Зат есімнің қандай түрлерін өттік

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Сабақтың түрі

Ізденіс сабағы

Әдіс-тәсілдер

Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, слайдтар

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушылардың зат есім туралы білімін тексеріп, тиянақтау; сөйлем ішінен зат есімдерді тауып, оларға дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.

Дамытушылық

Зат есімнің ерекшеліктерін меңгере отырып, өздік жұмыс жасау және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, сауатты әрі таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың назарын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарды дайындау.

Психологиялық дайындық

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз — білім алу,

Міндетіміз — еңбектену.

Еңбектену арқылы «5»-ке қол жеткізу!

2) Қызығушылықты ояту

Жедел сұрақ-жауап

  • — Бұл не? — Бұл көз.
  • — Бұл не? — Бұл гүл.
  • Жылқы, тауық сөздеріне қандай сұрақ қоямыз?

Негізгі ұғым

«Не?» деген сұраққа жауап беретін сөз табы — зат есім.

Бұған дейін танысқан түрлері: жекеше және көпше.

Бүгін осы тақырыпты жалғастырып, жаттығулар арқылы бекітеміз.

3) Жаңа сабаққа кіріспе

Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.

Көркем жазу минуты: тақтадағы үлгі бойынша жазу.

Сюжеттік тапсырма: «Алтын қазынаға сапар»

Тақтадан арыстанды және басқа жануарлар мен құстарды көреміз. Олар бір аралда қарақшылардың қолында қамауда қалыпты. Табиғатта жануарлар мен құстар азайып, тіпті қалмай қалғандай әсер береді.

Жануарларды босату үшін қарақшылар алтын қазынаны сұрайды. Ол қазына Түркістан қаласында екен.

Карта көмегімен жолға шығамыз. Жол ұзақ, кедергілер көп, бірақ бәрін тапсырмаларды орындап жеңеміз.

4) Тапсырмалар маршруты

Әр қалада белгілі тұлғаның тапсырмасын орындаймыз. Әр тапсырмада жекеше және көпше түрдегі зат есімдерге назар аударамыз.

Ақтау қаласы

Ахмет Байтұрсыновтың тапсырмасы

1-жаттығу

Мәтінді оқы. Жекеше және көпше тұлғадағы зат есімдерді теріп жаз.

қайың ағаш гүлдері сырға бүршіктерінен дәрілер бұтақтарынан сыпырыш шеберлер жеміс-жидек себеттер ыдыстар

Ақтау → Орал

Ыбырай Алтынсариннің тапсырмасы

2-жаттығу

Өлеңді оқы. Зат есімдерді тауып, қай түріне жататынын анықта.

ел жал-құйрығы төлі құлын түйе бота

Ақтау → Орал → Петропавл

Талғат Мұсабаевтың тапсырмасы

3-жаттығу

Көп нүктенің орнына көптік жалғауын қойып, өлеңді көшіріп жаз.

Ай бетінен із кескен,
Жұлдыздармен тілдескен.
Кең әлемнің қойнынан
Құпиялар іздескен
Астроном ағалар!

Сергіту сәті

«Ғарышқа саяхат» тақырыбында интерактивті тақтадан бейнежазба көру.

Ақтау → Орал → Петропавл → Астана

Нұрсұлтан Назарбаевтың шығармашылық тапсырмасы

Шығармашылық

Суреттегі зат есімдерді тауып, оларды көпше түрде ата.

Ақтау → Орал → Петропавл → Астана → Семей

Абай Құнанбайұлының тапсырмасы

4-жаттығу

Сөйлемдерді оқы. Көптік жалғаулы сөздерді тап.

заттарын машиналары діңгектерді автокрандар балапандарын қамыстар жеңімпаздар жүлдегерлер

Ақтау → Орал → Петропавл → Астана → Семей → Алматы

Роза Рымбаеваның тапсырмасы

Сөзжұмбақ

Сөзжұмбақты шеш. Тігінен «зат есім» сөзі шығуы керек.

Сабақты қорытындылау

Біз Түркістанға да жақындадық. Енді бірнеше сұраққа жауап берсек, алтын қазына табылады.

  • Зат есім дегеніміз не?
  • Зат есімнің сұрақтары қандай?
  • Зат есімнің қандай түрлерін өттік?

«Алтын қазына» не болды?

Қазына — ақша.

Оны қарақшыларға беріп, жануарлар мен құстарды босатамыз.

Тәрбиелік түйін

Бұл әрекетіміз — жақсы іс.

Жануарлар мен құстар табиғат үшін де, адам үшін де пайдалы. Оларды қорғау — ортақ міндет.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

5-жаттығу, 156-бет. «Зат есім» тақырыбын қайталау.

Күнделігімізді ашайық,
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді
Ұмытпай, есте сақтап алайық.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігіне, жауаптарының толықтығына және жазу сауаттылығына қарай бағаланады.

Бағамыз «5» болсын,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім — көп бақыт,
Өсе берсін санамыз.