Ұлтымыз қазақ, ана тіліміз қазақ тілі
Оқу іс-әрекетінің қысқаша сипаттамасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Білім беру саласы: Қатынас
Тақырып
Туған тілім — ардағым, туған жерім — шаңырағым
Мақсаты
- Балалардың тілін дамыту.
- Зейінін тұрақтандыру.
- Ойлау қабілетін жетілдіру.
- Сөздік қорын байыту.
- Байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Міндеттері
Білімділік: Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін кеңейту, Отанын және туған жерін танып-білуге, құрметтеуге үйрету.
Тәрбиелік: Тілін, дінін, елін, жерін, Отанын сүюге және қадірлеуге баулу.
Көрнекілігі
- Презентация, мақал-мәтелдер.
- «Астанаға саяхат» бұрышы: Бәйтерек, әсем ғимараттар.
- Қазақстан Республикасының рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран.
- Қазақстан картасы, «Алтын адам» және т.б.
Әдіс-тәсілдері
- Көрсету
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Саяхат
- Ойын
Мотивациялық кезең: «Жүректен — жүрекке»
Н. Жанаевтың өлеңі
Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Көңілсіз еткен күз енеді.
Сұрақ:
Өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
Күзгі суреттер бойынша әңгіме
- Саябақта
- Егіс алқабында
- Біздің аулада
Жылы тілек
Көк аспанда күн күлсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
Жеке қасиеттерді бекіту
- Сен әдептісің.
- Сен мейірімдісің.
- Сен адалсың.
- Сен қайырымдысың.
- Сен ақкөңілсің.
- Сен сабырлысың.
- Сен көріктісің.
Ізденіс кезеңі: сұрақ-жауап арқылы ой қозғау
Негізгі сұрақтар
- Біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?
- Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?
- Елімізді басқарып отырған тұңғыш Президентіміз кім?
- Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
- Біз қай тілде сөйлейміз? Ана тіліміз қандай? Ұлтымыз кім?
Жауаптар (бекіту)
- Еліміз
- Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.
- Тәуелсіздік жылдары
- Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болды.
- Тұңғыш Президент
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Рәміздер
- Ту, Елтаңба, Гимн.
- Ана тілі, ұлт
- Ұлтымыз — қазақ, ана тіліміз — қазақ тілі.
Тіл туралы ой
Қазақ тілі — ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан қастерлі мұра. Оның сақталуы мен дамуына көптеген ақын-жазушылар зор үлес қосты. Солардың бірі — Қадыр Мырзалиевтің тілге арналған өлеңдерін еске түсіру арқылы балалардың ана тіліне құрметін арттыру көзделеді.
«Астанаға саяхат»: танысу және пікір алмасу
Саяхат мазмұны
- Топ бұрышындағы «Астанаға саяхат» аймағына шолу жасау.
- Әсем ғимараттармен танысу, нысандардың ерекшелігін айту.
- Бәйтерек туралы ой қозғап, оның символдық мәнін талқылау.
- Астана қаласы туралы балалардың ойын ортаға салу.
Негізгі ұғымдар
- Елдік рәміздер — тәуелсіздіктің белгісі.
- Ана тілі — халықтың рухани тірегі.
- Туған жер — қадірлі мекен, ортақ шаңырақ.
Қазақ тілі туралы жыр шумақтары
Ана тілім, дана тілім — бақытым,
Қазақ тілін білу — менің парызым.
Тілім менің — ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.
Тіліңе берік байланғын,
Тіл айдынына келіп жайланғын.
Аққудай аппақ арыңсың,
Ана тіл — сенен айналдым.
Тіл мәйегі: мақал-мәтелдер, жұмбақтар және балалардың өлеңдері
Тіл туралы мақал-мәтелдер
- 1. Ана тілім алпыс тілге татиды.
- 2. Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.
- 3. Атағыңды өсіретіні де — тіл, өшіретіні де — тіл.
Жұмбақтар
- Көк лағым көгенде жатып семіреді.
- Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады.
-
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.
Балалардың ана тілі туралы өлеңдері
1-бүлдіршін
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
2-бүлдіршін
Тіл деген қасиетті ұғым екен,
Қазақ тілі — жырлайтын жырым екен.
Ұмытпайық тілімізді ешқашан,
Қасиетін сақтайтын сырым екен.
3-бүлдіршін
Мәртебесі тіліміздің биік екен,
Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.
Тілімізді ұмытпайық әрқашан,
Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.
4-бүлдіршін
Ана тілім — кәусар бұлағым,
Қана алмас сенсіз құмарым.
Әр әрпің маған бір-бір тау,
Шыңына қалай шығамын?
Рефлексия және қорытынды
М. Әлімбаевтың өлеңі
Кіршіксіз қардай сақтаңдар
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл — арым, иманым,
Аманат саған, аманат.
Ана тілі ана сүтімен даритынын ұмытпайық. Балалар алған білімдерімен бөлісіп, өздеріне ұнаған бөлімдерді атап өтеді.
Күтілетін нәтиже: білуі керек
- Ана тіліміз — қазақ тілі екенін.
- Қазақ тілінің мәртебесін.
- Қазақстан Республикасының рәміздерін.
- Мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды.
Күтілетін нәтиже: қалыптасады
- Танымы мен ойлауы.
- Сөздік-тілдік қоры.
- Байланыстырып сөйлеу дағдысы.
- Сұрақтарға жауап беру қабілеті.