Шығарманың түрін ата
Ана тілінен ашық сабақ (4-сынып)
Тақырыбы
Аққу, шортан һәм шаян
Мақсаты
- Мәтінді дұрыс, мәнерлеп және түсініп оқып, мағынасын аша отырып сипаттай білуге үйрету.
- Оқушылардың ой-өрісін дамыту.
- Өзгені сыйлауға, бірлікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, назарын шоғырландыру.
II. Үй жұмысын тексеру
III. Өткенді пысықтау
- Ертеде қауын мен қарбыз қайда өскен?
- Қайырымды адамдар оларға кімді іздеу керектігін айтты?
- Қарбыз неге адамдардан тығылды?
- Қауын неге еркін өсті?
- Бұл мәтін шығарманың қай түріне жатады?
IV. Сергіту сәті
«Күз көрінісі» этюді.
Ұшты талдан жапырақ,
Аспанда жай шатырлап.
Сары көбелек секілді,
Тамшы жерге секірді.
V. Жаңа сабақ
а) Бейнелі жазуды оқу
Тақтадағы сөз: «Мысал». Мысал жанрының ерекшелігін талқылау.
ә) Автор туралы мәлімет
Мысал өлеңді орыстың ұлы жазушысы әрі мысалшы И. А. Крылов жазған.
Крылов шығармаларын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» атты кітап шығарған — Ахмет Байтұрсынов. Ол еңбегінде байлардың қыңыр мінезін, дүниеқоңыздықты, жалқаулық пен шаруаға қырсыздықты сынға алады.
А. Байтұрсынов — қоғам қайраткері, ақын, ағартушы-ғалым. Ол ана тіліміздегі тұңғыш әліппе «Оқу құралын» жазып, тіл білімі мен әдебиеттану терминдерін жүйелеуге зор үлес қосқан.
VI. Суретпен жұмыс
«Аққу, шортан һәм шаян» суреті бойынша әңгімелеу.
- Суретте не бейнеленген?
- Олар не істеп жатыр?
- Арба орнынан қозғалды ма? Неліктен?
- Себебін өз сөзіңмен түсіндір.
VII. Оқулықпен жұмыс
- а) Оқушының мәтінді дауыстап оқуы.
- ә) «Түртіп алу» әдісі бойынша жұмыс.
- б) Түсінбеген сөздер мен тұстар бойынша сұрақ қою.
- в) Мәтін мазмұнын қара сөзбен айтып беру.
VIII. Сөздікпен жұмыс
Ғибрат
Өнеге
Ынтымақ
Бірлік
IX. Ойын: «Кім жылдам?»
Сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру.
- Шығарманың түрін ата.
- Мысал кейіпкерлері қандай істі атқармақ болды?
- Істері неліктен нәтижесіз шықты?
- Мысалдан қандай сабақ алуға болады?
- Төртінші шумақты қалай түсінесің?
- Негізгі ой қандай?
X. Табиғат тамашалары
Аққу
- Ұзақ өмір сүреді.
- Ұшқанда 7 немесе 10 болып топтасып ұшады.
- Салмағы шамамен 12–13 кг.
- Ұясын қамыстан салады, диаметрі 120–150 см.
Шортан
- Жыртқыш балық.
- Ұзындығы 1 м-ге дейін, салмағы 16 кг-ға дейін жетеді.
- Еті дәмді болғандықтан, көп ауланады.
- Сәуір–мамырда тайыз өзендерге уылдырығын шашады.
Шаян
- Теңізде, тұщы суда және құрлықта да тіршілік етеді.
- Өлексемен және омыртқасыздармен қоректенеді.
- Толық түрленіп дамиды.
- 4000-нан астам түрі бар.
XI. Ойын: «Жалғасын тап»
Мақал-мәтелдерді толықтыру.
- Бірлік болмай, …
- Алтау ала болса, …
- Бірлік қылмай, …
- Бірлігі жоқ ел тозады, …
- Досы көпті жау алмайды, …
XII. Қорытындылау
Сабақтың түйіні — ынтымақ пен бірлік. Бір мақсатқа жұмылмай, әркім әр жаққа тартса, еңбек нәтижесіз болады. Мысалдағы оқиға оқушыларды келісімге келуге, өзара сыйластыққа және ортақ іске жауапкершілікпен қарауға жетелейді.
XIII. Үйге тапсырма
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Сөздіктегі сөздерді жаттау.