Әуенін тап
Алматы облысы, Ақсу ауданы
Құрақсу орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Мукажанова С. О.
Тақырыбы
«Зерде» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты
- Сайыстың өту барысымен таныстыру.
- Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
- Өз пікірін дәлелдеп айтуға және топпен жұмыс істеуге үйрету.
- Батылдыққа, ептілікке, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер
- Слайд
- Нақыл сөздер
- Суреттер
Ұйымдастыру
Құрметті оқушылар, бүгінгі «Зерде» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер! Бұл сайыста әр қатысушы өз білімін, алғырлығын және тапқырлығын көрсетеді.
Ескерту
Сайыс 7 турдан тұрады.
Сайыс құрылымы
Турлар тізімі
- 1 Ойлан, тап
- 2 Шешімін тап
- 3 Бейне сұрақ
- 4 Төрт сурет, бір сөз
- 5 Әуенін тап
- 6 Кім жылдам?
- 7 Соңғы айналым
Жалпы қағида
Әр тур оқушылардың әртүрлі дағдыларын дамытады: жылдам ойлау, тіл байлығы, логика, тыңдау және командалық жұмыс. Жауаптар нақты, дәлелді және мәдениетті түрде айтылуы тиіс.
Мақсат: білімді тек тексеру емес, оны дұрыс қолдана білу.
Турлар мазмұны
1-тур: Ойлан, тап
Танымдық сұрақтар арқылы білімді тексеру.
- «Қазақ хрестоматиясы» оқу құралын жазған кім?
- Ыбырай Алтынсарин.
- Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған ғалым, ақын кім?
- Ахмет Байтұрсынұлы.
- Белгілі ақын, жазушы кім?
- Ілияс Жансүгіров.
- «Балаларға тарту» атты өлең кітабының авторы кім?
- Ілияс Жансүгіров.
- Қазақ балаларына мектеп ашқан кім?
- Ыбырай Алтынсарин.
- «Мен қалай оқуға бардым?» мәтінінің авторы кім?
- Ахмет Байтұрсынұлы.
2-тур: Шешімін тап
Сөздік қор мен ұғымдарды нақтылау тапсырмалары.
«Рақаттанып» сөзінің синонимі
масайрап
Жіпті екі ағаштың арасына тартып байлайтын құрал
кергіш
Малдың не аңның терісінен тігілген кең, ұзын тон
тұлып
Кесілген ағаш қалай аталады?
шөрке
Ағаш табақ қалай аталады?
аяқ
Ертеде үгіт-насихатқа толы кітап қалай аталған?
«Қабуснама»
3-тур: Бейне сұрақ
Бейнематериал бойынша сұрақтарға жауап беру.
Айналадағы дүниені танып білудің маңызды әдістері қандай?
Әңгіме, әңгімелесу.
Мамық жүндері түнде ұшқанда дыбыс шығармайтын, тышқанның сәл қыбырлағанын естісімен тез ұстайтын құс
Үкі.
Жәндіктер мен жануарлардың белгілі бір кезеңде жұмыртқадан жарып шыққан, әлі есейіп өспеген баласы қалай аталады?
Дернәсіл.
4-тур: Төрт сурет, бір сөз
Суреттер арқылы ойды жинақтап, шағын мәтін құрастыру.
Берілген сөздер: «Көктем», «Әже».
Тапсырма: осы тақырыптарға байланысты 50 сөзден тұратын эссе жазу.
5-тур: Әуенін тап
Үнтаспадан ән тыңдап, әуенін анықтау.
Тапсырма: қысқа үзінді тыңдалып, қатысушылар әннің атауын немесе әуенін табады.
6-тур: Кім жылдам?
Логикалық сұрақтарға жылдам әрі дәл жауап беру.
Қонжық екеу — табаны нешеу?
8.
Үш қоянда неше құлақ?
6.
Қораптың қақпағы төртбұрышты. Бір бұрышын алып тастағанда қанша бұрышы болады?
5.
Өзенде 7 қайық жүзіп жүр. Жағада 3 қайық тұр. Өзенде барлығы қанша қайық жүзіп жүр?
7.
Төрт қаз ұшып барады. Биіктен төмен қарады. Аяқ нешеу, бас нешеу?
Аяқ: 8, бас: 4.
7-тур: Соңғы айналым
Шығармашылық және құрастыру тапсырмасы.
Тапсырма: берілген фигуралардан бір бейнелі композиция құрастыру.
Әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Қорытынды
«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» демекші, құрметті оқушылар, әрдайым білімге құштар болайық. Алға қойған мақсаттарымызға жету үшін табандылық танытып, сабақты жақсы оқуға тырысайық.