі қалыптасады; оның ертедегі дәстүрлі баспана екенін біледі.

Түсінеді

Киіз үйдің көшпелі тұрмысқа қажет болғанын және оның құрал-жабдықтарының қазіргі үйлерден өзгеше екенін түсінеді.

Қолданады

Киіз үй жабдықтарын атай алады, таниды және мереке күндері көшеде киіз үй тігілетінін айта алады.

Автор туралы мәлімет

Ұйым

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы

Тәрбиеші

Жоғары санатты тәрбиеші: Капажанова Жанаргүл Айбарқызы