Сабақтың девизі
Сабақтың тақырыбы
Металдарға жалпы сипаттама. Металдар мен бейметаллдар.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Металдардың периодтық жүйедегі орнын түсіндіру; кіші және үлкен период металдарының атом құрылысына тән ерекшеліктеріне назар аударту.
- Ежелден қолданылып келе жатқан металдар, олардың қасиеттері, адам өміріндегі маңызы және қолданылу аясының кеңдігі туралы білімді толықтыру.
- Бейметалдармен салыстыра отырып, тақырыпты басқа пәндермен байланыстыру.
- Қазақстанның қазба байлықтарымен, еліміздің металлургиясымен және оның дамуына ғалым Қаныш Сәтбаевтың қосқан үлесімен таныстыру.
Дамытушылық
- Оқушыларды өзіндік жұмысқа баулу; ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Теориялық білімді іс жүзінде қолдануға және пәндер арасындағы байланысты орната білуге үйрету.
- Металдарға жалпы сипаттама бере отырып, Қазақстан металлургиясы туралы танымдық мәліметтер беру.
- Жаңа технологиялық әдістер арқылы сабаққа белсенділікті арттыру.
Тәрбиелілік
- Периодтық кестедегі металдардың орнын және атом құрылысының ерекшеліктерін білуге ынталандыру; қосымша материалмен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
- Металлургия саласына қатысты кәсіптік бағдар беру.
- Ойлау қабілетін дамыту; өз білімін тексеріп, бағалай білуге үйрету; ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ құрылымы
Түрі мен типі
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың типі
- Жаңа тақырыпты меңгерту
Таралу аймағы
Медицина және тұрмыс-шаруашылық салалары.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
- Деңгейлеп оқыту технологиясы
- Проблемалық оқыту технологиясы
- С. К. Т технологиясы элементтері
- Үш деңгейлі үй тапсырмасы әдісі
- «Қатені тап!» тәсілі
- Топтамалы тапсырма тәсілі
Пәнаралық байланыс
- Биология
- География
- Физика
- Тарих
- Қазақ тілі
- Әдебиет
- Технология
- Латын тілі
- Салауаттану негіздері
Сабақ көрнекілігі
Кестелер мен материалдар
- Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі
- Бекетовтың кернеу қатары (кесте)
- Металл түрлері, металл құймалары, салыстырмалы кесте
- Тірек-сызбалар, плакаттар
Бағалау және қосымша ресурстар
- Кеспе қағаздар, тест тапсырмалары
- Металдарға қатысты нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер жазылған буклеттер
- Слайд-презентация
- Материалдар форматы: Word құжаты және презентация
Сабақтың девизі
«Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес».