Қазақстанда индустрияландырудың басталуы
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Тақырып
Индустрияландыруға бағыт алу
Сынып
9-сынып (сыныпта 5 оқушы)
Сабақтың түрі
Әңгіме, диспут, ойын сабағы
Көрнекіліктер
- Қазақстанның және КСРО-ның карталары
- Ойынға арналған арнайы айналмалы стрелкасы бар ілме плакат
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушыларды Кеңес Одағы орнағаннан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру үдерісімен таныстыру.
Дамытушылық
Индустрияландыру жүргізілген жылдардағы қазақ халқының тұрмыс жағдайы, ауыртпалықтары мен кемшіліктері туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік
Оқушылар бойында адамгершілік пен ұлтжандылық сезімдерді қалыптастыру және дамыту.
Сабақтың құрылымы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар сабақтың мақсаты, өту тәртібі және жұмыс формаларымен таныстырылады.
2) Жаңа сабақ
Оқушыларға алдын ала үйден тақырыпты оқып келу және қысқаша хабарлама дайындау тапсырылған. Сабақ басында оқушылар өз хабарламаларын таныстырып, сол мазмұн аясында сыныпта сұрақ-жауап арқылы әңгіме-диспут жүргізіледі.
I хабарлама: Қазақстанда индустрияландырудың басталуы
талқылауҚазақстандағы индустрияландыру уақыт жағынан КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен тұстас келді және өте қиын жағдайда өтті. Халық шаруашылығын дамыту үшін мынадай бағыттар өзекті болды:
- Ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларын дамыту
- Шахталар мен кеніштерді толық іске қосу
- Жергілікті өнеркәсіп орындарының ескілерін қалпына келтіру және жаңаларын салу
- Теміржолдар мен техникалық байланыс құралдарын орнықтыру
Сыныпқа қойылатын сұрақ
Ф. И. Голощекин Қазақстанда қандай іс-әрекеттер жүргізді, және оның салдары қандай болды?
Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалғаннан кейін мұғалім жауаптарды толықтырады.
II хабарлама: Қазақстанда индустрияландырудың жүргізілуі
сұрақ-жауап1920-жылдардың соңы мен 1930-жылдардың басында КСРО Ғылым академиясы табиғи байлықтарды зерттеу үшін экспедициялар ұйымдастырды. Бұл зерттеулер мұнай, көмір және темір кен орындарын анықтауға ықпал етті. Осы кезеңде Қ. И. Сәтбаевтің еңбегі ерекше аталды. Сондай-ақ Түркістан–Сібір теміржолы салынды, жаңа кен орындары игеріліп, комбинаттар мен электр станциялары бой көтерді.
Сұрақ
Қ. И. Сәтбаевтің еңбегі қандай, және Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері неде болды?
Оқушылар жауаптарын ұсынады, мұғалім негізгі тұжырымдарды нақтылап, толықтырады.
3) Үй тапсырмасын қайталау
Үй тапсырмасы «Не? Қашан? Қайда?» ойыны негізінде өткізіледі. Оқушылар сұрақтарды айналмалы стрелканы бұрау арқылы таңдап, жауап береді.
Ойын сұрақтары
- 1.Қазақстанда Кеңес билігі қай жылы және қалай орнады?
- 2.Қазақстан аумағындағы азамат соғысы туралы баянда.
- 3.Азамат соғысының қорытындылары қандай болды?
- 4.Қазақ АКСР-інің құрылуы туралы айт.
- 5.1921–1922 жж. Қазақстан аумағын жайлаған аштықтың себептері мен салдары.
- 6.Қазақстандағы жер-су реформаларының барысы және нәтижесі.
- 7.Қазақстан комсомолдарының I съезі қай жылы өтті?
- 8.Қазақстанда 1921 жылы құрылған әйелдер қозғалысының мақсаттары қандай болды?
- 9.Қазақстанның астаналарын атаңдар.
- 10.Қазақ АКСР-ін құру туралы құжатқа кім және қашан қол қойды?
- 11.Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан.
- 12.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.
- 13.Көрермендер сұрағы (сабаққа қатысушы мұғалімдер сұрақ қояды).
- 14.Көрермендер сұрағы.
- 15.Қазақстан экономикасын индустрияландыру саясаты қай жылдары басталды?
- 16.Қазақстан экономикасын индустрияландырудың қандай жетістіктері болды?
- 17.Индустрияландырудың қандай кемшіліктері болды?
4) Қорытындылау, бағалау, үй тапсырмасы
Қорытындылау
Қорытынды сұрақтар «Не? Қайда? Қашан?» ойынының 15–17-сұрақтары негізінде қойылады.
Бағалау
Баға оқушылардың әңгіме-диспут барысындағы белсенділігі және ойын кезінде берген жауаптарының сапасына қарай қойылады.
Үйге тапсырма
Қазақстан экономикасын индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.